Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫП | ҚҰДАЙ ПАТШАЛЫҒЫ СІЗ ҮШІН НЕ ІСТЕЙДІ?

Құдай Патшалығы сіз үшін неге маңызды болу керек?

Құдай Патшалығы сіз үшін неге маңызды болу керек?

Алдыңғы мақалалардан білгеніңіздей, Ехоба куәгерлері Құдай Патшалығына көп мән береді. Құдайдың осы Патшалық арқылы жүзеге асыратын уәделерінің кейбірі сізді қызықтырған болар. Дегенмен олар шынымен орындалатындай тым керемет болып көрінген шығар.

Естіген нәрсенің бәріне сене салмай, парасатты болғаныңыз да дұрыс (Нақыл сөздер 14:15). Бұл жағынан ежелгі Берея * қаласының тұрғындары жақсы үлгі көрсеткен. Береялықтар Патшалық туралы ізгі хабарды алғаш естігенде-ақ қабыл алған. Бірақ бұған түрткі болған тек жүректерінің қалауы емес еді. Олар Киелі жазбаларды мұқият зерттеп, ізгі хабардың “растығына көздерін жеткізген” (Елшілердің істері 17:11). Басқа сөзбен айтқанда, береялықтар естіген ізгі хабарды Киелі жазбалармен салыстырып, оның түгелімен Құдай Сөзіне негізделгеніне сенімді болған.

Ехоба куәгерлері сізді де осылай істеуге шақырады. Құдай Патшалығы туралы жарияланып жүрген осы ізгі хабарды Киелі кітаптың ілімдерімен салыстыра алуыңыз үшін, біз сізге Киелі кітапты ақысыз зерттеу сабағын ұсынамыз.

Киелі кітапты зерттеудің арқасында сіз Құдай Патшалығы туралы және басқа да маңызды сұрақтардың жауабын біле аласыз. Мысалы:

Ең бастысы, Киелі кітапты зерттегеніңіз “Құдайға жақындауға” көмектеседі (Жақып 4:8). Ал Құдайға жақындаған сайын, Патшалықтың сіз үшін қазір не істеп жатқанын және болашақта не істейтінін біле түсесіз. Өйткені Иса пайғамбардың өзі Әкесіне дұға етіп: “Мәңгілік өмірге ие болу үшін өзің, яғни жалғыз шынайы Құдай және өзің жіберген Иса Мәсіх туралы білім ала беру керек”,— деген (Жохан 17:3).

 

^ Берея ежелгі Македонияның қаласы болған.