Тімөтеге 2-хат 1:1—18

  • Сәлемдесу (1, 2)

  • Тімөтенің сенімі үшін Пауылдың Құдайға алғыс айтуы (3—5)

  • Құдайдан алған сыйыңды оттай жалындат (6—11)

  • Дұрыс ілімнің үлгісін берік ұстан (12—14)

  • Пауылдың достары мен жаулары (15—18)

1  Құдайдың еркі бойынша және Мәсіх Иса арқылы өмірге қатысты берілген уәдеге сай+, Мәсіх Исаның елшісі болған мен, Пауыл,  сүйікті балам Тімөтеге+ жазып отырмын. Құдай Әкеміз бен Иеміз Мәсіх Иса саған рақымын, мейірімі мен тыныштығын сыйласын!  Ата-бабаларым сияқты, өзім таза ар-ұжданмен қасиетті қызмет атқарып жүрген Құдайыма алғыс білдіремін, күндіз-түні жалбарынғанымда, сені де ұмытқан емеспін.  Көз жасыңды есіме алған сайын, сені көруді аңсаймын. Осылай қуанышқа кенелсем деймін.  Шынайы сенімің+ есімде, ол алдымен әжең Лойда мен анаң Әуникеде болатын, ал енді сенде де бар екеніне сенімдімін.  Сондықтан мынаны есіңе саламын: үстіңе қолымды қойғанда Құдайдан алған сыйыңды оттай жалындата бер+.  Өйткені Құдай бізге қорқыныш рухын емес+, күш+, сүйіспеншілік пен естілік рухын берді.  Сол себепті Иеміз туралы куәлік етуден де+, Иеміз үшін менің түрмеде отырғаныма да ұялма. Қайта, Құдайдың күшіне сүйеніп+, ізгі хабар үшін қиындық көруге дайын бол+.  Құдай бізді құтқарып, қасиетті болуға шақырды+. Мұны қандай да бір істеріміз үшін емес, өз ниетіне және рақымына сай істеді+. Ол өз рақымын Мәсіх Иса арқылы ұзақ уақыт бұрын көрсеткен еді. 10  Ал енді осы рақым Құтқарушымыз Мәсіх Исаның ашық көрінуі арқылы айқын болды+. Ол өлімнің күшін жойды+ және құрымайтын өмірге+ қалай жетуге болатынын ізгі хабар арқылы+ анық көрсетті+. 11  Мен осы ізгі хабарды жеткізу үшін уағыздаушы, елші әрі тәлімгер болып тағайындалдым+. 12  Сол себептен де азап шегудемін+, бірақ бұған ұялмаймын+. Өйткені кімге сенгенімді білемін және ол өзіне сеніп тапсырғандарымды сот күніне дейін+ аман сақтай алатынына кәміл сенемін. 13  Ал сен Мәсіх Исамен бірлікте болудан туатын сенім мен сүйіспеншілік көрсете отырып, менен естіген дұрыс ілімнің үлгісін бұдан былай да берік ұстан+. 14  Өзіңе сеніп тапсырылған қазынаны бойымыздағы киелі рухтың көмегімен+ аман сақта. 15  Азия* аймағындағылардың бәрі+ менен теріс айналып кеткенін білесің, олардың арасында Фигел мен Ермоген де бар. 16  Иеміз Онисипордың үй ішіне+ мейірімін төксін, өйткені ол мені жиі жігерлендіріп тұрды, бұғауда отырғанымнан еш ұялмады. 17  Қайта, Римде болғанында, мені тапқанша, барын салып іздеді. 18  Сот күні Иеміз Ехоба* оған мейірімін көрсетсін. Сен оның Ефесте қалай қызмет еткенін де жақсы білесің.

Сілтемелер

“Азия” деп Рим империясының провинциясы жөнінде айтылып тұр.
Бұл — Құдайдың есімі. Түсіндірмені қараңыз.