Мазмұнға өту

Сіз Киелі кітап жайлы не ойлайсыз?

Сіз Киелі кітап жайлы не ойлайсыз?

Сіз үшін ол...

  • өзгертілген кітап па?

  • аңыз-әңгімелер жазылған кітап па?

  • еш өзгермеген Құдай Сөзі ме?

КИЕЛІ КІТАПТА БҰЛ ЖАЙЛЫ НЕ ДЕЛІНГЕН?

“Киелі жазбалардың бәрі Құдай рухының жетелеуімен жазылған” (Тімөтеге 2-хат 3:16).

МҰНЫ БІЛУДІҢ ҚАНДАЙ ПАЙДАСЫ БАР?

Өмірге қатысты маңызды сұрақтарыңызға толыққанды жауап аласыз (Нақыл сөздер 2:1—5).

Күнделікті өміріңізге қатысты пайдалы кеңестер табасыз (Зәбүр 119:105).

Болашаққа деген берік үмітке ие боласыз (Римдіктерге 15:4).

КИЕЛІ КІТАПТАҒЫ БҰЛ СӨЗДЕРГЕ СЕНУГЕ БОЛА МА?

Иә, бұған кемінде үш себеп бар:

  • Ішкі үйлесімділік. Киелі кітапты 1600 жылдан астам уақыт бойы 40-қа жуық әртүрлі адам жазған. Олардың көбісі бір-бірін ешқашан көрмеген. Десе де Киелі кітаптың ішкі үйлесімділігі таңғалдырады: оның мазмұны бір негізгі тақырып аясында өрбиді!

  • Бүкпесіз тарих. Әдетте тарихшылар өз халқының сәтсіздіктерін жасыруға тырысады. Ал Киелі кітап жазушылары, керісінше, өздерінің де, халқының да осал тұстарын еш бүкпесіз баяндаған (Шежірелер 2-жазба 36:15, 16; Зәбүр 51:1—4).

  • Дәл орындалған пайғамбарлық сөздер. Б. з. б. 539 жылы мидиялықтар мен парсылар ежелгі Бабыл (Вавилон) қаласын жаулап алған еді. Осылай болатыны Киелі кітапта шамамен 200 жыл бұрын айтылып кеткен болатын (Ишая 13:17—22). Онда Бабылдың қалай құлайтыны ғана емес, тіпті оны қай патшаның жаулап алатыны да алдын ала жазылды (Ишая 45:1—3).

    Киелі кітаптағы басқа да көптеген пайғамбарлық сөздер бүге-шігесіне дейін орындалған. Иә, Құдай Сөзі осындай болу керек емес пе? (Петірдің 2-хаты 1:21).

МЫНА ЖАЙЛЫ ОЙЛАНЫП КӨРІҢІЗШІ:

Құдай Сөзі өміріңізді қалай жақсарта алады?

Мұның жауабын Киелі кітаптың келесі тармақтарынан таба аласыз: ИШАЯ 48:17, 18 және ТІМӨТЕГЕ 2-ХАТ 3:16, 17.