Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Бас алға

Бас алға

Жүктеу:

  1. 1. Өткен күнім артта қалып,

    Күрт өзгерді заман.

    Сенің берген қол ұшыңмен

    Қалмайын қатардан.

    Есік ашып тыңдайтын

    Адамдар аз мүлдем.

    Лайық жандарға асығайық

    Тауып жаңа жолмен.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Алға басып

    Келеміз бірге.

    Қарқын алып

    Құтқару ісінде.

    Бұл жарыста

    Қалып қойма, қолымнан ұста,

    Бас алға.

  2. 2. Әрбір күні оянам

    Көп істі атқарам деп.

    Алайда бір жайт шыға келер

    Жолымды бөгеп.

    Дәрменсіз күй кешіп,

    Дал болып қиналам.

    Құдайдың ақыл-кеңесімен

    Шындықта нық тұрам.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Алға басып

    Келеміз бірге.

    Қарқын алып

    Құтқару ісінде.

    Бұл жарыста

    Қалып қойма, қолымнан ұста,

    Бас алға.

    ӨТКЕЛ:

    Жаңа бағыт алғанда

    Ұйымнан біз қалыспай

    Қуантамыз Құдайды

    Тер төгіп еш аянбай.

    Үміт оты жалындап

    Асығам жұмаққа,

    Көз жасы сап тыйылған

    Шаттығы мол шаққа.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Алға басып

    Келеміз бірге.

    Қарқын алып

    Құтқару ісінде.

    Бұл жарыста

    Қалып қойма, қолымнан ұста,

    Бас алға.

    Алға басып

    Келеміз бірге.

    Қарқын алып

    Құтқару ісінде.

    Бұл жарыста

    Қалып қойма, қолымнан ұста,

    Бас алға.

    Бас тек алға!