Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Жаратқанға жақындататын білім

Жаратқанға жақындататын білім

Біздің Жаратушымыз — құдіретті күштің иесі. Десе де оның басқа да көркем қасиеттері бар. Құдай оны танып-білгенімізді, оған жақындағанымызды қалайды (Жохан 17:3; Жақып 4:8). Міне, сондықтан да ол өзі жайлы көп нәрсені ашып берген.

Жаратушымыздың есімі бар

“Адамдар сенің есімің Ехоба екенін, Бүкіл жер бетін билейтін жалғыз Құдай Тағала екеніңді білсін” (ЗӘБҮР 83:18).

Киелі жазбаларда Ехобаның жалғыз шынайы Құдай екені айтылған. Ол бүкіл ғалам мен күллі тіршілікті жаратқан. Сондықтан құлшылығымызға сол ғана лайық (Аян 4:11).

Ехоба — сүюші Құдай

“Құдай — сүйіспеншілік” (ЖОХАННЫҢ 1-ХАТЫ 4:8).

Ехоба Құдай асыл қасиеттерін өзінің Сөзі — Киелі кітап арқылы және табиғат әлемі арқылы ашады. Сол қасиеттердің ішіндегі ең бастысы — сүйіспеншілік. Оның әрбір ісі сүйіспеншіліктен туындайды. Ехобаны жақын тани келе, оны жақсы көріп кетесіз.

Ехоба — кешірімшіл Құдай

“Сен кешірімшіл... Құдайсың” (НЕХЕМИЯ 9:17).

Ехоба біздің күнәкар пенде екенімізді біледі. Сондықтан ол жасаған қате-күнәларымызды кешіруге дайын. Оған күнәмізді мойындап, кешірім сұрасақ және оны қайталамау үшін барымызды салсақ, Құдайдың кешірімін аламыз. Ол бізді бұрынғы күнәларымыз үшін жазаламайды (Зәбүр 103:12, 13).

Ехоба тілек-дұғамызды қабыл алады

“Ехоба өзін шақыратындардың бәрінің қасында... Көмек сұраған үндерін естиді” (ЗӘБҮР 145:18, 19).

Ехоба дұғамызды қабыл алу үшін, ғибадатымызда бізге қандай да бір діни жоралар жасаудың я қасиетті заттарға табынудың қажеті жоқ. Ол мұндай шарт қоймайды. Балаларының айтқанын құлақ салып тыңдайтын мейірбан ата-анадай, Ехоба да бізді бар зейінімен тыңдайды.