Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Таңғажайып істерің керемет сезімге бөлейді

Таңғажайып істерің керемет сезімге бөлейді

Жүктеу:

  1. 1. Ән шырқар құстар сайрап таң атқанда,

    Шоқ жұлдыздар сөніп қалар жарық шыққанда.

    Алтын күн телмірер теректерден,

    Самал жел жұпар шашар жайдарлы жазда.

    ҚАЙЫРМАНЫҢ АЛДЫ:

    Ехоба саған арнадым мың ән.

    Істерің ғажап, сөз жоқ ғажап. Жұлдызға қарап,

    Таңданамын, неткен қамқор ең!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Істерің әсем, саған ән салам,

    Жасампаз әкем, саған ән салам.

    Мен ән салам.

  2. 2. Тіршілік иелері тамаша,

    Күндіз-түні оларға қарайсың тамсана.

    Таудағы, теңіздегі бар тіршілік,

    Мадақтасын сені, бәрі ән сала.

    ҚАЙЫРМАНЫҢ АЛДЫ:

    Ехоба саған арнадым мың ән,

    Істерің ғажап, сөз жоқ ғажап. Жұлдызға қарап,

    Таңданамын, неткен қамқор ең!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Істерің әсем, саған ән салам,

    Жасампаз әкем, саған ән салам.

    Мен ән салам.

    ӨТКЕЛ:

    Үңіліп артқа сенім нығаяр,

    Өмір беруші туралы білімім молаяр.

    ҚАЙЫРМАНЫҢ АЛДЫ:

    Ехоба саған арнадым мың ән,

    Істерің ғажап, сөз жоқ ғажап. Жұлдызға қарап,

    Таңданамын, неткен Қамқор ең!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Істерің әсем, саған ән салам,

    Жасампаз әкем, саған ән салам.

    Істерің әсем, саған ән салам,

    Істерің әсем, саған ән салам.

    Жасампаз әкем, саған ән салам,

    Мен ән салам.