Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

114-ОҚИҒА

Зұлымдық атаулының жойылуы

Зұлымдық атаулының жойылуы

СЕН мына жерден не көріп тұрсың? Иә, ақ атқа мінген салт аттылар әскерін. Алайда анықтап қарашы, олар қайдан шауып келеді. Аспаннан бұлттың үстімен шауып келеді! Бірақ аспанда аттар бар ма?

Әрине жоқ. Міне, сондықтан бұлар кәдімгі аттар емес. Кәдімгі аттар бұлттың үстімен шаба ала ма? Дегенмен Киелі кітапта аспандағы аттар жөнінде айтылады. Неге екенін білесің бе?

Өйткені бұрын аттарды соғысу үшін қолданатын. Сондықтан Құдайдың жер бетінің тұрғындарына қарсы соғысатынын көрсету үшін Киелі кітапта аспаннан шауып келе жатқан салт аттылар туралы айтылады. Осы соғыс болатын жердің қалай аталатынын білесің бе? Һар-Магедон. Бұл соғыста жер бетіндегі бар зұлымдық жойылады.

Һар-Магедонда болатын соғыста Иса қолбасшы болады. Жаратқан Ие өз үкіметінің Патшасы етіп Исаны таңдап алғанын есіңе алшы. Сондықтан да Исаның басында патшалар киетін тәж бар. Ал семсер болса Исаның Құдайдың жауларының барлығын жоятындығын білдіреді. Құдай зұлым адамдардың бәрін жоятынына сенесің бе?

Оныншы тарауды қайта ашып қарашы. Ол жерден не көріп тұрсың? Иә, дүниежүзілік топан су зұлым адамдарды жойып жатыр. Бұл топан суды жіберген кім? Ехоба Құдай. Ал енді он бесінші тарауға қарап көрші. Ол жерден не көріп тұрсың? Ехобадан келген от Содом мен Ғомораны жойып жатыр.

Енді отыз үшінші тарауға қарашы. Мысырлықтардың аттары мен әскери арбалары қандай күйге ұшырауда. Оларды басып қалған суды кім жіберді? Ехоба. Осылайша ол өз халқын қорғап қалған. Жетпіс алтыншы әңгімеге көңіл бөлші. Ол жерден сен Ехобаның өзінің халқы исраилдіктердің зұлым істері үшін жойылуына жол бергенін көресің.

Сондықтан бізге Ехоба өзінің көктегі әскерін жіберіп, жер бетіндегі бар зұлымдықты жоятындығына таң қалудың қажеті жоқ. Дегенмен бұның нені білдіретінін ойланып көрші! Кел, келесі бетті ашайық та, көрейік.