Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

74-ОҚИҒА

Ер жүрек адам

Ер жүрек адам

АДАМДАРДЫҢ мына жігітке күліп жатқанына көз салшы. Оның кім екенін білесің бе? Бұл — Еремия. Ол Ехобаның көпшілікке белгілі пайғамбары.

Жосия патша елдегі пұттарды жоюды бастаған соң, көп ұзамай Ехоба Еремияға Өзінің пайғамбары болуды бұйырады. Алайда Еремия өзін тым жас деп есептейді. Бірақ Ехоба оны қолдауға сөз береді.

Еремия исраилдіктерді жаман қылық істеуді доғаруға шақырады.

— Халықтардың табынып жүрген құдайлары — жалған тәңірлер,— дейді ол. Дегенмен исраилдіктердің көпшілігі шын құдай Ехобаға емес, пұттарға табынуды қалайды. Сондықтан Еремия жақында Тәңірден келер жаза туралы жария еткенде, халық оған күлетін.

Жылдар өтеді. Жосия өмірден өтеді де, үш айдан кейін таққа оның ұлы Ехойәкім отырады. Еремия болса бұрынғысынша халыққа:

— Егер сендер жаман жолдан таймасаңдар, Иерусалим күйрейді,— деп жария етіп жүреді.

— Бұндай сөздерің үшін сені өлтіру керек,— деп айғайлап, діни қызметкерлер оған тап береді. Сосын, олар Исраил мырзаларына:

— Еремияны өлім жазасына кесу керек, өйткені ол біздің қаламызға қарсы сөйлеуде,— дейді.

Енді Еремия не істейді? Ол үрейге берілмейді!

— Мен Ехобаның айт дегенін айтып тұрмын. Егер сендер жаман жолдан қайтпасаңдар, Ехоба Иерусалимнің күйреуіне жол береді. Бірақ естеріңде болсын: сендер мені өлтірсеңдер, әділ адамды өлтіргендерің,— деп жариялайды ол.

Қала мырзалары Еремияны тірі қалдырады, бірақ исраилдіктер сол күйінде жаман жолдарынан қайтпайды. Кейінірек Бабыл патшасы Набуходоносор Иерусалимге қарсы соғысады да, ақыр аяғында исраилдіктерді құлға айналдырады. Көптеген исраилдіктер Бабылға тұтқынға алынады. Бөтен адамдардың сені өз үйіңнен бөгде елге әкетуі қаншалықты ауыр екенін елестетіп көрші!