Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

6-ОҚИҒА

Жақсы бала мен жаман бала

Жақсы бала мен жаман бала

ЕНДІ Қабыл мен Әбілге қарашы. Екеуі де ер жетіп қалған. Қабыл егінші болды. Ол дәнді дақылдар және жеміс-жидек пен көкөніс өсіретін.

Әбіл болса шопан еді. Ол қозыларды баққанды жақсы көретін. Олар өсе келе, қойға айналып, біраз уақыт өткен соң, Әбіл бір отар қой бағатын болды.

Бір күні Қабыл мен Әбіл Құдайға құрбандық шалды. Қабыл еккен егінінің түрлі өнімінен тарту етті. Әбіл болса отарындағы қойларының ең жақсысын құрбандыққа шалды. Ехобаға Әбіл де, оның құрбандығы да ұнады. Ал Қабылдың өзі де, оның құрбандығы да оған ұнамады. Неге екенін білесің бе?

Әбілдің сыйы Қабылдікіне қарағанда жақсырақ болғандықтан емес. Әбіл жақсы адам болғандықтан. Ол Ехобаны да, өз бауырын да жақсы көрді. Ал Қабылдың пейілі жаман болды: ол өз бауырын жақсы көрмеді.

Сондықтан Құдай Қабылға ниетіңді түзе деген болатын. Бірақ Қабыл бұл сөздерге құлақ аспады. Ол Құдайдың Әбілді көбірек жақсы көретініне қатты ашуланды. Сондықтан Қабыл інісі Әбілге:— Далаға барайық,— деді. Далада екеуі жалғыз қалғанда, Қабыл інісіне тап беріп, ұрып жіберді. Оның қатты ұрғаны соншалық, інісі өліп қалады. Қабыл жан түршігерлік нәрсе істеді емес пе?

Әбіл өлгенімен, ол Құдайдың есінде. Әбіл қайырымды болатын, ал Ехоба қайырымды адамдарды ешқашан ұмытпайды. Сондықтан Ехоба Құдай бір кездері Әбілді қайта тірілтеді. Сол кезде Әбіл ешқашан өлмей, жер бетінде мәңгілік өмір сүретін болады. Әбіл сияқты адамдармен танысу ғажап емес пе?

Бірақ Құдайға Қабыл сияқты адамдар ұнамайды. Сондықтан Қабыл інісін өлтіргеннен кейін, Құдай оны жазалап үйінен алыс жаққа қуып жіберді. Қабыл кетер кезінде қарындастарының бірін өзімен бірге ала кетті, ал кейінірек ол оған үйленді.

Уақыт өте келе, Қабылдың балалары болды. Адам мен Хауаның басқа ұл-қыздарының барлығы да үйленіп, үй болып, олардың да балалары болды. Көп кешікпей жер бетінде адамдар көбейе түсті. Сол адамдардың кейбіреулерімен танысып көрейік.