9 ҚАҢТАР, 2024 | СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ: 7 ҚАЗАН, 2024
ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
СОҢҒЫ МӘЛІМЕТ: ЕР БАУЫРЛАСТАР ТҮРМЕГЕ ҚАМАЛДЫ | Ехобадан ажырамауға бел буғандар
2024 жылдың 3 қазанында Қырым Республикасының Жоғарғы соты Юрий Геращенко мен Сергей Парфенович бауырластарға шығарған үкімін өзгертті. Оларға алғашқыда шартты түрде берілген 6 жылдық мерзім түрмеде өтелу керек 6 жылдық алмасты. Олар сот отырысында қамауға алынды.
2024 жылдың 1 шілдесінде Қырым Республикасының Красногвардейский аудандық соты Юрий Геращенко мен Сергей Парфенович бауырластарды айыпты деп тапты. Олардың әрқайсысы шартты түрде алты жылға сотталды, дәл қазір оларға түрмеде отырудың қажеті жоқ.
Қысқаша мағлұмат
Сергей мен Юрийді, сондай-ақ адалдық сақтап жүрген басқа да бауырластарды Ехоба қолдап-қорғайтынына және “қанатының көлеңкесінде саялататынына” сенімдіміз (Зәбүр 17:7, 8).
Істің барысы
19 қыркүйек, 2022
Сергейге қарсы қылмыстық іс қозғалды
28 қыркүйек, 2022
ФСБ қызметкерлері Сергейдің үйімен қоса 7 бауырластың үйін тінтіді. Оны уақытша ұстау изоляторына әкетті
30 қыркүйек, 2022
Сергей уақытша тергеу изоляторына жабылды
15 қараша, 2022
Сергей тергеу изоляторынан босатылып, үй қамауына жіберілді
22 наурыз, 2023
Юрийге қарсы қылмыстық іс қозғалды. Ол тұтқындалып, тергеліп, уақытша ұстау изоляторына әкетілді
24 наурыз, 2023
Юрий тергеу изоляторынан босатылып, үй қамауына жіберілді
12 шілде, 2023
Сергей мен Юрий үй қамауынан босатылды. Жүріп-тұру еркіндіктері шектелді
28 шілде, 2023
Қылмыстық сот ісі басталды. Прокурор Сергей мен Юрийге “қылмыстық іспен айналысты және қауіпті уағыз ісін жүргізді” деген айып тақты. Екеуін де еш негізсіз екінші рет үй қамауына жапты