Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

2-БӨЛІМ

Топан судан бастап Мысырдың құлдығынан құтқарылғанға дейін

Топан судан бастап Мысырдың құлдығынан құтқарылғанға дейін

Топан судан сегіз кісі ғана аман қалды. Бірақ уақыт өте келе, өсіп-өніп, олардың саны көптеген мыңға жетті. Топан судан 325 жыл өткен соң, Ыбырайым туылды. Құдайдың оған Ысқақ атты ұлы болатындығын уәде етіп, өз сөзінде тұрғандығын және Ысқақтың екі ұлының бірі Жақыптың Құдайдың таңдаулысы болатыны туралы білетін боламыз.

Жақыптың отбасы үлкен еді: оның он екі ұлы және бірнеше қызы болды. Жақыптың он ұлы өз інілері Жүсіпті жек көріп, оны Мысырға құлдыққа сатып жіберді. Кейінірек Жүсіп Мысырдың елеулі билеушісіне айналды. Қатты жұт басталғанда, Жүсіп ағаларының жүрек пиғылдары өзгерді ме, жоқ па, соны білу үшін оларды сынады. Ақыр аяғында Жақыптың бүкіл отбасы, исраилдіктер, Мысырға көшіп келді. Бұл оқиға Ыбырайымның туылғанынан 290 жыл өткен соң болды.

Бұдан кейінгі 215 жыл бойы исраилдіктер Мысырда өмір сүрді. Жүсіп өлген соң, олар құлға айналды. Біраз уақыт өткен соң, Мұса туылды және Құдай Мұса арқылы исраилдіктерді Мысырдың құлдығынан құтқарды. Жалпы алғанда, ЕКІНШІ бөлімде 857 жыл аралығындағы тарих әңгімеленеді.

 

БҰЛ САНАТТА

32-ОҚИҒА

Он жаза