8-СҰРАҚ
Адамзаттың қайғы-қасіретіне Құдай жауапты ма?
“Құдайдың зұлымдық жасауы, Құдірет Иесінің жамандыққа баруы мүмкін емес!”
“Басына сынақ түскен адам: “Мені Құдай сынап жатыр”,— демесін. Өйткені ешкім Құдайды жамандықпен сынай алмайды, оның өзі де ешкімді жамандықпен сынамайды”.
“Бар уайымдарыңды оған артыңдар, себебі ол қамдарыңды ойлайды”.
“Кейбіреулер ойлағандай, Ехоба уәдесін орындауды баяулатып жатқан жоқ, қайта, сендерге шыдамдылық танытып отыр, өйткені ол бірде-бір адамның жойылмай, бәрінің өкінгенін қалайды”.