Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Шет тілін үйренудің қуанышы

Шет тілін үйренудің қуанышы

Жүктеу:

  1. 1. Көкейіңнен кетпей ме

    Бір арман-тілек?

    “Ехоба, не істейм?” — деп,

    Білдірдің ізгі ниет.

    Шақыруға ден қойып,

    Өзге тіл үйренгендер

    Құдайдың қолдауымен

    Қуанышқа кенелер.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Нық бас әрбір қадамыңды,

    Бар уайымды ұмытып.

    Құдайдың мол батасына

    Кенелесің қуанып, о-о,

    Нық қадам басып,

    Нық қадам басып, бар Македонияға!

  2. 2. Уағыз ісі тамаша ғой,

    Жеміс берер әр күні!

    Жүректерді жаулайды

    Ізгі хабардың үні.

    Әр күн сайын Әкемізге

    Жақындай түсесің.

    Өйткені ол жаныңнан

    Әр кез табылар, аямай көмегін.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Нық бас әрбір қадамыңды,

    Бар уайымды ұмытып.

    Асыл тастарды табарсың,

    Жүрсең тек алға басып.

    “Дұрыс па екен шешімім?” деп

    Жүрген болсаң ойланып, о-у-о.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Нық бас әрбір қадамыңды,

    Құдай саған жол ашар, о-у-о.

    Нық қадам басып,

    Нық қадам басып,

    Нық басып әр қадамыңды, бар Македонияға!