Мазмұнға өту

Александр Николаев бауырлас бостандыққа шыққаннан кейін әйелі Евгения, бес баласы және әйелінің анасымен қайта қауышты

21 ҚЫРКҮЙЕК, 2023
РЕСЕЙ

Александр Николаев бауырлас Ресейдегі түрмеден босатылды

Александр Николаев бауырлас Ресейдегі түрмеден босатылды

19 қыркүйек 2023 жылы Александр Николаев бауырлас Ресейдегі түрмеден босатылды. Ол темір тордың ар жағында шамамен 2 жылдай отырды. Бостандыққа шыққан соң, Александрды бір сенімдегі бауырластары, әйелі Евгения мен бес баласы күтіп алды.

2021 жылдың басында ФСБ қызметкерлері мен полиция қызметкерлері Николайдың үйінде тінту жүргізген болатын. Александр отбасымен, достарымен Киелі кітап жайлы сөйлескені үшін “қылмыс” жасады деген айып тағылды.

Тұтқынға алынбас бұрын Александр бауырлас адалдық сақтауға не көмектескенін айтты. “Адам алдындағы қорқыныш, белгісіздік санаңды тұмшалап, дұрыс ойлануға кедергі жасайды екен. Сондықтан осындай сезімдерді санама жолатпауға тырысатын болдым. Ехобаға толықтай сенім арту үшін оған дұға айтамын. Ехоба менің дұғама жауап беріп, мені нығайтады“,— дейді ол.

Александр бауырласымыздың бостандыққа шыққанына, отбасымен қайта оралғанына біз де шын жүректен қуаныштымыз. Расында да, әділетсіздік көрсе де, сенім мен батылдық танытып жүрген адал қызметшілерінен Ехоба “рақат табады” (Зәбүр 149:4).