Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Әйүп

Тараулар

Мазмұны

  • 1

    • Әйүптің мінсіздігі және әл-ауқаты (1—5)

    • Әйүптің ниетіне Шайтанның шек келтіруі (6—12)

    • Әйүптің мал-мүлкі мен балаларынан айырылуы (13—19)

    • Әйүп Құдайды жазғырмады (20—22)

  • 2

    • Әйүптің ниетіне Шайтанның тағы да шек келтіруі (1—5)

    • Шайтан Әйүптің өзіне залал келтіруге рұқсат алды (6—8)

    • Әйүптің әйелі: “Құдайға лағынет айт та, өле қал!” (9, 10)

    • Әйүпке үш досының келуі (11—13)

  • 3

    • Әйүптің дүниеге келген күнін қарғауы (1—26)

      • Қасірет шегуінің себебін сұрауы (20, 21)

  • 4

    • Елифаздың бірінші рет сөзге араласуы (1—21)

      • Әйүптің мінсізбін дегенін күлкі етуі (7, 8)

      • Рухтың хабарын әңгімелеп беруі (12—17)

      • “Құдай өз қызметшілеріне сенбейді” (18)

  • 5

    • Елифаздың сөзінің жалғасы (1—27)

      • “Құдай данышпандарды өз қулықтарынан ұстайды” (13)

      • “Әйүп Құдайдың жөнге салуынан бас тартпау керек” (17)

  • 6

    • Әйүптің жауабы (1—30)

      • Ашына сөйлеуге қақым бар деп есептеуі (2—6)

      • Жұбатушылары алдамшы (15—18)

      • “Шынайы сөздер жанға батпас!” (25)

  • 7

    • Әйүптің сөзінің жалғасы (1—21)

      • Пенденің өмірі жалшының күндеріндей (1, 2)

      • “Неге мені өзіңе нысана етіп алдың?” (20)

  • 8

    • Билдадтың бірінші рет сөзге араласуы (1—22)

      • Әйүптің ұлдары күнә жасады деп тұспалдауы (4)

      • “Шынымен таза болсаң, Құдай сені қорғар еді” (6)

      • Әйүпті құдайсыз деп тұспалдауы (13)

  • 9

    • Әйүптің жауабы (1—35)

      • Пенде Құдаймен өштесе алмайды (2—4)

      • “Ол адам ақылы жетпес істер жасайды” (10)

      • Пенде Құдаймен сөз таластыра алмайды (32)

  • 10

    • Әйүптің сөзінің жалғасы (1—22)

      • “Неге Құдай маған өш боп жүр?” (2)

      • Құдай мен жұмыр басты Әйүптің арасындағы айырмашылық (4—12)

      • “Азғана болса да серпілейінші” (20)

  • 11

    • Сопардың бірінші рет сөзге араласуы (1—20)

      • Әйүпті мылжың деп айыптауы (2, 3)

      • Әйүпке қиянат жасауды доғару керектігін айтуы (14)

  • 12

    • Әйүптің жауабы (1—25)

      • “Сендерден еш кем емеспін” (3)

      • “Мазаққа айналдым” (4)

      • “Даналық Құдайда” (13)

      • Құдай төрешілер мен патшалардан үстем (17, 18)

  • 13

    • Әйүптің сөзінің жалғасы (1—28)

      • “Құдаймен тартысқа түскім келеді” (3)

      • “Сендер түкке тұрғысыз емшісіңдер” (4)

      • “Өзімнің ақ екенімді білемін” (18)

      • “Неге мені өзіңе жау көресің?” (24)

  • 14

    • Әйүптің сөзінің жалғасы (1—22)

      • Адамның өмірі қысқа әрі азапқа толы (1)

      • “Ағаштың да үміті бар” (7)

      • “Шіркін, мені көрде жасырып қойсаң ғой!” (13)

      • “Адам өлсе, қайтадан өмір сүре ала ма?” (14)

      • Құдай өз қолынан шыққан жаратылысты көруді аңсайды (15)

  • 15

    • Елифаздың екінші рет сөзге араласуы (1—35)

      • Әйүпке Құдайдан қорықпайсың деуі (4)

      • Әйүпке өркөкірексің деуі (7—9)

      • “Құдай періштелеріне де сенім артпайды” (15)

      • “Зұлым азап шегеді” (20—24)

  • 16

    • Әйүптің жауабы (1—22)

      • “Азабыма азап қосатын жұбатушысыңдар!” (2)

      • “Құдай мені өзіне нысана етіп қойды” (12)

  • 17

    • Әйүптің сөзінің жалғасы (1—16)

      • “Айналамдағылардың бәрі мазаққұмар” (2)

      • “Құдай мені жұрт аузындағы мәтелге айналдырды” (6)

      • “Көрді үй қыламын” (13)

  • 18

    • Билдадтың екінші рет сөзге араласуы (1—21)

      • Күнәкарлардың басына түсетін түрлі жайттарды суреттеуі (5—20)

      • Әйүп Құдайды білмейді деп меңзеуі (21)

  • 19

    • Әйүптің жауабы (1—29)

      • Доссымақтарының таққан айыбына наразылық білдіруі (1—6)

      • Жақын адамдарының өзінен теріс айналып кеткенін айтуы (13—19)

      • “Құнымды өтеп алушы тірі” (25)

  • 20

    • Сопардың екінші рет сөзге араласуы (1—29)

      • Әйүптің сөздерінің намысына тиюі (2, 3)

      • Әйүп зұлым дегенге меңзейді (5)

      • Әйүп күнәдан рақат табады дегенге меңзейді (12, 13)

  • 21

    • Әйүптің жауабы (1—34)

      • “Неге зұлымдар өркендейді?” (7—13)

      • Жұбатушысымақтарын әшкерелеуі (27—34)

  • 22

    • Елифаздың үшінші рет сөзге араласуы (1—30)

      • “Пенденің Құдайға келтірер пайдасы бар ма?” (2, 3)

      • Әйүпті ашкөз, әділетсіз деп айыптауы (6—9)

      • “Құдайға қайта бет бұрсаң, бәрі қалпына келеді” (23)

  • 23

    • Әйүптің жауабы (1—17)

      • Құдайдың алдында ісін жайып салғысы келуі (1—7)

      • Құдайды таба алмайтынын айтуы (8, 9)

      • “Еш ауытқымай жолымен жүремін” (11)

  • 24

    • Әйүптің сөзінің жалғасы (1—25)

      • “Құдай соттайтын уақытты неге белгілемейді?” (1)

      • Құдайдың зұлымдыққа көз жұматынын айтуы (12)

      • Күнәкарлар қараңғылықты жақсы көреді (13—17)

  • 25

    • Билдадтың үшінші рет сөзге араласуы (1—6)

      • “Пенде Құдай алдында кінәратсыз бола ала ма?” (4)

      • Адамның мінсіздігінен еш пайда жоқ дегенге меңзеуі (5, 6)

  • 26

    • Әйүптің жауабы (1—14)

      • “Әбден қалжыраған адамға көмектестің ғой!” (1—4)

      • “Жерді ештеңесіз іліп қойды” (7)

      • “Бұл Құдайдың істерінің шет пұшпағы ғана” (14)

  • 27

    • Әйүп мінсіздігінен таймақ емес (1—23)

      • “Мінсіздігімнен таймаспын” (5)

      • Құдайсыз адамның үміті жоқ (8)

      • “Неге сөздеріңнің мәні жоқ?” (12)

      • “Зұлымның Құдайдан алар үлесі” (13—23)

  • 28

    • Әйүптің даналықты әлемдегі бар қазынадан жоғары қоюы (1—28)

      • Кеншілердің ауыр еңбегі (1—11)

      • Даналық інжу-маржаннан да бағалы (18)

      • Шынайы даналық — Ехобадан қорқу (28)

  • 29

    • Әйүптің қасіретке шалдыққанға дейінгі бақытты күндерін еске алуы (1—25)

      • Қала қақпасының алдында сыйлы болған (7—10)

      • Әділ әрекет еткен (11—17)

      • Жұрт кеңесіне құлақ асқан (21—23)

  • 30

    • Әйүптің өз жағдайының өзгергенін суреттеуі (1—31)

      • Түкке тұрғысыз кісілер мазақ қылады (1—15)

      • Құдайдан көмек жоқтай көрінуі (20, 21)

      • “Терім қарайып кетті” (30)

  • 31

    • Әйүптің өз мінсіздігін дәлелдеуі (1—40)

      • “Мен көзіммен келісім жасастым” (1)

      • Құдайдан таразыға салып өлшеуін сұрауы (6)

      • Неке адалдығын бұзушы емес (9—12)

      • Ақшақұмар емес (24, 25)

      • Пұтқа табынушы емес (26—28)

  • 32

    • Елиху деген жігіттің сөзге араласуы (1—22)

      • Әйүп пен оның достарына ашулануы (2, 3)

      • Сөйлемес бұрын ізетпен күтті (6, 7)

      • Адамды көп жасағаны ғана дана етпейді (9)

      • Елихудің сөйлеуге ынтық болуы (18—20)

  • 33

    • Елихудің өзін әділмін деп есептейтін Әйүпті түзетуі (1—33)

      • Төлем табылды (24)

      • Балғын шағындағы күш-жігері қайта оралсын (25)

  • 34

    • Елихудің Құдайдың әділдігі мен оның жолдарын қорғап сөйлеуі (1—37)

      • Әйүп: “Құдай мені әділдіктен айырды” (5)

      • Шынайы Құдай ешқашан зұлымдық жасамайды (10)

      • Әйүптің білімі жоқ (35)

  • 35

    • Елиху Әйүптің тұжырымының қате екенін көрсетті (1—16)

      • Әйүп өзін Құдайдан әділмін деді (2)

      • Құдай жоғары, әрі адамның күнәсінан зардап шекпейді (5, 6)

      • Әйүп Құдайды күту керек (14)

  • 36

    • Елихудің Құдайдың ұшан-теңіз ұлылығын дәріптеуі (1—33)

      • Құдайға мойынсұнатындар өркендейді; құдайсыздар Құдайдың ықыласынан айырылады (11—13)

      • “Құдайға тең келетін тәлімгер бар ма?!” (22)

      • Әйүп Құдайды дәріптеу керек (24)

      • “Құдай адам санасы жетпестей ұлы” (26)

      • Жаңбыр жауғызып, найзағай ойнату Құдайдың қолында (27—33)

  • 37

    • Табиғат күштері Құдайдың ұлылығын паш етеді (1—24)

      • Құдай пенденің ісін тоқтата алады (7)

      • “Құдайдың керемет істеріне зер салыңыз” (14)

      • Адам Құдайды толық танып-біле алмайды (23)

      • Ешкім өзін данамын деп есептемеу керек (24)

  • 38

    • Ехобаның адамның қаншалықты дәрменсіз екенін көрсетуі (1—41)

      • “Жер жаратылғанда сен қайда едің?” (4—6)

      • “Құдай ұлдары шаттана мадақ айтқанда, қайда едің?” (7)

      • Табиғи құбылыстарға қатысты сұрақтар (8—32)

      • “Аспан денелерін басқаратын заңдар” (33)

  • 39

    • Жануарлардың қалай жаратылғаны адам білімінің шектеулі екенін көрсетеді (1—30)

      • Тауешкілер мен марал (1—4)

      • Құлан (5—8)

      • Жабайы бұқа (9—12)

      • Түйеқұс (13—18)

      • Тұлпар (19—25)

      • Сұңқар мен бүркіт (26—30)

  • 40

    • Ехоба қойған басқа да сұрақтар (1—24)

      • Әйүптің айтары жоқ екенін мойындауы (3—5)

      • “Менің әділдігіме күмән келтірмексің бе?” (8)

      • Құдайдың сусиырдың күшін сипаттауы (15—24)

  • 41

    • Құдайдың зор левиафанды суреттеуі (1—34)

  • 42

    • Әйүптің Ехобаға жауап беруі (1—6)

    • Үш досының айыпталуы (7—9)

    • Ехобаның Әйүптің бар бақытсыздығының орнын толтыруы (10—17)

      • Әйүптің ұл-қыздары (13—15)