Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Жаңа дүниеге жетелеген үміт

Жаңа дүниеге жетелеген үміт

Жүктеу:

  1. 1. Көзіңді жұмып сен елестетші,

    Өмірдің өзгергенін түбегейлі.

    Бәрі қалып артта,

    Еске де алынбас өткен шақтар.

    Балғын жүздерден күлкі өшпес,

    Шартарапта тыныштық еш үзілмес.

    Уәдесі берік оның,

    Аспанда ай тұрған кездің бәрінде.

    Жүрек қалауын

    Орындар уақыт келгенде,

    Жаңа дүниеде.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Зәкір болған бұл үміт

    Сенімді әрі берік қандай!

    Шымылдықтың ол арғы бетіне

    Жол нұсқап, нұр шашқандай,

    Жаңа дүниеге.

  2. 2. Гүлденген әлемге сен қара,

    Бұл жер толық сенің үйің боп табылад.

    Есігін кең ашып,

    Сүйікті жандарың тұр қарсы ап.

    Көргенде арасынан

    Тірілген жанды сен сағынған,

    ‘‘Қош келдің,—деп,—үйге!’’

    Айтарсың көптен күткен сәт келгенде.

    Кетер келмеске,

    Өлім мәңгіге,

    Жаңа дүниеде.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Зәкір болған бұл үміт

    Сенімді әрі берік қандай!

    Шымылдықтың ол арғы бетіне

    Жол нұсқап, нұр шашқандай

    Жаңа дүниеге.

    ӨТКЕЛ:

    Айтылған әр сөзі

    Нәтиже бермей еш оралмас.

    Өз халқының тілегін

    Ехоба жауапсыз еш қалдырмас.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Зәкір болған бұл үміт

    Сенімді әрі берік қандай!

    Шымылдықтың ол арғы бетіне

    Жол нұсқап, нұр шашқандай

    Жаңа дүниеге,

    Жаңа дүниеге,

    Жаңа дүниеге,

    Жаңа дүниеге.