Жохан 16:1—33

  • Исаның шәкірттері өлтірілуі мүмкін (1—4а)

  • Киелі рухтың көмегі (4ә—16)

  • Шәкірттердің қайғысы қуанышқа айналады (17—24)

  • Иса осы дүниені жеңіп шықты (25—33)

16  Бұларды сендер шалыс қадам жасамасын* деп айтып отырмын.  Жұрт сендерді мәжілісханадан шығарып жібереді+. Сондай-ақ сендерді өлтіретін әркім Құдайға қасиетті қызмет атқарып жатырмын деп ойлайтын уақыт келеді+.  Олар мұны Әкені де, мені де білмегендіктен істейді+.  Сол уақыт келгенде, осы айтқандарымды еске алуларың үшін алдын ала айтып отырмын+. Бастапқыда бұларды айтқан жоқпын, себебі өздеріңмен бірге болдым.  Енді өзімді жібергенге кетіп барамын+, бірақ ешқайсысың менен: “Қайда барасың?”— деп сұрамайсың.  Алайда осыларды айтқандықтан жүректерің қайғыға толды+.  Сендерге шындықты айтып тұрмын, мен сендердің игіліктерің үшін кетіп барамын. Егер кетпесем, көмекші+ келмейді, ал кетсем, оны сендерге жіберемін.  Ол келгенде, осы дүниеге күнәнің, әділдіктің* және Құдай сотының не екенін анық көрсетеді:  алдымен, күнәнің не екенін көрсетеді+, өйткені олар маған сенбеді+; 10  сосын, әділдіктің не екенін көрсетеді, себебі мен Әкеме бара жатырмын, ал сендер мені бұдан былай көрмейсіңдер; 11  содан кейін Құдай сотының не екенін көрсетеді, өйткені осы дүниенің билеушісі сотталды+. 12  Сендерге айтарым әлі де көп, бірақ қазір оларды түсіне алмайсыңдар. 13  Алайда ол*, шындықты ашатын киелі рух+, келгенде, шындықты толық түсінулерің үшін бағыт береді. Себебі ол өз бетінше сөйлемейді, қайта, естігенін айтады және алда болатын жайттарды білдіреді+. 14  Ол мені даңқтайды+, өйткені менен қабылдағанын сендерге жариялайды+. 15  Әкемдікінің бәрі — менікі+. Сондықтан да “ол менен қабылдағанын сендерге жариялайды” дедім. 16  Аз уақыттан кейін мені көрмейсіңдер+, тағы аз уақыттан кейін қайта көресіңдер”. 17  Сонда кейбір шәкірттері былай десті: “Аз уақыттан кейін мені көрмейсіңдер, тағы аз уақыттан кейін қайта көресіңдер” және “себебі мен Әкеме бара жатырмын” дегені несі?” 18  Олар: “Оның “аз уақыттан кейін” дегені нені білдіреді? Не айтып тұрғанын түсінбейміз”,— десті. 19  Иса олардың не сұрағысы келгенін біліп, былай деді: “Бір-біріңнен “аз уақыттан кейін мені көрмейсіңдер, тағы аз уақыттан кейін қайта көресіңдер” деп не үшін айтқанымды сұрап жатырсыңдар ма? 20  Сендерге нағыз шындықты айтамын, сендер жылап, зар еңірейсіңдер, ал осы дүние қуанады. Сендер қайғырасыңдар, бірақ қайғыларың қуанышқа айналады+. 21  Әйел босанарда қиналып қайғырады, себебі уақыты келіп жетті. Ал баласын туған соң, дүниеге адам келді деп қуанғанынан қиналғанын ұмытып кетеді. 22  Сендер де қазір солай қайғырудасыңдар. Бірақ мен сендерді қайта көремін, сонда жүректерің қуанышқа толады+, қуаныштарыңды ешкім тартып ала алмайды. 23  Сол күні маған ешқандай сұрақ қоймайсыңдар. Сендерге нағыз шындықты айтамын, менің атымнан Әкемнен не сұрасаңдар да+, ол соны береді+. 24  Бұған дейін менің атымнан еш нәрсе сұраған жоқсыңдар. Енді сұраңдар да алыңдар, сонда шексіз қуанышқа кенелесіңдер. 25  Бұларды сендерге астарлап айттым. Бірақ бұдан былай астарлап емес, Әкем туралы ашық айтатын кез келе жатыр. 26  Сол күні менің атымнан Әкемнен сұрайсыңдар. Бұл сендер үшін мен сұраймын дегенді білдірмейді. 27  Әкемнің өзі сендерді жақсы көреді, өйткені сендер мені жақсы көресіңдер+ әрі Құдайдың өкілі ретінде келгеніме сенесіңдер+. 28  Мен Әкемнің өкілі ретінде осы дүниеге келдім. Ал енді осы дүниені қалдырып, Әкеме бара жатырмын+”. 29  Шәкірттері оған: “Қазір астарлап емес, ашық айтып тұрсыз. 30  Енді бәрін білетініңізге көзіміз жетті, сізге сұрақ қоюдың да қажеті жоқ, өйткені әркімнің ойында не барын білесіз. Сондықтан Құдайдан келгеніңізге сенеміз”,— деді. 31  Иса мынаны айтты: “Енді шынымен сенесіңдер ме? 32  Міне, әрқайсысың үйді-үйіңе қашып кетіп, мені жалғыз қалдыратын уақыт келеді+, тіпті келіп те қойды. Бірақ мен жалғыз емеспін, себебі Әкем менімен бірге+. 33  Бұларды мен арқылы араларыңда тыныштық болсын деп айттым+. Осы дүниеде қиыншылық көресіңдер, бірақ батыл болыңдар! Мен осы дүниені жеңіп шықтым+!”

Сілтемелер

Сөзбе-сөз “сүрінбесін”.
Яғни Құдайдың талаптарына сай өмір сүрудің.
13, 14-тармақтағы “ол” есімдігі 7-тармақтағы “көмекшіге” нұсқайды. Иса “көмекші” деп киелі рухты айтып тұр, киелі рух жеке тұлға емес, Құдайдың күші болып табылады.