Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

ТӨРТКІЛ ДҮНИЕГЕ САЯХАТ

Лихтенштейн

Лихтенштейн

Лихтенштейн — Швейцария мен Австрияның ортасында, Альпі тауларының бөктерінде орналасқан ел. Бұл — жержүзіндегі ең шағын мемлекеттердің бірі. Мұнда ғасырлар бойы кельт, реция, роман, алеман тайпалары өмір кешкен. Бүгінде Лихтенштейн халқының 2/3 бөлігін 1500 жылдай бұрын осында қоныс тепкен алеман тайпасының ұрпақтары құрап отыр.

Бұл елдің мемлекеттік тілі — неміс тілі. Сондай-ақ әр ауыл тұрғындарының өз диалектісі бар. Ұлттық тағамдары — дәнді-дақылдардан жасалатын tüarka-rebel (туарка-ребел) және макарон мен ерітілген ірімшіктен тұратын käsknöpfle (каскнопфле).

Käsknöpfle

Көздің жауын алатын ұлттық киімі

Лихтенштейнге келген қонақтар шыңынан қар кетпес тауларды, жасыл кілемге оранған жазықтарды, жайқалған жүзімдіктерді тамашалап, сан түрлі көкөністен дәм татады. Альпінің бір жапырақ жерін алып жатқан осы елде жабайы орхидеяның 50 түрі кездеседі. Cондай-ақ Лихтенштейнде мұражайлар, театрлар және шарап зауыттары бар. Сондықтан қысы-жазы бұл елге туристер ағылып келіп жатады.

Ехоба куәгерлері бұл елде 1920 жылдардан бері бар. Бүгінде мұнда 90-ға жуық Куәгер жергілікті тұрғындар мен қонақтарға Киелі жазбалардан тәлім беріп жүр.