Амос 1:1—15

  • Амостың Ехобадан хабар алуы (1, 2)

  • Қайта-қайта бүлік шығарғандарға үкім (3—15)

1  Текоядан+ шыққан қой бағушы Амостың* сөздері. Мұны ол Яһуда патшасы Ұзиях+ пен Исраил патшасы Жоғаш+ ұлы Еробоғамның+ күндерінде, жер сілкінісінен+ екі жыл бұрын, Исраил туралы аян көргенде алған болатын.  Ол былай деді: “Ехоба* Сионнан арыстандай ақыратын болады,Иерусалимнен оның даусы шығады. Қойшылардың жайылымдары қайғырады,Кармилдің төбесі де құрғап қалады+”.   “Ехоба мынаны айтады: —Дамаскінің үш, тіпті төрт бүлігі* үшін үкімімді өзгертпеймін,Өйткені олар Ғалақатты темір астық бастырғышпен бастырды+.   Сол себепті мен Хазаелдің+ үйіне от жіберемін,Ол Бен-Хададтың бекініс мұнараларын жалмап қояды+.   Дамаскінің+ қақпа ысырмаларын сындырамын,Биқат-Әбеннің тұрғындарын жоямын,Бет-Еденде билік етушінің көзін құртамын,Сирияның халқы Кирге жер аударылады+,— дейді Ехоба.   Ехоба мынаны айтады: —Газаның+ үш, тіпті төрт бүлігі үшін үкімімді өзгертпеймін,Өйткені олар күллі халықты тұтқынға алып+,Едомның қолына берді.   Сол себептен Газаның қабырғаларына от жіберемін+,Ол бекініс мұнараларын жалмап қояды.   Азоттың тұрғындарын жоямын+,Ашкелонда билік етушінің көзін құртамын+. Қолымды Екронға қарсы көтеріп, жазалаймын+,Філістірлердің аман қалғандары құриды+,— дейді Әлемнің Әміршісі Ехоба.   Ехоба мынаны айтады: —Тирдің+ үш, тіпті төрт бүлігі үшін үкімімді өзгертпеймін,Өйткені олар тұтқындардың бәрін Едомның қолына берді,Олар бауырластық келісімді естеріне де алмады+. 10  Сол себептен Тирдің қабырғаларына от жіберемін,Ол бекініс мұнараларын жалмап қояды+. 11  Ехоба мынаны айтады: —Едомның+ үш, тіпті төрт бүлігі үшін үкімімді өзгертпеймін,Өйткені ол семсер ұстап, өз бауырының соңынан қуды+,Еш рақымшылық көрсетпеді,Ашу үстінде оларды аяусыз паршалауда,Оларға деген ашу-ызасы қайтар емес+. 12  Сол себептен Теманға+ от жіберемін,Ол Босраның+ бекініс мұнараларын жалмап қояды. 13  Ехоба мынаны айтады: —Аммондықтардың+ үш, тіпті төрт бүлігі үшін үкімімді өзгертпеймін,Өйткені олар өз аймағын кеңейту үшін+ Ғалақаттағы жүкті әйелдердің ішін жарды. 14  Сол себептен Раббаның қабырғаларына от қоямын+,Ол бекініс мұнараларын жалмап қояды,Шайқас күні атой салған дауыстар естіледі,Дауыл күні алай-түлей болады. 15  Олардың патшасы әміршілерімен бірге жер аударылып кетеді+,— дейді Ехоба.

Сілтемелер

Мағынасы “жүк болу” не “жүк көтеру”.
Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.
Немесе “қылмысы”.