Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

43-оқиға

Ешуаның басшы болуы

Ешуаның басшы болуы

МҰСА исраилдіктермен бірге Қанахан жеріне кіргісі келді. Сондықтан ол:

— Ехоба, мен де Иордан өзенінен өтіп, сол игі жерді көрейінші,— деп өтінді.

Бірақ Ехоба:

— Жетер енді! Бұл өтінішіңді енді қайталама!— деді. Ехобаның неге бұлай жауап бергенін білесің бе?

Бұдан алдын Мұса аса таяғымен жартасты ұрғанда, бір оқиға болып еді ғой. Мұса мен Һаронның Ехобаны мадақтамағанын есіңе түсірші. Олар жартастан су шығарған Ехоба екендігін халыққа айтпай қойған болатын. Сол үшін Ехоба олардың Қанаханға кірмейтіндігін айтқан.

Һаронның өлгеніне біраз уақыт болған соң, Ехоба Мұсаға:

— Ешуаны ал да, діни қызметкер Елазар мен халықтың алдына тұрғыз. Сосын, бүкіл халықтың алдында Ешуаның жаңа басшы болатындығын жария ет,— деп бұйырды. Мына суреттен көріп тұрғаныңдай, Мұса Тәңірдің айтқанын бұлжытпай орындады.

Бұдан кейін Ехоба Ешуаға:

— Қайраттан, үрейленбе! Мен уәде еткен Қанахан жеріне исраилдіктерді сен алып кіресің, ал мен сенімен бірге боламын,— деді.

Сосын, Жаратқан Ие Мұсаға Моаб жеріндегі Небо тауына шығуы керек екенін айтты. Сол жерден Мұса Иордан өзенінің арғы бетіне қарады да, шұрайлы Қанахан жерін көрді. Сонда Ехоба:

— Мен Ыбырайымның, Ысқақтың және Жақыптың ұрпақтарына беремін деп уәде еткен жер осы. Мен саған бұл жерді көрсеттім, бірақ сен онда кірмейсің,— деді.

Мұса сол жерде, Небо тауының басында, қайтыс болды. Ол жүз жиырма жаста еді. Оның әлі қажыры да қайтпаған-ды, көздері де жақсы көретін-ді. Мұса өлгенде халық қатты қайғырып жоқтады. Бірақ олар енді халықтың жаңа басшысы Ешуаның барына қуанды.