Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ишая

Тараулар

Мазмұны

  • 1

    • Әке мен оның бүлікшіл ұлдары (1—9)

    • Ехоба ғибадатқа немкетті қарайтындарды жек көреді (10—17)

    • “Мәселені ортаға салып, шешейік” (18—20)

    • Сион қалпына келтіріліп, адал шаһар болады (21—31)

  • 2

    • Ехобаның тауының асқақтауы (1—5)

      • Семсерден соқа соғу (4)

    • Ехобаның күні келгенде тәкаппарлар масқара болады (6—22)

  • 3

    • Яһуда басшыларының халықты адастыруы (1—15)

    • Сионның қылымсыған қыздарына шығарылған үкім (16—26)

  • 4

    • Жеті әйел бір еркекке жармасады (1)

    • Ехоба өсіріп шығарған өскін даңқты болады (2—6)

  • 5

    • Ехобаның жүзімдігі жайлы ән (1—7)

    • Ехобаның жүзімдігі қасіретке қалады (8—24)

    • Құдайдың өз халқына қаһарлануы (25—30)

  • 6

    • Аянда ғибадатханасында отырған Ехобаны көру (1—4)

      • “Ехоба киелі, киелі, киелі!” (3)

    • Ишаяның айыбының жуылуы (5—7)

    • Ишаяның тапсырма алуы (8—10)

      • “Мен бармын! Мені жібер!” (8)

    • “Ехоба, бұл қашанға дейін созылады?” (11—13)

  • 7

    • Ахаз патшаға арналған хабар (1—9)

      • Шеяр-Яшуб (3)

    • Еммануил — белгі (10—17)

    • Опасыздықтың нәтижесі (18—25)

  • 8

    • Ассирияның шабуылы жайлы хабар (1—8)

      • Махер-Шелал-Хаш-Баз (1—4)

    • Қорықпаңдар, “Құдай бізбен бірге!” (9—17)

    • Ишая мен балалары — белгі (18)

    • Жындарға емес, заңға жүгініңдер (19—22)

  • 9

    • Ғалилея жері ғаламат нұрды көреді (1—7)

      • “Тыныштық бекзадасының” дүниеге келуі (6, 7)

    • Ехобаның Исраилді жазалауы (8—21)

  • 10

    • Ехобаның Исраилді жазалауы (1—4)

    • Ассирия — Құдайдың дүре шыбығы (5—11)

    • Ассирияны жазалау (12—19)

    • Жақыптың тамтығы қайта оралады (20—27)

    • Құдай Ассирияны жазалайды (28—34)

  • 11

    • Есейдің өркені әділ билік жүргізеді (1—10)

      • Қасқыр мен қозы тату-тәтті тұрады (6)

      • Жер беті Ехоба туралы білімге толады (9)

    • Тамтық жинап алынады (11—16)

  • 12

    • Ризашылық әні (1—6)

      • “Күшім де, қуатым да — Ехоба” (2)

  • 13

    • Бабыл туралы суық хабар (1—22)

      • Ехобаның күні таяп қалды! (6)

      • Мидиялықтар Бабылды талқандайды (17)

      • Бабылды енді қайтып ешкім мекендемейді (20)

  • 14

    • Исраил өз жерінде тұрады (1, 2)

    • Бабыл патшасын мазақ қылу (3—23)

      • Жарық жұлдыздың көктен құлауы (12)

    • Ассирияны Ехобаның қолы күйретеді (24—27)

    • Філістір елі туралы ауыр хабар (28—32)

  • 15

    • Моаб туралы ауыр хабар (1—9)

  • 16

    • Моаб туралы хабардың жалғасы (1—14)

  • 17

    • Дамаск туралы ауыр хабар (1—11)

    • Ехоба ұлттарға сөгіс береді (12—14)

  • 18

    • Эфиопия туралы ауыр хабар (1—7)

  • 19

    • Мысыр туралы ауыр хабар (1—15)

    • Мысырлықтар Ехобаны танып-біледі (16—25)

      • Мысырда Ехобаға арналған құрбандық орны тұрғызылады (19)

  • 20

    • Ишая — Мысыр мен Эфиопия үшін белгі (1—6)

  • 21

    • Теңіз шөлі туралы ауыр хабар (1—10)

      • Күзет мұнарасындағы күзетші (8)

      • “Бабыл құлады!” (9)

    • Дума мен шөл дала туралы ауыр хабар (11—17)

      • “Күзетші, түн қашан бітеді?” (11)

  • 22

    • Аян аңғары туралы ауыр хабар (1—14)

    • Шебнаның орнына Елиәкімнің үй басқарушы болуы (15—25)

      • Бейнелі шеге (23—25)

  • 23

    • Тир туралы ауыр хабар (1—18)

  • 24

    • Ехоба елді бос қалдырады (1—23)

      • Ехоба Сионда Патша болды (23)

  • 25

    • Құдай халқы көл-көсір батаға кенеледі (1—12)

      • Ехоба жақсы шарап қойып той жасайды (6)

      • Бұдан былай өлім болмайды (8)

  • 26

    • Сенім арту мен құтқарылу туралы ән (1—21)

      • Ехоба — мәңгілік Жартас (4)

      • Жер тұрғындары әділдік жасауды үйренеді (9)

      • “Өлген адамдарың өмір сүреді” (19)

      • Ішкі бөлмелерге кіріп, жасырыну (20)

  • 27

    • Ехоба левиафанды өлтірді (1)

    • Жүзімдікке теңелген Исраил туралы ән (2—13)

  • 28

    • Ефремнің маскүнемдері қасіретке қалады! (1—6)

    • Яһуданың діни қызметкерлері мен пайғамбарлары теңселіп жүр (7—13)

    • “Өліммен келісім жасастық” (14—22)

      • Сионға қойылған бағалы бұрыштық тас (16)

      • Ехобаның ерекше ісі (21)

    • Ехоба даналықпен түзетеді (23—29)

  • 29

    • Ариел қасіретке қалады! (1—16)

      • Тілмен ғана дәріптеуді айыптау (13)

    • Саңыраулар естіп, соқырлар көреді (17—24)

  • 30

    • Мысырдың көмегінің еш пайдасы жоқ (1—7)

    • Халықтың пайғамбарлық хабардан бас тартуы (8—14)

    • Сенім артсаңдар, күшті боласыңдар (15—17)

    • Ехоба өз халқына ықыласын түсіреді (18—26)

      • Ехоба — Ұлы Тәлімгер (20)

      • “Жол — мынау” (21)

    • Ехобаның Ассирияға шығарған үкімі жүзеге асады (27—33)

  • 31

    • Нағыз көмек адамдардан емес, Құдайдан келеді (1—9)

      • Мысырдың аттары ет пен сүйектен тұрады (3)

  • 32

    • Патша мен әміршілер шынайы әділдік үшін басқарады (1—8)

    • Өздеріне тым сенімді әйелдерге жасалған ескерту (9—14)

    • Рух төгілгенде алатын баталар (15—20)

  • 33

    • Үкім және әділдерге берілген үміт (1—24)

      • Ехоба — Төреші, Заң шығарушы әрі Патша (22)

      • Ешкім: “Мен науқаспын”,— демейтін болады (24)

  • 34

    • Ехобаның ұлттардан кек алуы (1—4)

    • Едом қаңырап бос қалады (5—17)

  • 35

    • Жұмақ қайта орнайды (1—7)

      • Соқырлардың көздері, саңыраулардың құлақтары ашылады (5)

    • Құны өтелгендер жүретін “Қасиетті жол” (8—10)

  • 36

    • Сеннахиримнің Яһудаға қарсы аттануы (1—3)

    • Рабшақтың Ехобаны тілдеуі (4—22)

  • 37

    • Езекияның Ишая арқылы Ехобаға жүгінуі (1—7)

    • Сеннахиримнің қоқан-лоқысы (8—13)

    • Езекияның дұғасы (14—20)

    • Ехобаның Ишая арқылы берген жауабы (21—35)

    • Періштенің 185 000 ассириялықты қырып салуы (36—38)

  • 38

    • Езекияның науқастануы мен сауығуы (1—22)

      • Ризашылық әні (10—20)

  • 39

    • Бабылдан келген хабаршылар (1—8)

  • 40

    • Құдай халқын жұбату (1—11)

      • Шөл далада жар салған дауыс (3—5)

    • Ехобаның ұлылығы (12—31)

      • Ұлттар шелектегі су тамшысындай (15)

      • Құдай жер шарынан жоғары мекен етеді (22)

      • Барлық жұлдыздарды атымен атайды (26)

      • Құдай ешқашан шаршамайды (28)

      • Ехобаға үміт артатындар жаңа күшке ие болады (29—31)

  • 41

    • Шығыстан келетін жеңімпаз (1—7)

    • Исраил — Құдайдың қызметшісі (8—20)

      • “Досым Ыбырайым” (8)

    • Бөтен құдайлардың дәрменсіздігі (21—29)

  • 42

    • Құдайдың қызметшісі және оған берілген тапсырма (1—9)

      • Менің есімім — Ехоба (8)

    • Ехобаны даңқтайтын жаңа ән (10—17)

    • Исраилдің көзі көрмейді, құлағы естімейді (18—25)

  • 43

    • Ехоба халқын қайта жинап алады (1—7)

    • Бөтен құдайлардың дәрменсіздігі (8—13)

      • “Сендер менің куәгерлерімсіңдер” (10, 12)

    • Бабылдан азат етілу (14—21)

    • “Сотта мәселемізді талқыға салайық” (22—28)

  • 44

    • Құдайдың таңдап алған халқының баталары (1—5)

    • Ехобадан басқа құдай жоқ (6—8)

    • Қолдан жасалған пұттар түкке тұрғысыз (9—20)

    • Ехоба — Исраилдің құнын өтеуші (21—23)

    • Кир арқылы Иерусалим қалпына келтіріледі (24—28)

  • 45

    • Кир Бабылды басып алуға тағайындалды (1—8)

    • Балшық Құмырашымен сөз таластырмайды (9—13)

    • Өзге ұлттардың Исраилге құрмет көрсетуі (14—17)

    • Құдайдың жаратылысына да, сөзіне де сенім артуға болады (18—25)

      • Жер мекендеу үшін жаратылған (18)

  • 46

    • Бабылдықтардың пұттарынан Исраил Құдайының айырмашылығы (1—13)

      • Ехоба болашақта не болатынын алдын ала айтады (10)

      • Күншығыстан жыртқыш құсты шақыру (11)

  • 47

    • Бабылдың құлауы (1—15)

      • Жұлдызжорамалшыларды әшкерелеу (13—15)

  • 48

    • Исраилді түзету әрі тазарту (1—11)

    • Ехоба Бабылға қарсы әрекет етеді (12—16а)

    • Құдай пайдалыны үйретеді (16ә—19)

    • “Бабылдан шығыңдар!” (20—22)

  • 49

    • Ехобаның қызметшісіне тапсырылған іс (1—12)

      • Ұлттарға берілген нұр (6)

    • Исраилді жұбату (13—26)

  • 50

    • Исраилдің жасаған күнәларының салдары (1—3)

    • Ехобаның тілалғыш қызметшісі (4—11)

      • Орамды тіл мен нұсқауларды тыңдайтын құлақ (4)

  • 51

    • Сион Едем бағындай жайқалады (1—8)

    • Құдіретті Жаратушының Сионды жұбатуы (9—16)

    • Ехобаның қаһарына толы тостаған (17—23)

  • 52

    • Уа, Сион, оян! (1—12)

      • Ізгі хабар әкеле жатқан жариялаушылар (7)

      • Сионның күзетшілері бір кісідей дауыстауда (8)

      • Ехобаның үйінің бұйымдарын алып жүретіндер таза болуы керек (11)

    • Ехобаның қызметшісі асқақтайды (13—15)

      • Оның қызметшісінің түр-тұрпатының өзгеруі (14)

  • 53

    • Ехобаның қызметшісінің қасірет шегуі, өлуі және қабірге қойылуы (1—12)

      • Жұрт оны менсінбеді, одан қашқақтады (3)

      • Ауру мен қасіретті өзіне алды (4)

      • “Қой іспетті, сойылатын жерге апарылады” (7)

      • Көпшіліктің күнәсін өз мойнына алды (12)

  • 54

    • Бедеу Сионның ұлдары көп болады (1—17)

      • Ехоба Сионның күйеуі іспетті (5)

      • Сионның ұлдары Ехобадан тәлім алады (13)

      • Сионға қарсы жасалған ешбір қару жеңіске жетпейді (17)

  • 55

    • Келіңдер, еш ақысыз ішіп-жеңдер (1—5)

    • Ехобаны іздеңдер; оның сөзі сенімді (6—13)

      • Құдайдың жолдары адамдардікінен жоғары (8, 9)

      • Құдай сөзі нәтижесіз оралмайды (10, 11)

  • 56

    • Жатжерліктер мен белінен айырылған еркектердің алатын батасы (1—8)

      • Барлық халықтар дұға ететін үй (7)

    • Соқыр күзетшілер, үре алмайтын төбеттер (9—12)

  • 57

    • Әділ жан мен адалдар құрып-жоғалады (1, 2)

    • Исраилдің пұтқа табынушылығы әшкере болды (3—13)

    • Бейшараны жұбату (14—21)

      • Зұлымдар буырқанған теңізге ұқсайды (20)

      • Зұлымдарда амандық пен тыныштық болмайды (21)

  • 58

    • Шынайы және жалған ораза (1—12)

    • Демалыс күнін ұстанудан қуаныш табу (13, 14)

  • 59

    • Исраилді Құдайдан алыстатқан өз күнәлары (1—8)

    • Күнәні мойындау (9—15а)

    • Өкінгендерге Ехобаның жақтасуы (15ә—21)

  • 60

    • Ехобаның салтанатының Сионға нұрын шашуы (1—22)

      • Кептерханасына ұшып келе жатқан кептерлердей (8)

      • Мыс орнына алтын (17)

      • Азғантай адамнан мың адам шығады (22)

  • 61

    • Ізгі хабарды жариялауға тағайындалу (1—11)

      • “Ехобаның ықыласын түсіретін жылы” (2)

      • “Әділдіктің алып ағаштары” (3)

      • Жатжерліктердің көмегі (5)

      • “Ехобаның діни қызметкерлері” (6)

  • 62

    • Сионның жаңа есімі (1—12)

  • 63

    • Ехобаның ұлттардан кек алуы (1—6)

    • Ехобаның бұрындары танытқан айнымас сүйіспеншілігі (7—14)

    • Өкініш дұғасы (15—19)

  • 64

    • Өкініш дұғасының жалғасы (1—12)

      • Ехоба — Құмырашымыз (8)

  • 65

    • Ехобаның пұтқа табынушыларды соттауы (1—16)

      • Сәттілік пен Тағдырдың құдайлары (11)

      • “Менің қызметшілерім тоқ болады” (13)

    • Жаңа аспан мен жаңа жер (17—25)

      • Үй салу; жүзімдік отырғызу (21)

      • Ешкім бекерге еңбектенбейді (23)

  • 66

    • Шынайы және жалған ғибадат (1—6)

    • Анаға теңелген Сион мен оның ұлдары (7—17)

    • Ғибадат ету үшін Иерусалимге жиналған жұрт (18—24)