Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

“Жетелеп жүрші”

“Жетелеп жүрші”

Жүктеу:

  1. 1. Бұл өмірде жүрер жолын

    Әрбір адам өзі таңдар.

    Көзім жетті, тура жол бар,

    Қажет емес басқа жолдар.

    Мәні кірді өмірімнің

    Ақ-қараны айырғанда.

    Шын достарым жүр жанымда,

    Бұдан асқан бақыт бар ма!

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Тасып көңілім

    Ғажап күй кештім.

    Ехоба, өзің

    Бағыт берушім.

    Мәңгі жетелеп жүрші.

  2. 2. Күмәнім жоқ, осы жол ғой

    Жүрегіммен қалағаным.

    Сөзін оқып Ехобаның,

    Сенімімді арттырамын.

    Адал жандар жүрген жерден

    Мен де дәйім табыламын.

    Олар менің шын достарым,

    Құдай берген бауырларым.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Тасып көңілім

    Ғажап күй кештім.

    Ехоба, өзің

    Бағыт берушім.

    Мәңгі жетелеп жүрші.