Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Болашақ іргетасын Құдаймен қалаймын

Болашақ іргетасын Құдаймен қалаймын

Жүктеу:

  1. 1. Өмірдің соқпақ жолы

    Мені қайда жетелер екен,

    Сан түрлі қыр-белестен

    Сүрінбей аман өтер ме екем?

    Тек бір білерім, алда не күн тумасын

    Құдайым Ехоба, саған адалмын.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жаратқанды қуантса мақсат-шешімдерім

    Бұл өмірімді текке сүрмегенім.

    Оның қолдауын сезіну — өмірдің бар мәні.

    Санамда тұр жаңғырып берген баталары,

    Қауіпсіз ұя жылы алақаны.

    Болашағымды қалайын, Құдайым, өзіңмен.

  2. 2. Сәтті ұсыныс түссе,

    Көзіңе ақ жолдай көрінер,

    Ал анықтап қарасаң,

    Түбінде құрдымға жетелер.

    Құдайға берген сертімді еш ұмытпай

    Табанды тұрам, сенімнен айнымай.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жаратқанды қуантса мақсат-шешімдерім

    Бұл өмірімді текке сүрмегенім.

    Оның қолдауын сезіну — өмірдің бар мәні.

    Санамда тұр жаңғырып берген баталары,

    Қауіпсіз ұя жылы алақаны.

    Болашағымды қалайын, Құдайым, өзіңмен.

    ӨТКЕЛ:

    Ехоба досымның көмегімен

    Баянды болашаққа аяқ бастым мен.

    Санап көрер болсам шат сәттерімді

    Түсіндім ғой оларға еш сан жетпейді.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Жаратқанды қуантса мақсат-шешімдерім

    Бұл өмірімді текке сүрмегенім.

    Оның қолдауын сезіну — өмірдің бар мәні.

    Санамда тұр жаңғырып берген баталары,

    Қауіпсіз ұя жылы алақаны.

    Болашағымды қалайын, Құдайым, өзіңмен.

    Болашағымды қалайын, Құдайым, өзіңмен.