Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

7-БӨЛІМ

Исаның қайта тірілуінен Пауылдың түрмеге қамалуына дейін

Исаның қайта тірілуінен Пауылдың түрмеге қамалуына дейін

Иса өлген соң, үш күннен кейін қайта тірілтіледі. Сол күні-ақ ол ізбасарларына бес рет көрінеді. Осылайша қырық күн бойы оларға көрініп жүреді. Сосын, бірнеше ғана шәкіттерінің көзінше көкке көтеріледі. Он күн өткен соң, осы уақыттың бәрінде Иерусалимде болған Исаның ізбасарларына Жаратқан Ие киелі рухын төгеді.

Бұдан кейін Құдайдың жаулары елшілерді түрмеге жаптырады, бірақ оларды періште босатып жібереді. Степан деген шәкіртті таспен ұрып өлтіреді. Сосын, біз Исаның осы дұшпандарының арасынан бір кісіні өзіне ерекше қызметкер етіп таңдап алғанын және оның кейін елші Пауыл болғанын білеміз. Исаның өлімінен кейін үш жарым жыл өткен соң, Жаратқан Ие Петірді яһудилік емес Корнел мен оның үй-ішіне уағыз айтуға жібереді.

Ал он үш жыл өткен соң, Пауыл ізгі хабарды жариялау мақсатымен алғашқы сапарына аттанады. Екінші рет сапар шеккенде, оған Тімоте ілеседі. Біз Пауыл мен оның серіктестерінің өз сапарларында кезіккен жан толғантарлық оқиғалармен танысамыз. Соңында Пауылды Римдегі түрмеге отырғызады. Екі жылдан кейін оны босатады, алайда кейін оны қайта абақтыға жабады да, өлім жазасына кеседі. ЖЕТІНШІ бөлімде шамамен отыз екі жыл аралығында болған оқиғалар баян етіледі.