Естер 2:1—23

  • Жаңа патшайымның іздестірілуі (1—14)

  • Естердің патшайым болуы (15—20)

  • Мардохайдың қастандықты әшкере етуі (21—23)

2  Осы жайттан кейін Ахашвероштың+ ашуы тарқап, Астиннің не істегенін+ және оған қатысты қандай шешім шығарылғанын есіне алды+.  Сонда патшаның жеке қызметшілері былай деді: “Патша үшін жас әрі сұлу қыздар іздестірілсін.  Патша өзіне бағынышты аймақтардың+ бәрінде кісілер тағайындасын. Олар сұлу жас қыздарды Сузыдағы патша бекінісіне, әйелдер үйіне*, алып келсін. Қыздар патшаның әтек қызметшісі* әрі әйелдердің қараушысы Хегайдың қарауына берілсін+. Сол жерде олар иісмаймен сылап-сипалсын.  Солардың ішінен патшаға ұнаған қыз Астиннің орнына патшайым болады+”. Бұл ұсыныс патшаның көңіліне жағып, ол тап солай істетті.  Сузы+ бекінісінде бениямин+ руынан шыққан Мардохай+ есімді бір яһуди кісі тұратын. Ол Жайырдың, Жайыр Шимейдің, ал Шимей Қиштың ұрпағы еді.  Кезінде ол Бабыл патшасы Навуходоносор Иерусалимнен Яһуда патшасы Ехониямен+ бірге жер аударып әкеткен халықтың арасында болған.  Мардохай әкесінің бауырының қызы Хадассаның*, яғни Естердің, қамқоршысы болатын+, өйткені оның әке-шешесі жоқ еді. Естер дене бітімі келіскен, сұлу қыз болды. Әке-шешесі қайтыс болған соң, Мардохай оны асырап алып, өз қызындай бағып-қақты.  Патшаның жарлығы мен заңы жарияланғанда, көптеген жас қыздар Сузыдағы бекініске әкелініп, Хегайдың қарамағына берілді+. Естер де патша сарайына әкелініп, әйелдердің қараушысы Хегайдың қолына тапсырылды.  Естер Хегайға ұнап, оның ықыласына* ие болды. Сондықтан ол бірден қызды иісмаймен сылап-сипауды+ және оған арнайы тағамдар беруді тапсырды. Сондай-ақ патшаның сарайынан жеті қыз таңдап, оның жанына қосып берді. Сөйтіп, оны қызметші қыздармен бірге әйелдер үйіндегі ең жақсы орынға көшірді. 10  Естер өз халқы туралы да+, туыстары жайлы да ешкімге тіс жармады, себебі Мардохай+ солай деп бұйырған еді+. 11  Мардохай Естердің жағдайын, онымен не болып жатқанын білу үшін, күн сайын әйелдер үйінің ауласының маңында әрі-бері жүретін. 12  Әрбір қыз өз кезегімен Ахашверош патшаның алдына кірмес бұрын, оған әйелдерге арналған 12 айлық сылап-сипау шаралары жасалатын, яғни алты ай мүр+, алты ай бальзам майы+ мен басқа да иісмайлар жағылатын. 13  Қыз патшаның алдына кіруге дайын болып, әйелдер үйінен патша сарайына барарда, оған сұраған нәрсесі берілетін. 14  Ол патшаға кешкісін кіріп, таңертең әйелдерге арналған екінші үйге баратын. Бұл үй патшаның әтек қызметшісі әрі кәнизактардың қараушысы Шағашқаздың қарамағында болатын+. Патша қызды ерекше ұнатып, атын атап шақырмайынша, ол патшаның алдына қайтып кірмейтін+. 15  Мардохайдың ағасы Әбихаилдің қызы, Мардохай асырап алған Естердің+ патша алдына кіретін кезегі келгенде, ол патшаның әтек қызметшісі әрі әйелдердің қараушысы Хегайдың айтқан нәрселерінен басқа ештеңе сұрамады. (Көргендердің бәрі Естерді ұнатып жатты). 16  Естер Ахашверош патшаның сарайына оның билік құруының жетінші жылының+ оныншы айында, яғни тебет* айында, апарылды. 17  Патша басқа қыздардан гөрі Естерді қатты ұнатты. Естер басқа қыздарға қарағанда оның көңілінен шығып, ықыласына* бөленді. Сондықтан ол Естердің басына патшайымның баскиімін кигізіп, Астиннің орнына тағайындады+. 18  Сосын патша Естердің құрметіне күллі әміршісі мен қызметшілерін шақырып, үлкен той жасады. Ол өзіне бағынышты аймақтар бойынша қамаудағыларды босатуды* жариялады, сондай-ақ өз байлығына лайықты сый-тартулар үлестірді. 19  Қыздарды+ екінші рет жинағанда, Мардохай патша сарайының қақпасының алдында отырған еді. 20  Естер, Мардохай бұйырғандай, өзінің туыстары жайлы да, халқы туралы+ да ешкімге айтпады. Ол Мардохайдың қолында тұрған кездегідей, оның айтқанын бұлжытпай орындай берді+. 21  Мардохай патша сарайының қақпасында отырған күндері патшаның екі сарай қызметкері, Бектан мен Тереш деген қақпа күзетшілері, патшаға ашуланып, оны өлтіруді ойластырды. 22  Мұны Мардохай біліп қойып, дереу Естер патшайымға хабарлады. Ал Естер бұл жайтты Мардохайдың атынан патшаға жеткізді. 23  Бұл іс тексеріліп, растығы анықталды да, әлгі екеуі бағанаға ілінді. Сөйтіп, осы оқиға патшаның көзінше жылнама кітабына түгел жазылып қойылды+.

Сілтемелер

Немесе “гаремге”.
Еврейдің бұл сөзі піштірілген адамға нұсқайды.
Мағынасы “мирта гүлі”.
Немесе “айнымас сүйіспеншілігіне”.
Немесе “айнымас сүйіспеншілігіне”.
Немесе “жұртты салықтан босату”. Бұл тіркестің нақты мағынасы белгісіз.