Билер 5:1—31

  • Дебора мен Барақтың жеңіс әні (1—31)

    • Жұлдыздар Сисарамен соғысты (20)

    • Жауды Қишонның суы шайып кетті (21)

    • Ехобаны сүйетіндер күндей жарқырайды (31)

5  Сол күні Дебора+ мен Әбинағұм ұлы Барақ+ былай деп ән шырқады+:   “Исраилдіктер өз антында тұрғаны үшін*,Жұрт өз еркімен соғысқа аттанғаны үшін+Ехобаны мадақтаңдар!   Патшалар, тыңдаңдар! Басшылар, құлақ түріңдер! Мен Ехобаға ән шырқаймын, Исраилдің Құдайы+ Ехобаның атын әнге қосамын+.   Ехоба, сен Сейірден+ шыққанда,Едом жерінен аттанғанда,Жер шайқалып кетті, аспаннан су,Иә, бұлттардан жаңбыр құйылды.   Ехобаның алдында таулар да,Исраилдің Құдайы Ехобаның+ алдында тіпті Синай да балқыды*+.   Анат ұлы Шамғардың+ заманында,Жаелдің+ заманында жолдар қаңырап бос қалды,Жүргіншілер соқпақ жолдарға түсті.   Мен, Дебора+, келмей тұрғанымда,Исраилдің анасы ретінде келмей тұрғанымда+,Исраилдегі ауылдарда ешкім қалмады.   Олар өздеріне жаңа құдайлар таңдап алды+,Сонда қақпа алдында соғыс болды+. Исраилдегі 40 000 азаматтыңҚалқаны да, найзасы да жоқ еді.   Менің жүрегім Исраил басшыларымен бірге+,Халық арасынан өз еркімен шыққан басшылармен бірге+. Ехобаны мадақтаңдар! 10  Жирен есекке мінгендер,Қымбат кілемдерде отырғандар,Жол үстінде жүргендер,Мына жайлы ойланыңдар: 11  Құдық басынан мал суарушылардың даусы естілді.Олар сол жерде Ехобаның әділ істері туралы,Исраил ауылдарында тұратын халқының әділ істері туралы айтып жатты. Сол кезде Ехобаның халқы қақпа алдына ылдилады. 12  Оян, оян, Дебора+! Оян, оян да, ән шырқа+! Түрегел, Барақ+! Тұтқындарыңды алып кет, Әбинағұм ұлы! 13  Сол кезде аман қалғандар ұлықтарға келді;Ехобаның халқы күштілерге қарсы шығу үшін маған келді. 14  Жазықтан келгендер ефрем руынан шыққандар еді,О, Бениямин, олар саған, сенің әскеріңе ерді. Махир+ ұрпағынан басшылар,Ал забулон руынан әскерге жинайтындар* келді. 15  Исахар бекзадаларының Деборамен бірге болғанындай,Барақ+ та онымен бірге болды. Ол аңғарға жаяу барды+. Ал Рубен тармақтарының ойлары мың құбылды. 16  Қоржынның екі басының арасында не үшін отырдың?Қойшылардың сырнай тартқанын тыңдау үшін бе+? Рубен тармақтарының ойлары мың құбылды. 17  Ғалақат Иорданның арғы бетінде қалды+.Ал Дан неге кемелерінде тұра берді+? Ашир қол қусырып теңіз жағасында отырды,Кемежайларынан тапжылмады+. 18  Забулон халқы болса жанын аямай басын қатерге тікті.Даладағы қыраттарда тұратын Нафталим де солай етті+. 19  Патшалар келді де, соғысты,Қанахан патшалары Мегиддо+ суларының бойындағы Танақта шайқасты+. Олар күмістен құралақан қалды+. 20  Көктен жұлдыздар соғысты,Сисараға қарсы олар көктің өзінен* соғысты. 21  Жауды Қишонның суы,Ежелгі Қишонның суы шайып кетті+. Мен мықтыларды аяқ астына салып ездім. 22  Сонда жұлқына алға ұмтылған айғырларыТұяқтарымен жерді таптады+. 23  Ехобаның періштесі: —Мерозды қарғаңдар!Оның тұрғындарын қарғаңдар!Себебі олар Ехобаны қолдауға келмеді,Мықтылармен бірге Ехобаға қолғабыс етпеді,— деді. 24  Әйелдер арасында кендік Хебердің+ әйелі Жаел+ барынша жарылқанған,Шатырларда тұратын әйелдер арасында ол — барынша жарылқанған әйел. 25  Су сұрағанға ол сүт берді; Ұлықтардың үлкен тостағымен қаймағын ұсынды+. 26  Ол шатырдың қазығына қолын созды,Оң қолына жұмысшының балғасын алды да, Сисараны ұрып, басын жарды.Самайынан ұрып, тесіп жіберді+. 27  Сисара Жаелдің аяғына сұлап түсіп, сонда жатты;Аяғына сұлап түсіп, сонда жатты.Құлаған жерінде, сеспей қатты. 28  Бір әйел терезеге қарап, оның жолын тосты,Сисараның анасы терезенің торынан қарап:—Оның арбасы неге кешігіп жатыр? Арбаларының сатыры неге естілмейді?— деп сұрады+. 29  Оған беделді әйелдердің ең ақылдылары жауап берер,Өзі де былай дер: 30  “Олар олжа бөлісіп жатқан болар,Әр еркекке бір қыздан, тіпті қос-қос қыздан тиер.Сисара түрлі түсті матаны олжа етер, иә, түрлі түсті матаны;Олжаға батқандардың әрқайсысы кестелі шапаннан, түрлі түсті матадан иықтарына ілер,Иә, әрқайсысы екі кестелі шапаннан иықтарына ілер”. 31  Уа, Ехоба, жауларыңның бәрі жер құшсын+!Ал өзіңді сүйетіндер шыққан күндей жарқырасын!” Содан бұл жер 40 жыл соғыстан тыным тапты+.

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “шаштарын жайғаны үшін”. Бұл — ант берудің белгісі.
Мүмкін: “сілкінді”.
Мүмкін: “хатшы құралын ұстағандар”. Мұнда сарбаздарды санап, тіркейтін адамдар жайында айтылып тұр.
Немесе “өз орбиталарынан”.