Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

5-ОҚИҒА

Қиын өмірдің басталуы

Қиын өмірдің басталуы

ЕДЕМ бағынан қуылғаннан кейін Адам мен Хауаның басына қиын күндер туды. Тамағын тауып жеу үшін олар ауыр еңбек етуге мәжбүр болды. Айналада ағаштардың дәмді жемістерінің орнына тікенді шөптер мен шеңгел өсті. Құдайдың тілін алмай, Оның достығынан айырылғанының нәтижесі, міне, осындай болды.

Ал ең жаманы, олар өле бастады. Есіңе алшы, Құдай оларға тыйым салынған ағаштың жемісін жейтін болсаңдар, өлесіңдер деп ескерткен еді ғой. Дәл солай болып шықты: сол ағаштың жемісін жеген күннен бастап, олар өле бастады. Құдайдың тілін алмауымен олар қандай ақылсыздық жасады десеңші!

Адам мен Хауаның балаларының барлығы Құдай оларды Едем бағынан қуып жібергеннен кейін туылды. Бұл олардың балалары да қартайып өлуге тиіс дегенді білдірді.

Егер Адам мен Хауа Ехобаның тілін алғанда, өздері де, балалары да бақытты өмір сүрген болар еді. Барлығы жер бетінде бақытты әрі мәңгі өмір сүрер еді. Ешқайсысы қартаймас та, ауырмас та, өлмес те еді.

Құдай адамдардың мәңгі әрі бақытты өмір сүргенін қалайды. Сонымен қатар Ол күндердің-күнінде адамдар мәңгі өмір сүретін болады деп уәде етеді. Ол кезде дүние жүзі ғажап болып қана қоймайды, адамдардың денсаулығы да зор болады. Сондай-ақ дүние жүзіндегі адамдардың барлығы бір-бірімен де, Құдаймен де достық қарым-қатынаста болады.

Бірақ Хауа енді Құдайдың досы емес еді. Сондықтан оған балалы болу оңайға соқпады. Ол қиналып босанатын болды. Ехобаның тілін алмағандығы оған қаншама ауыртпалық әкелді, көрдің бе?

Адам мен Хауаның көп ұлдары мен қыздары болды. Тұңғыш баласын олар Қабыл деп атады. Екінші баласына Әбіл деген ат қойды. Олармен не болғанын білесің бе?