Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

6-СҰРАҚ

Киелі кітапта Мәсіх жайлы не айтылған?

ПАЙҒАМБАРЛЫҚ

“Уа, сен, Бетлехем-Ефрата... Сенен менің атымнан Исраилге билеуші болатын біреу шығады”.

Миха 5:2

ОРЫНДАЛУЫ

“Иса Ирод патшаның заманында Яһудеядағы Бетлехем қаласында туылды. Бұдан кейін Иерусалимге шығыстан жұлдызжорамалшылар келді”.

Матай 2:1

ПАЙҒАМБАРЛЫҚ

“Олар киімімді бөлісіп алады, Көйлегім үшін жеребе салады”.

Зәбүр 22:18

ОРЫНДАЛУЫ

“Сарбаздар Исаны бағанаға ілген соң, жамылғысын төртке бөлді... Көйлегін де алды, бірақ ол бастан-аяқ тігіссіз тоқылған еді. Сондықтан өзара: “Бұны жыртпай, жеребе тастап, кімге тиетінін көрейік”,— десті”.

Жохан 19:23, 24

ПАЙҒАМБАРЛЫҚ

“Оның барлық сүйегін қорғайды, Бірде-бір сүйегі сындырылмайды”.

Зәбүр 34:20

ОРЫНДАЛУЫ

“Исаның жанына келгенде, оның өліп қалғанын көріп, аяқтарын сындырған жоқ”.

Жохан 19:33

ПАЙҒАМБАРЛЫҚ

“Ол біздің қылмысымыз үшін түйрелді”.

Ишая 53:5

ОРЫНДАЛУЫ

“Сарбаздардың бірі оның бүйіріне найзасын сұғып алды, сол сәтте қан мен су шықты”.

Жохан 19:34

ПАЙҒАМБАРЛЫҚ

“Олар ақыма 30 күміс ақша өлшеп берді”.

Зәкәрия 11:12, 13

ОРЫНДАЛУЫ

“Осыдан кейін Яһуда Исқариот есімді 12 елшінің бірі жоғарғы діни қызметкерлерге барып: “Оны қолдарыңызға түсірсем, маған не бересіздер?”— деп сұрады. Олар 30 күміс ақша беруді уәде етті”.

Матай 26:14, 15; 27:5