Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

СТРЕСТІ ЖЕҢЕ БІЛІҢІЗ

Стресте жүрсіз бе?

Стресте жүрсіз бе?

“Стреске түспейтін адам жоқ шығар. Бірақ мендегі стресс тым ауыр. Ол бір ғана қиындықтан туындаған жоқ, айта берсем, стрестің себебі көп. Мен психикасы мен денсаулығы сыр берген күйеуімді жылдар бойы бағып келемін, күнделікті күрес, өмірдің тауқыметі тағы бар” (Жамал) a.

“Мені әйелім тастап кеткен, сондықтан екі баланы бағып-қағу менің мойныма жүктелді. Жалғызбасты әке болу оңайға соққан жоқ. Бұл аздай, сол кезде жұмысымнан айырылдым, көлігімді жөндететін ақша болмай қалды. Не істерімді білмей, тығырыққа тірелдім. Мұның бәрін көтере алмай, күйзеліп кеттім. Өз-өзіңе қол жұмсаудың күнә екенін білетінмін, сондықтан Құдайдан жанымды ала гөр деп тіледім” (Дамир).

Сіз де Жамал мен Дамир сияқты кей кездері стрестің ауыр салмағын көтере алмай қаласыз ба? Ендеше, алдағы мақалалар мазасыз жаныңызға жай беріп, стреспен күресуге көмектеседі деген үміттеміз. Стрестің себептері, әсері және қалай одан біршама арылуға болатыны жайлы оқып көріңіз.

a Есімдер өзгертілген.