Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

100-ОҚИҒА

Иса бақта

Иса бақта

ИСА мен елшілер жоғарғы бөлмеден шығып, Гетсимани бағына бет алады. Бұл олардың осы баққа бірінші рет келуі емес еді. Сосын, Иса елшілерін ұйықтамай дұға етуге шақырады. Өзі олардан аулағырақ барып, бетін жерге басып, дұға етеді.

Бұдан кейін Иса шәкірттерінің қасына қайтып келеді. Қалай ойлайсың, олар не істеп жатыр еді? Ұйықтап жатқан болатын! Иса олардан ұйықтап қалмауды үш рет өтінеді, алайда үш ретінде де қайтып оралғанда, олардың ұйықтап жатқанын көреді. Үшінші рет қайта оралғанда, Иса олардан:

— Қалайша сендер осындай уақытта ұйықтай аласыңдар?— деп сұрайды.— Мен дұшпандарымның қолына дәл қазір берілемін ғой.

Сол сәтте жақындап келе жатқан бір топ адамның топыры естіледі. Қарашы! Семсерлері мен сойылдары бар адамдар пайда болды! Қолдарында жолға жарық түсіру үшін ұстаған алаулары бар. Топ жақындағанда, одан бір адам бөлініп шығып, Исаға жақындайды. Мына суретке қарашы, ол Исаны сүйіп жатыр. Бұл — Яһуда Исқариот! Алайда неге ол Исаны сүйіп жатыр?

— Яһуда, бетімнен сүйіп тұрып опасыздық жасайсың ба?— деп сұрайды Иса одан. Иә, оның Исаның бетінен сүюі белгі болатын. Яһуда өзімен бірге келгендерге мына адамдардың қайсысы Иса екендігін осылай көрсетеді. Сонда Исаның дұшпандары оны ұстап алмақ болады. Бірақ Петір оны жайдан-жай жауға бере салғысы келмейді. Ол семсерін ала сала өзіне жақын тұрған адамға сілтеп қалады. Петір оның басына тигізуге сәл-ақ қалып, оң құлағын шауып түсіреді. Бірақ Иса оның құлағына қолын тигізеді де, сауықтырып жібереді.

Ол Петірге:

— Семсеріңді орнына сал. Әлде сен егер Әкемнен тілесем, маған мыңдаған періштестін жібермейді деп ойлайсың ба?— дейді. Рас, ол солай ете алар еді! Бірақ қазір жауларының оны алып кетер шағы келгендіктен, Иса Әкесінен періштелер жіберуін тілемейді. Сондықтан ол қарсылық білдірмейді де, жасақшылар оны алып кетеді. Кел, бұдан кейін олардың Исаға не істегенін көрейік.