1-СҰРАҚ
Құдай деген кім?
“Осылайша адамдар сенің есімің Ехоба екенін, Бүкіл жер бетін билейтін жалғыз Құдай Тағала екеніңді білсін”.
“Ехобаның Құдай екенін біліп алыңдар. Бізді жаратқан — сол, біз оның меншігіміз”.
“Мен Ехобамын. Бұл — менің есімім. Ұлылығымды ешкімге бермеймін, Даңқымды пұттармен бөліспеймін!”
“Ехобаны атын атап шақырған әркім құтқарылады”.
“Әрбір үйдің салушысы бар, ал бәрінің Жаратушысы — Құдай”.
“Көкке көз жіберіп қараңдаршы, Ондағы жұлдыздарды кім жаратты? Кім оларды әскер іспетті түгендеп алып шығады, Әрқайсысын өз атымен шақырады? Оның құдіреті мен күші ғаламат зор болғандықтан, Олардың бәрі өз орындарында тұрады”.