Абақұқ 2:1—20

  • Не айтатынын көру үшін сергек боламын (1)

  • Ехобаның пайғамбарға берген жауабы (2—20)

    • Аянның орындалуын шыдамдылықпен күт (3)

    • Әділ адалдығының арқасында өмір сүреді (4)

    • Халдейлерге айтылған бес қасірет (6—20)

      • Жер беті Ехоба жайлы білімге толы болады (14)

2  Мен күзет орнымда дайын тұрамын+,Қорғанның үстіне шығамын,Оның мен арқылы не айтатынын көру үшін,Мені түзеткенде, қалай жауап беретінімді білу үшін сергек боламын.   Ехоба маған былай деп жауап қатты: “Бұл аянды тақташаларға анық етіп жазып қой+,Дауыстап оқитын адам оны оңай оқи алсын+.   Себебі бұл аянның орындалатын* уақыты бар,Сол уақыт жылдам жақындап келеді,Ол өтірік болып шықпайды. Тіпті кідіргендей көрінсе де, оны күт*+! Ол міндетті түрде орындалады. Еш кешікпейді!   Кеудесін керген адамға қарашы,Оның жан дүниесі бұзылған. Ал әділ адам адалдығының* арқасында өмір сүреді+.   Расында да, шарап опасыз болғандықтан,Тәкаппар адам мақсатына жетпейді. Оның араны көр* сияқты кеңінен ашық. Ол өлім сияқты тойымсыз. Өзіне барлық ұлттарды жинауда,Күллі халықтарды қолға түсіруде+.   Солардың бәрі оған қарсы нақылдап+,Астарлап, жұмбақтап сөйлемей ме? Олар былай дейтін болады: “Өзіне тиесілі емес дүниені қашанғы жинай бермек? Ол қасіретке қалады, себебі өзінің қарызын көбейтуде!   Қарыз берушілерің кенеттен саған қарсы көтерілмей ме? Олар оянып, аяусыз жұлқылап,Сені талан-таражға салады+.   Сен көптеген халықтарды тонағандықтан,Солардан қалған адамдар өзіңді тонайтын болады+. Өйткені адам қанын төктің,Жерге қиянат жасадың,Қалаларды тұрғындарымен қоса ойрандадың+.   Апаттан құтылу үшін,Ұясын қияға салмақ болып,Үйіне арам пайда әкелетін адам қасіретке қалады! 10  Өз үйіңді масқара ететін іс ойластырдың. Көптеген халықтарды қырып, өз жаныңа қарсы күнә жасадың+. 11  Қабырғадағы тас айқай салады,Төбедегі белағаш оған жауап қатады. 12  Қантөгіспен қала тұрғызған,Әділетсіздікпен қала соққан адам қасіретке қалады! 13  Халықтардың отқа жағу үшін ауыр еңбектенетіні,Ұлттардың өз-өздерін босқа шаршататыныӘскербасы Ехобадан емес пе+? 14  Теңіздің суға толы болғанындай,Жер беті де Ехобаның даңқы жайлы білімге толы болады+. 15  Мас қылып, жалаңаш тәнін көру үшін,Ішімдікке ашу мен қаһар қосып,Жолдастарына беретін адам қасіретке қалады! 16  Сен атақ-даңққа емес, масқаралыққа батасың. Сен де ішіп, сүндеттелмеген* күйіңді көрсет. Ехобаның оң қолындағы шарапқа толы тостаған саған да жетіп+,Атақ-даңқың масқаралықтың астында қалады. 17  Ливанға жасаған зорлығың өз басыңа келеді,Қырып-жойып, аңдарды шошытқаның өз басыңа түседі. Өйткені адам қанын төктің, жерге қиянат жасадың,Қалаларды тұрғындарымен қоса ойрандадың+. 18  Тәңір бейнесінен не пайда,Оны ойып жасаған жай пенде емес пе? Темір мүсіннен, жалған тәлімгерден не пайда? Адамның сөйлей алмайтын пайдасыз пұт жасап,Оған сенім артқанынан не пайда+? 19  Ағашқа: “Оян!”— дейтін,Мылқау тасқа: “Оян! Бізге тәлім бер!”— дейтін адам қасіретке қалады. Алтын-күміспен қапталғанмен+, оның бойында демі жоқ+. 20  Ал Ехоба өзінің киелі ғибадатханасында+. Бүкіл жер беті, оның алдында үн шығарма+!”

Сілтемелер

Немесе “белгіленген”.
Немесе “шыдаммен күт; қатты күт”.
Мүмкін: “сенімінің”.
Еврейше “шеол”. Түсіндірмені қараңыз.
Мүмкін: “теңселген”.