Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

93-ОҚИҒА

Исаның көптеген адамды тамақтандыруы

Исаның көптеген адамды тамақтандыруы

СҰМДЫҚ бір оқиға болды. Қазір ғана шомылдырушы Жақияны өлтірді. Оны патшаның әйелі Иродияда ұнатпайтын. Сондықтан патшаны Жақияның басын алдыртуға мәжбүр етеді.

Иса бұны естігенде көңілі түсіп, жеке қалу үшін оңашалау жерге барады. Бірақ халық оның соңына ілеседі. Иса көптеген халықты көргенде, оларға жаны ашиды. Ол халыққа Құдай Патшалығы туралы айтып береді, олардың ауру-сырқауларын да емдейді.

Сол күні кешке оған шәкірттері келіп:

— Бұл маңайда ешкім тұрмайды. Күн де кеш болып қалды. Жұртты жақын арадағы ауылдарға барып тамақтануға жіберсейші,— дейді.

— Ешқайда барудың қажеті жоқ,— деп қарсылық білдіреді Иса. — Сендер оларға тамақ беріңдер.

Сосын, Філіпке қарап:

— Мына жұрттың бәріне тамақты қайдан сатып алуға болады?— деп сұрайды.

— Әрқайсысына, ең болмағанда, азғанадан жететін тағам алу үшін көп ақша керек,— дейді Філіп.

— Біздің тамағымызды көтеріп келе жатқан балада бес күлше нан мен екі балық бар. Бірақ мына жамағатты тойдыру үшін ол түк те болмас,— дейді Әндір.

— Халықты көгалға жайғастырыңдаршы,— дейді Иса. Сосын, тағам үшін Құдайға шүкіршілік етеді де, оны бөле бастайды. Шәкірттері болса халыққа нан мен балықты таратады. Бұл жерге 5000 мың ер кісі мен одан да көп мыңдаған әйелдер мен балалар жиылған еді. Олардың барлығы тойғандарынша тамақтанып алады. Шәкірттері қалған нанды жинап алғанда, он екі себет толады!

Сосын, Иса шәкірттерінен қайыққа отырып, Ғалилея көлінің арғы жағалауына өтуін өтінеді. Ал түнде қатты дауыл басталып, қайықты бір шеттен екінші шетке ырғалтып соққылайды. Оның шәкірттерінде зәре жоқ. Кенет, таң атар алдында, олар судың үстімен келе жатқан бір нәрсені көреді. Бұның не екенін білмеген олар зәре-құттары қалмай айғайлайды.

— Қорықпаңдар,— дейді Иса,— келе жатқан менмін ғой.

Бірақ олар әлі де сенер емес. Сонда Петір:

— Ием, бұл шынында да сен болсаң, маған судың бетімен кел деп бұйыршы,— дейді.

— Кел,— деп бұйырады Иса. Петір болса қайықтан түсіп, судың бетімен жүріп кетеді! Кенет Петірді қорқыныш билеп кетеді де, суға бата бастайды, бірақ Иса оны құтқарып алады.

Кейінірек Иса тағы да мыңдаған адамды тамақтандырады. Бұл жолы ол жеті күлше нанмен және бірнеше кішкентай балықпен тойдырады. Тағы да ас бәріне жеткілікті болады. Исаның осылайша адамдардың қамын ойлауы ғажап емес пе? Ол Құдай тағайындаған Патша ретінде билік етуін бастаған уақытта, біз ешнәрсені ойлап қам жемейтін боламыз!