Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

1-БӨЛІМ

Жаратылыстың басталуынан дүниежүзілік топан суға дейін

Жаратылыстың басталуынан дүниежүзілік топан суға дейін

Көк пен жер қайдан пайда болды? Күн, ай, жұлдыздар мен жер бетіндегі басқа нәрселердің барлығы ше? Олар қалай пайда болды? Бұл сұрақтардың дұрыс жауабын Киелі кітап береді. Ол бұлардың барлығын жаратқан Құдай дейді. Міне, сондықтан біздің кітабымыз Киелі кітаптағы жаратылыстың басталуы туралы әңгімелерден басталады.

Біз Құдайдың ең алғашқы жаратылысы — рухани тұлғалардың өзіне ұқсас болғандығын білетін боламыз. Бұл періштелер еді. Бірақ жер біз үшін, адамдар үшін, жаратылған болатын. Сондықтан Құдай Адам және Хауа атты еркек пен әйелді жаратып, оларды тамаша баққа қоныстандырды. Алайда олар Құдайдың тілін алмай, өмір сүру құқынан айырылып қалды.

Адамның жаратылуынан дүниежүзілік топан суға дейін 1656 жыл өтті. Осы уақыт аралығында көптеген жаман тұлғалар өмір сүрді. Аспанда көрінбейтін рухани тұлғалар — Шайтан мен оның зұлым періштелері — өмір сүрді. Ал жерде болса Қабыл және басқа да көптеген жаман адамдар өмір сүрді. Бұл жаман адамдардың арасында аса бір ерекше күшті адамдар да болды. Бірақ жер бетінде Әбіл, Енох, Нұх сияқты жақсы адамдар да бар еді. БІРІНШІ бөлімде біз осы оқиғалар мен осы адамдар жөніндегі әңгімелерді оқимыз.