Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Мен кімге бармақпын?

Мен кімге бармақпын?

Жүктеу:

  1. 1. Құлақ асып Исаға,

    Соңыңнан мен ердім.

    Жүріп алдымда,

    Жол сілтеп келеді.

    Ол ізгі бағушым —

    Мені қамқорлайды,

    Бағыт береді,

    Еш адастырмайды.

    ҚАЙЫРМАНЫҢ АЛДЫ:

    Бөтендердің даусына

    Еріп, көнбеймін ырқына.

    Тайдырмас ешқашан

    Мені шындық жолынан.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ием, мен кімге барам?

    Шындық сөздері тек сізде ғой.

    Кімге мен бармақпын, Ием?

    Мәңгілік өмірге

    Жетелер сөзіңді

    Күн сайын орындап мен жүрем.

  2. 2. Оның отарынан мен

    Жайлы пана таптым,

    Бір бөлшегі боп

    Зор бауырластықтың.

    Ехоба Құдайдың

    Ниетін орындап,

    Ол мәңгілік өмір

    Маған сыйлады.

    ҚАЙЫРМАНЫҢ АЛДЫ:

    Бөтен дауыстарға

    Еріп, көнбеймін ырқына.

    Тайдырмас ешқашан

    Мені шындық жолынан.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ием, мен кімге барам?

    Шындық сөздері тек сізде ғой.

    Кімге мен бармақпын, Ием?

    Мәңгілік өмірге

    Жетелер сөзіңді

    Күн сайын орындап мен жүрем.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Ием, мен кімге барам?

    Шындық сөздері тек сізде ғой.

    Кімге мен бармақпын, Ием?

    Мәңгілік өмірге

    Жетелер сөзіңді

    Күн сайын орындап мен жүрем

    Ием, мен кімге барам?

    Ешқашан таймаспын жолыңнан!