Езра 7:1—28

  • Езраның Иерусалимге келуі (1—10)

  • Артаксеркстің Езраға берген хаты (11—26)

  • Езраның Ехобаны мадақтауы (27, 28)

7  Осы жайттардан кейін, Персия патшасы Артаксеркстің+ тұсында, Езра*+ Бабылдан оралды. Ол Сераяхтың+ ұлы, Сераях Азарияхтың, Азариях Хелкияның+,  Хелкия Шалумның, Шалум Садықтың, Садық Ахитұптың,  Ахитұп Амарияхтың, Амариях Азарияхтың+, Азариях Мераяттың,  Мераят Зарақияның, Зарақия Ұзидың, Ұзи Бүкейдің,  Бүкей Әбішуаның, Әбішуа Пінехестің+, Пінехес Елазардың+, ал Елазар жоғарғы діни қызметкер Харонның+ ұлы еді.  Бабылдан оралған Езра Исраилдің Құдайы Ехоба берген Мұса Заңын жетік білетін* көшірмеші болатын+. Патша оған сұрағандарының бәрін берді, өйткені Ехоба Құдайы оған жар болды.  Содан Артаксеркс патшаның билік құруының жетінші жылы кейбір исраилдіктер, діни қызметкерлер, леуіліктер+, әншілер+, қақпа күзетшілері+ мен ғибадатхана қызметшілері*+ Иерусалимге жол тартты.  Езра Иерусалимге сол жетінші жылдың бесінші айында келді.  Ол Бабылдан бірінші айдың бірінші күні шығып, Құдайы оған жар болғандықтан, Иерусалимге бесінші айдың бірінші күні келіп жетті+. 10  Езра Ехобаның Заңын зерттеп, оны орындауға+ және ондағы нұсқаулар мен шешімдерді Исраилде үйретуге+ өз жүрегін дайындаған* болатын. 11  Ехобаның Исраилге берген заңдары мен нұсқауларын жетік білетін* көшірмеші әрі діни қызметкер Езраға Артаксеркс патшаның берген хатының көшірмесі мынау: 12  * “Патшалардың патшасы Артаксеркстен+ көктегі Құдайдың Заңының көшірмешісі әрі діни қызметкер Езраға. Саған амандық пен тыныштық тілеймін! 13  Мен патшалығымдағы Исраил халқының ішінен, олардың діни қызметкерлері мен леуіліктерінің арасынан кім сенімен бірге Иерусалимге барғысы келсе, барсын деп бұйырамын+. 14  Патша мен оның жеті уәзірі сені қолыңдағы Құдай Заңы Яһуда мен Иерусалимде орындалып жатыр ма, жоқ па — соны тексерсін деп жіберіп отыр. 15  Сондай-ақ патша мен оның уәзірлерінің Иерусалимді тұрағы еткен Исраил Құдайына өз еріктерімен берген алтын-күмістерін, 16  өзің Бабылға бағынышты аймақтардан жинаған алтын-күмісті, халықтың және діни қызметкерлердің Иерусалимдегі Құдайларының үйіне берген ерікті сый-тартуларын алып бар+. 17  Қолыңдағы осы қаражатқа дереу бұқалар+, қошқарлар+, тоқтылар+, астық және сұйық тартулар+ сатып ал да, оларды Иерусалимдегі Құдайыңның үйіндегі құрбандық ошағында ұсын. 18  Қалған алтын-күмісті, Құдайларыңның еркіне сай, өзің және бауырларың дұрыс деп тапқан нәрсеге жаратыңдар. 19  Сонымен қатар Құдайыңның үйіндегі қызметте қолданылу үшін өзіңе берілген ыдыстарды түгел Иерусалимге жеткізіп, Құдайдың алдына қой+. 20  Құдайыңның үйіне беруің керек басқа да қажетті нәрселерді патша қазынасынан ал+. 21  Мен, Артаксеркс патша, Евфраттың батыс өлкесіндегі барлық қазынашыға діни қызметкер әрі көктегі Құдайдың Заңының көшірмешісі Езра+ не сұраса, соның бәрін дереу беруді әмір етемін. 22  Оған 100 талантқа* дейін күміс, 100 корге* дейін бидай, 100 батқа* дейін шарап+, 100 батқа дейін май+ және қажетінше тұз+ беріңдер. 23  Патшалыққа және патша ұлдарына Құдайдың қаһары төгілмес үшін+, көктегі Құдай өз үйіне қатысты не бұйырса, соның бәрі зор ынтамен істелсін+. 24  Сондай-ақ діни қызметкерлер, леуіліктер, түрлі аспаптарда ойнайтындар+, қақпа күзетшілері, ғибадатхана қызметшілері+ мен Құдай үйінде жұмыс істейтіндердің ешқайсысынан алым-салық+ не баж салығы алынбасын. 25  Ал сен, Езра, Құдайыңның өзіңе дарытқан даналығымен заң қызметкерлерін және билерді тағайында. Олар Евфраттың батыс өлкесіндегі халыққа, Құдайыңның заңдарын білетіндердің бәріне, сот жүргізсін. Ал білмейтіндеріне сол заңдарды үйретіңдер+. 26  Құдайыңның Заңын және патшаның заңын орындамаған әркім тез арада лайықты жазасын тартсын. Атап айтқанда, өлімге кесілсін, жер аударылсын, айыппұл төлесін не түрмеге қамалсын”. 27  Патшаның жүрегіне қозғау салып, Иерусалимдегі Ехобаның үйін сән-салтанатқа бөлеуге талпындырған ата-бабаларымыздың Құдайы Ехоба мадақталсын+! 28  Ол маған патшаның, оның уәзірлері+ мен күллі қуатты әміршілерінің алдында айнымас сүйіспеншілік танытты+. Ехоба Құдайым маған жар болғандықтан, батылдыққа ие болып, Исраилдің басшыларын өзіммен ертіп алу үшін жинадым.

Сілтемелер

Мағынасы “көмек”.
Немесе “шебер”.
Немесе “нетиндер”. Сөзбе-сөз “берілгендер”.
Немесе “жүрегінде бекінген”.
Немесе “сөздерді көшіретін”.
Езр 7:12—26 тармақтар түпнұсқада арамей тілінде жазылған.
1 талант 34,2 кг-ға тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
1 бат 22 л-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.
1 кор 220 л-ге тең. Ә14 қосымшасын қараңыз.