Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Ізде

Ізде

Жүктеу:

  1. 1. Құдай жайлы мың сан сұрақ

    Тудырар шырмау сезім.

    Ал ақиқат бұзар бөгет қамалды,

    Күмәннің жойып ізін.

    ҚАЙЫРМАНЫҢ АЛДЫ:

    Ашық теңізде меруерт іздеп,

    Желкенмен жылжыған жиһанкездей берілмей

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ізде кілтін шындықтың,

    Тауып бар жауабын,

    Шын бағала, терең ұғын:

    Құдай Патшалығы — бар адамның жүрегін жылытар хабар.

    Іздеген табар.

  2. 2. Жаратқан бізге ашты өзін,

    Ехоба — есімі киелі.

    Қараңғыдан таптық жолды,

    Орнықты көңіл енді.

    ҚАЙЫРМАНЫҢ АЛДЫ:

    Ашық теңізді желкенмен кезіп,

    Мәні неде өмірдің деп іздедік толқынмен

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ізде кілтін шындықтың,

    Тауып бар жауабын,

    Шын бағала, терең ұғын:

    Жер беті жайқалар, Патшалық орнаған кезде мәңгі жасаймыз деп,

    Сендік беріле.

    ӨТКЕЛ:

    Жүректе от боп жанған бұл ізгі хабарды

    Қалайша жасырамыз?

    Сұрақтардың дариясын кезген

    Жандарға қол бұлғаймыз,

    Шақырудан еш талмаймыз.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ізде кілтін шындықтың,

    Тауып бар жауабын,

    Шын бағала, терең ұғын:

    Патшалық тұсында шексіз ғұмыр кешетін кез келер алда

    Сусаған жанға.