Софония 3:1—20

  • Иерусалим — бүлікшіл және қанаушы қала (1—7)

  • Соттау мен қалпына келтіру (8—20)

    • Халықтарға таза тіл сыйлау (9)

    • Кішіпейіл де момын адамдар аман қалады (12)

    • Ехоба Сион үшін қатты шаттанады (17)

3  Бүлікшіл, арамдалған, қанаушы қала қасіретке қалады+!   Ол еш тыңдамады+, жөнге салғанға да көнбеді+. Ехобаға сенім артпады+, Құдайына жақындамады+.   Оның әміршілері ақырған арыстандай+. Ал билері түнде жортқан қасқырдай,Олар таң атқанша мүжитін сүйек те қалдырмайды.   Пайғамбарлары тәкаппар әрі опасыз жандар+. Діни қызметкерлері қасиеттіні арамдайды+,Олар заңды аяқасты етеді+.   Сол қаланы мекен ететін Ехоба әділ+,Ол еш әділетсіздік жасамайды. Күнде таңертең шешімдерін паш етеді+,Күндізгі жарық сияқты мұнысы тұрақты. Ал әділетсіз адам ұятты білмейді+.   “Мен халықтарды жойып жібердім,Олардың бұрыш-бұрыштағы мұнаралары бос қалды. Көшелерін ойрандадым, олармен жүретін ешкім қалмады. Қалалары қирап, бірде-бір адам, бірде-бір тұрғын қалған жоқ+.   Қаланы бар күнәсі үшін жауапқа тартқанымда,Тұрып жатқан жері жойылып кетпес үшін+,Оған “менен қорқып, түзетуімді қабылда” деген едім+. Әйтсе де олар зұлымдық жасауға бұрынғыдан бетер құлшынды+.   Сондықтан олжа алуға* келетін күнге дейін,Мені күтіңдер*+,— дейді Ехоба,—Өйткені халықтардың басын қосып, патшалықтарды жинап,Оларға ашу-ызамды, лаулаған қаһарымды төгуді шештім+. Менің құлшынысым от іспетті бүкіл жер бетін жалмап қояды+.   Сол кезде халықтарға таза тіл сыйлаймын,Осылай олардың бәрі Ехобаны атын атап шақырып,Иық тіресе оған қызмет ететін болады*+. 10  Маған жалбарынғандар, бытырап кеткен халқымның қызы,Эфиопия өзендерінің аумағынан маған арнап сый-тартулар әкеледі+. 11  Бас көтеріп, маған қарсы жасаған күллі ісің үшінСол күні сен ұятқа қалмайсың+,Себебі паңдана бөсетіндерді араңнан аластатамын,Енді қайтып киелі тауымда кеуде көтермейсің+. 12  Араңда кішіпейіл де момын адамдарды қалдырамын+,Олар Ехобаның есімінен пана табады. 13  Исраилдің аман қалғандары+ енді әділетсіздік жасамайды+,Өтірік айтпайды, ауыздарынан қулық-сұмдық шықпайды. Олар ішіп-жеп, тынығып жатады, ешкім оларды қорқытпайды+”. 14  Қуана айғай сал, уа, Сион қызы! Масайрап дауыста, уа, Исраил+! Шын жүректен шаттанып, мәз-мейрам бол, уа, Иерусалим қызы+! 15  Ехоба саған шығарған үкімінің күшін жойды+. Ол жауыңды кері қайтарды+. Исраилдің Патшасы Ехоба сенің араңда+. Басыма апат түседі деп енді қорықпайсың+. 16  Сол күні Иерусалимге былай делінеді: “Уа, Сион, қорықпа+! Қолыңнан күш кетпесін. 17  Ехоба Құдайың сенің араңда+,Құдіретті Құдай болғандықтан, сені құтқарады. Саған ол қатты шаттанады+,Саған деген сүйіспеншілігінен рақат табады. Сен үшін шат-шадыман болып, қуана айғайлайды. 18  Мейрамдарыңа қатыса алмай, қайғырып жүргендерді жинаймын+,Олар масқара болғанының кесірінен жырақта жүр еді+. 19  Міне, сол кезде сені езгіге салғандарға қарсы шығамын+,Ақсаңдағандарды құтқарамын+,Бытырап кеткендерді жинап аламын+. Өздері масқара болып жүрген жердің бәріндеОларды мадаққа бөлеп, абыройын асырамын. 20  Сол кезде сендерді елдеріңе алып келемін,Иә, сол кезде бәріңді біріктіремін. Көз алдарыңда тұтқындарыңды қайтарып,Сендерді жердегі күллі халықтар арасында абыройлы етемін,Мадаққа бөлеймін+”,— дейді Ехоба+.

Сілтемелер

Мүмкін: “куәгер ретінде”.
Немесе “шыдаммен күтіңдер; қатты күтіңдер”.
Немесе “оған бірлікте ғибадат ететін болады”.