Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Әкемізді бір үнмен даңқтаймыз

Әкемізді бір үнмен даңқтаймыз

Жүктеу:

  1. 1. Жер жарасы ауыр,

    Соғыстар болған жауыр.

    Мың сауалдың жоқ жауабы,

    Дал болған халықтар-ай.

    Үміт отын жақты,

    Ехобаның жауабы.

    Патшалық келіп, бәрі реттеліп,

    Шырқаймыз зор дауыспен:

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Бір сеніммен,

    Бір үнмен

    Әкемізді

    Даңқтаймыз ән-жырмен,

    Аспан мен жер бірге.

  2. 2. Қандай күн туса да,

    Ехоба қасымызда.

    Өзендей аққан, ақылдан асқан

    Бізде тыныштығы бар.

    Үміт сөздерімен

    Жанымызды емдеп,

    Бізді жылатқан бар қайғыдан

    Арылтар мәңгіге.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Бір сеніммен,

    Бір үнмен

    Әкемізді

    Даңқтаймыз ән-жырмен,

    Аспан мен жер бірге.

    ӨТКЕЛ:

    Әділ Патша Иса

    Азат етіп бізді,

    Өлім, күнәні, жеңгенде бәрін,

    Бөленер мадаққа

    Тек Ехоба ғана.

    ҚАЙЫРМАСЫ:

    Бір сеніммен,

    Бір үнмен

    Әкемізді

    Даңқтаймыз ән-жырмен.

    Бір сеніммен,

    Бір үнмен

    Әкемізді

    Даңқтаймыз ән-жырмен,

    Аспан мен жер бірге.

    Келді сол күн, міне!