Зәкәрия 14:1—21

  • Шынайы ғибадаттың толық жеңісі (1—21)

    • Зәйтүн тауының екіге бөлінуі (4)

    • Ехоба да, оның есімі де жалғыз болады (9)

    • Иерусалимнің жауларына жіберілетін жаза (12—15)

    • Күркелер мейрамын тойлау (16—19)

    • Әрбір қазан Ехоба үшін киелі болады (20, 21)

14  “Міне, Ехобаның күні келе жатыр. Сол күні сенен* алынған олжа көз алдыңда бөлінеді.  Мен барлық халықтарды Иерусалимге қарсы соғысқа жинаймын. Олар қаланы басып алып, үйлерді тонап, әйелдерді зорлайды. Қала тұрғындарының жартысы жер аударылады, ал халықтың қалғаны қаладан қуылмайды.  Ехоба сол халықтарға қарсы шығып+, ежелгі заманда шайқасқанындай шайқасады+.  Сол күні оның аяғы Иерусалимнің шығыс бетіндегі Зәйтүн тауында+ тұрады. Зәйтүн тауы шығыстан батысқа қарай екіге бөлініп, өте үлкен аңғар пайда болады. Таудың бір жартысы солтүстікке, ал екінші жартысы оңтүстікке қарай жылжиды.  Сонда менің тауларымның арасындағы аңғарға қашасыңдар, өйткені бұл аңғар Азелге дейін созылып жатады. Сендерге Яһуда патшасы Ұзияхтың+ заманындағы жер сілкінісінен қашқандай қашуға тура келеді. Сонда Ехоба Құдай барлық қасиеттілермен бірге келеді+.  Сол күні нұр шашқан жарық болмайды+, бәрі қатып қалады.  Сол күн Ехобаның күні ретінде белгілі болады+. Сонда күн мен түн ауыспайды, тіпті кеш түскенде де жарық болып тұрады.  Сол күні Иерусалимнен өмір сулары+ ағып шығып+, бір жартысы шығыстағы теңізге*+, ал екінші жартысы батыстағы теңізге* ағады+. Ол қысы-жазы аға береді.  Ехоба бүкіл жер бетінің Патшасы болады+. Сол күні Ехоба жалғыз Құдай болып+, адамдар оны бір есіммен ғана шақырады+. 10  Гебадан+ Иерусалимнің оңтүстігіндегі Римонға+ дейінгі бүкіл жер Араба+ аңғары іспетті болады. Иерусалим өз орнына тұрғызылып, оған ел қоныстанады+. Ел Бениямин қақпасынан+ Бірінші қақпаға дейін, одан Бұрыш қақпасына дейін, Хананел мұнарасынан+ патшаның жүзім сығатын орындарына дейін қоныстанады. 11  Жұрт қалаға қоныс теуіп, ол бұдан былай қарғысқа ұшырап, қиратылмайды+. Иерусалим халқы қауіпсіз өмір кешеді+. 12  Ехобаның Иерусалимге қарсы соғысқан халықтарға жіберетін жазасы+ мынау: аяқтарымен жер басып жүрген кездерінде-ақ олардың тәні шіріп кетеді, көздері ұясында, тілдері аузында іріп кетеді. 13  Сол күні Ехоба оларды қатты абыржытады, сонда олар бір-бірін шап беріп ұстап алып, бір-біріне қол жұмсайды+. 14  Яһуда да Иерусалимдегі шайқасқа қатысады. Сонда айналадағы күллі халықтардан байлық — қыруар алтын-күміс пен киім-кешек — жиналады+. 15  Аттар, қашырлар, түйелер, есектер және қостардағы басқа да малдар әлгіндей жазаға ұшырайды. 16  Иерусалимге қарсы шыққан халықтардан аман қалғандар жыл сайын сол қалаға келіп+, Патшаға, Әскербасы Ехобаға, тағзым ететін*+ және Күркелер* мейрамын тойлайтын болады+. 17  Ал жер бетіндегі халықтардан кімде-кім Патшаға, Әскербасы Ехобаға, тағзым ету үшін Иерусалимге келмесе, оның жеріне жауын жаумайды+. 18  Мысыр халқы келіп, қалаға кірмесе, оларға жауын жаумайды. Олар Ехобаның Күркелер мейрамын тойлауға келмейтін халықтарға жіберетін жазасына ұшырайды. 19  Мысырдың да, Күркелер мейрамын тойлауға келмейтін басқа халықтардың да күнәсі үшін алатын жазасы осындай болмақ. 20  Сол күні аттарға тағылатын қоңырауларда “Киелілік Ехобаға тиесілі”+ деген жазу болады. Ехобаның үйіндегі қазандар+ құрбандық ошағының алдындағы керсендер+ сияқты болады. 21  Иерусалим мен Яһудадағы әрбір қазан киелі әрі Әскербасы Ехобаға тиесілі болады. Құрбандық ұсынатындар келіп, олардың кейбірін ет қайнату үшін қолданады. Сол күннен бастап Әскербасы Ехобаның үйінде ешбір қанахандық* болмайды+”.

Сілтемелер

2-тармақтағы қаланы айтып тұр.
Яғни Жерорта теңізі.
Яғни Өлі теңіз.
Немесе “Уақытша баспана”.
Немесе “ғибадат ететін”.
Мүмкін: “саудагер”.