Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Алтын ұям

Алтын ұям

Жүктеу:

  1. 1. Өмірдің толқыны

    Алыстатып жағадан,

    Үміттің білтесін

    Сөндірді ызғарлы дауыл-боран.

    Бірақ үнім жетіп көкке,

    Ехоба тез келер көмекке.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Мені ол іздейді еш тынбай,

    Жанымды ол жалғыздыққа қимай.

    Жетелейді Бағушым мені өз ұяма,

    Қауіпсіз панама — қауымға.

  2. 2. Өзіңдей жоқ пана,

    Алтын ұям — қауымым.

    Көңілім жайланар

    Сендермен бірге жүрсем, бауырларым.

    Қол үзіп қалсаң сен панаңнан,

    Ехоба ұғады көз жасыңнан.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Сені ол даусымен бағыттап,

    Мәні мол шағыңды еске салад(ы).

    Жетелейді Бағушың сені өз ұяңа,

    Қауіпсіз панаңа — қауымға.

    ӨТКЕЛ:

    Қош келдің үйге!

    Шын сағындық өзіңді,

    Жылы жүзіңді.

    Қатты сағындың ба сен де үйіңді?

    Үйіңді.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Мені ол тапқанынша еш тынбай,

    Іздеді ол жалғыздыққа қимай.

    Жетеледі Бағушым,

    Енді жалғыз болмаймын,

    Үйге келдім.