Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

3-БӨЛІМ

Мысырдан шығудан бастап Исраилдің алғашқы патшасына дейін

Мысырдан шығудан бастап Исраилдің алғашқы патшасына дейін

Мысырдың құлдығынан азат етілгеннен кейін, Мұса исраилдіктерді Синай тауының бөктеріне әкелді. Осы жерде Жаратқан Ие оларға өзінің заңын берді. Кейінірек Мұса Қанахан жеріне он екі кісіні барлаушы етіп жіберді. Бірақ олардың ішінде оны Қанахан жері жөнінде жағымсыз хабар әкелді. Олардың мұндай хабар әкелуі исраилдіктердің қайта Мысырға қайтқылары келуіне себеп болды. Сенімсіздіктері үшін Құдай исраилдіктерді жазалады да, олар қырық жыл бойы құла түзде көшіп-қонып жүрді.

Ақырында, исраилдіктерді Қанахан жеріне алып кіру үшін басшы боп Ешуа тағайындалды. Ехоба кереметтер жасау арқылы исраилдіктерге Қанаханды жаулап алуға көмектесті. Ол Иордан өзенінің суын бөгеді, Иерихонның қорғанын құлатты және бір тәулік бойы күнді өз орнында тақтатып қойды. Алты жыл өткен соң, ақыр аяғында исраилдіктер қанахандықтардың жерін тартып алды.

Ешуадан бастап 356 жыл бойы Исраилде билер басшылық етті. Біз Барақ, Гедеон, Ефта, Самсон және Самуил сияқты билермен танысамыз. Сонымен қатар Рахаб, Дебора, Жаел, Рут, Нағима және Далила сияқты әйелдер жөнінде де оқимыз. Жалпы алғанда, ҮШІНШІ бөлім 396 жыл аралығындағы тарихты қамтиды.