Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

“Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” басылымын зерттеуге арналған сұрақтар

“Менің Киелі кітап әңгімелері жазылған кітабым” басылымын зерттеуге арналған сұрақтар

1-оқиға

Құдайдың жаратуды бастауы

  1. Дүниедегі жақсы нәрселердің барлығы қайдан пайда болды және бұл жөнінде мысал келтіре аласың ба?

  2. Құдай ең алғашында не жаратты?

  3. Неліктен ең алғашқы періште ерекше еді?

  4. Алғашқыда жер беті неге ұқсас болғанын суреттеп бер (Суретке қара).

  5. Құдай жерді адамдар мен жануарларға қалай дайындай бастады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Еремия 10:12 оқы.

    Құдайдың жаратқандарынан оның қандай қасиеттерін байқауға болады? (Иш. 40:26; Рим. 11:33)

  2. Қолостықтарға 1:15—17 оқы.

    Жаратуда Иса қандай рөл атқарды және бұл оған деген көзқарасымызға қалай әсер ету керек? (Қол. 1:15—17)

  3. Жаратылыс 1:1—10 оқы.

    1. Жер қалай пайда болды? (Жар. 1:1)

    2. Бірінші жаратылыс күні не болды? (Жар. 1:3—5)

    3. Екінші жаратылыс күні не болғанын айтып бер (Жар. 1:7, 8).

2-оқиға

Тамаша бақ

  1. Құдай жерді біздің үйіміз ретінде қалай дайындады?

  2. Құдай жаратқан сан алуан жануарларды суреттеп бер (Суретке қара).

  3. Не себепті Едем бағы ерекше болды?

  4. Құдай бүкіл жер бетінің қандай болғанын қалады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 1:11—25 оқы.

    1. Құдай үшінші жаратылыс күні нені жаратты? (Жар. 1:12)

    2. Төртінші жаратылыс күні не болды? (Жар. 1:16)

    3. Құдай бесінші және алтыншы күндері қандай жан-жануарларды жаратты? (Жар. 1:20, 21, 25)

  2. Жаратылыс 2:8, 9 оқы.

    Құдай бақтың ішіне қандай ерекше екі ағаш өсірді және олар нені бейнеледі?

3-оқиға

Алғашқы еркек пен әйел

  1. 3-оқиғадағы суреттің 2-оқиғадағы суреттен қандай айырмашылығы бар?

  2. Алғашқы адамды кім жаратты және оның есімі кім еді?

  3. Құдай Адамға қандай жұмыс тапсырды?

  4. Неліктен Құдай Адамды терең ұйқыға батырды?

  5. Адам мен Хауа қанша уақыт өмір сүре алар еді және Құдай олардың қандай жұмыс атқарғанын қалады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Мысырдан шығу 3:15 оқы (сілтемені қара және Мысырдан шығу 15:3 Синод аудармасымен салыстыр).

    Құдайдың есімі кім және оның жерге байланысты қандай бірегей дәрежесі бар? (Мыс. ш. 3:15; Мар. 5:7, сілтемені қара)

  2. Жаратылыс 1:26—31 оқы.

    1. Алтыншы күні Құдайдың жаратуының шарықтау шегі не болды және оның жан-жануарлардан қандай айырмашылығы болды? (Жар. 1:26)

    2. Ехоба адам мен жан-жануарларды немен қамтамасыз етті? (Жар. 1:30)

  3. Жаратылыс 2:7—25 оқы.

    1. Адамның жануарларға ат қою тапсырмасына тағы не кірді? (Жар. 2:19)

    2. Жаратылыс 2:24-тегі сөздер Құдайдың некеге, бөлек тұруға және ажырасуға деген көзқарасын түсінуімізге қалай көмектеседі? (Мат. 19:4—6, 9)

4-оқиға

Олар неге баспанасынан айырылып қалды?

  1. Суретте көрініп тұрғандай, Адам мен Хауа қандай жағдайға ұшырады?

  2. Не себепті Ехоба оларды жазалады?

  3. Жылан Хауаға не деді?

  4. Хауамен жылан арқылы сөйлескен кім?

  5. Неге Адам мен Хауа жұмақ үйлерінен айырылып қалды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 2:16, 17; 3:1—13, 24 оқы.

    1. Жыланның Хауаға қойған сұрағы Ехобаны қалай қаралады? (Жар. 3:1—5; Жох. 1-х. 5:3)

    2. Хауамен болған жағдай қалайша бізге ескерту болып табылады? (Філіп. 4:8; Жақ. 1:14, 15; Жох. 1-х. 2:16)

    3. Қалай Адам мен Хауа жасаған істерінің жауапкершілігінен қашты? (Жар. 3:12, 13)

    4. Едем бағының шығыс жағына қойылған керубтер Ехобаның әлемдік билігін қалай қолдады? (Жар. 3:24)

  2. Аян 12:9 оқы.

    Шайтанның адамзатты Құдайдың билігіне қарсы қоюы қаншалықты жемісті болды? (Жох. 1-х. 5:19)

5-оқиға

Қиын өмірдің басталуы

  1. Адам мен Хауаның Едем бағынан тысқарыдағы өмірі қандай болды?

  2. Адам мен Хауаға не бола бастады, әрі неге?

  3. Не себепті Адам мен Хауаның балалары қартайып, өлетін болды?

  4. Егер Адам мен Хауа Құдайға мойынсұнғанда, олардың және балаларының өмірі қандай болар еді?

  5. Қалай Хауа өзінің мойынсұнбауының зардабын тартты?

  6. Адам мен Хауаның алғашқы екі ұлының есімдері кім болды?

  7. Суреттегі басқа балалар кімдер?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 3:16-23; 4:1, 2 оқы.

    1. Жер топырағының қарғыс атуы Адам өміріне қалай әсер етті? (Жар. 3:17—19; Рим. 8:20, 22)

    2. Неліктен “Өмір сүруші” дегенді білдіретін Хауа атты есім орынды болды? (Жар. 3:20)

    3. Қалай Ехоба Адам мен Хауаға күнә жасағаннан кейін де қамқорлық көрсетті? (Жар. 3:7, 21)

  2. Аян 21:3, 4 оқы.

    Сен ‘бұрынғы әлемнен’ ненің жойылғанын асыға күтудесің?

6-оқиға

Жақсы бала мен жаман бала

  1. Қабыл мен Әбіл немен айналысушы еді?

  2. Қабыл мен Әбіл Құдайға қандай тартулар әкелді?

  3. Неге Ехобаға Әбілдің тартуы ұнамды болды да, ал Қабылдың тартуы ұнамады?

  4. Қабыл қандай адам болды, әрі Ехоба оны қалай түзеткісі келді?

  5. Қабыл інісімен далада жалғыз қалғанда не істеді?

  6. Өз інісін өлтіргеннен кейін, Қабылмен не болғанын айтып бер.

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 4:2—26 оқы.

    1. Ехоба Қабылдың қауіпті жағдайын қалай суреттеді? (Жар. 4:7)

    2. Қабыл өзінің шынайы пейілін қалай көрсетті? (Жар. 4:9)

    3. Ехобаның кінәсіз төгілген қанға деген көзқарасы қандай? (Жар. 4:10; Иш. 26:21)

  2. Жоханның 1-хаты 3:11, 12 оқы.

    1. Не себепті Қабыл қатты ашуланды және бұл біз үшін қалайша ескерту болып табылады? (Жар. 4:4, 5; Нақ. с. 14:30; 28:22)

    2. Бүкіл отбасымыз Ехобаға қарсы болса да, бәрібір мінсіздігімізді сақтай алатындығымызды Киелі кітап қалай көрсетеді? (Заб. 26:10; Мат. 10:21, 22)

  3. Жохан 11:25 оқы.

    Ехоба әділдік үшін өлгендердің барлығына қандай уәде береді? (Жох. 5:24)

7-оқиға

Батыл адам

  1. Енох қалайша басқалардан өзгеше болды?

  2. Неліктен Енохтың уақытындағы адамдар өте көп жаман істер жасады?

  3. Адамдар қандай жаман істер жасады? (Суретке қара)

  4. Не үшін Енохқа батыл болу керек еді?

  5. Сол уақытта адамдар қаншалықты ұзақ өмір сүретін, ал Енох қанша өмір сүрді?

  6. Енох қайтыс болғаннан кейін не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 5:21—24, 27 оқы.

    1. Енох Ехобамен қандай қарым-қатынаста еді? (Жар. 5:24)

    2. Киелі кітапқа сәйкес жер бетінде ең ұзақ өмір сүрген адам кім және ол қайтыс болғанда неше жаста еді? (Жар. 5:27)

  2. Жаратылыс 6:5 оқы.

    Енохтың өлімінен кейін жердегі жағдай қаншалықты ушықты, әрі бұл қазіргі күндерге қаншалықты ұқсас? (Тім. 2-х. 3:13)

  3. Еврейлерге 11:5 оқы.

    Енох қандай қасиетімен “Құдайға ұнамды” болды және мұның қандай игілігін көрді? (Жар. 5:22)

  4. Яһуда 14, 15 оқы.

    Бүгінде мәсіхшілер келе жатқан Һар-Магедон шайқасы жайында адамдарға ескерткенде, Енохтың батылдығына қалай еліктей алады? (Тім. 2-х. 4:2; Ев. 13:6)

8-оқиға

Жер бетіндегі дәулер

  1. Құдайдың кейбір періштелерінің Шайтанды тыңдағанының арты неге әкеліп соқты?

  2. Не себепті кейбір періштелер көктегі қызметтерін тастап, жер бетіне түсті?

  3. Неліктен періштелердің адам кейпіне еніп, жер бетіне келулері дұрыс емес болды?

  4. Періштелердің балаларының қандай ерекшелігі болды?

  5. Суреттен көрініп тұрғандай, періштелердің балалары алыптарға айналғанда немен айналысты?

  6. Енохтан кейін жерде қандай жақсы адам өмір сүрді және неліктен Құдай оны жақсы көрді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 6:1—8 оқы.

    Жаратылыс 6:6 жазылған сөздер біздің іс-әрекеттеріміз Құдайдың сезімдеріне әсер ететіндігін қалайша көрсетеді? (Заб. 77:40, 41; Нақ. с. 27:11)

  2. Яһуда 6 оқы.

    Нұхтың күндеріндегі періштелердің ‘тиесілі орындарын сақтамағандығы’ бізге қалай ескерту болып табылады? (Қор. 1-х. 3:5—9; Пет. 2-х. 2:4, 9, 10)

9-оқиға

Нұхтың кеме соғуы

  1. Нұхтың отбасында қанша адам болды және оның үш ұлының есімдері кім еді?

  2. Құдай Нұхқа қандай әдеттен тыс нәрсе жасауды бұйырды және неге?

  3. Нұх маңайындағыларға кеме жайында айтқанда, олар бұны қалай қабылдады?

  4. Құдай Нұхқа жан-жануарларға байланысты не істе деді?

  5. Құдай кеменің есігін жапқан соң, Нұх пен оның отбасы не істеу керек еді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 6:9—22 оқы.

    1. Нұхты шынайы Құдайдың көрнекті қызметшісі еткен не? (Жар. 6:9, 22)

    2. Құдай зорлық-зомбылыққа қалай қарайды және бұл біздің көңіл көтеру түрін таңдауымызға қалай әсер ету керек? (Жар. 6:11, 12; Заб. 10:5)

    3. Құдай ұйымынан басшылық алғанда, Нұхқа қалай еліктей аламыз? (Жар. 6:22; Жох. 1-х. 5:3)

  2. Жаратылыс 7:1—9 оқы.

    Құдайдың кемелсіз адам Нұхты әділ деп тапқаны бүгінде бізді қалайша жігерлендіреді? (Жар. 7:1; Нақ. с. 10:16; Иш. 26:7)

10-оқиға

Дүниежүзілік топан су

  1. Неге нөсер басталғанда, бірде-бір адам кемеге кіре алмады?

  2. Ехоба қанша күн және қанша түн нөсер жауғызды және судың деңгейі қаншалықты көтерілді?

  3. Жер бетін су ала бастағанда, кемемен не болды?

  4. Дәулер топан судан аман қалды ма? Ал олардың әкелері ше?

  5. Бес айдан соң кемемен не болды?

  6. Неліктен Нұх кемеден құзғынды ұшырды?

  7. Нұх жер бетінде судың тартылғанын қайдан білді?

  8. Нұх және оның отбасы бір жылдан астам уақыт кеменің ішінде болғаннан кейін, Құдай оған не деп айтты?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 7:10—24.

    1. Жердегі тіршілік қаншалықты жойылды? (Жар. 7:23)

    2. Топан су тартыла бастағанға дейін, қанша уақыт өтті? (Жар. 7:24)

  2. Жаратылыс 8:1—17 оқы.

    Жаратылыс 8:17-дегі сөздер Құдайдың жерге байланысты бастапқы ниеті өзгермегенін қалай көрсетеді? (Жар. 1:22)

  3. Петірдің 1-хаты 3:19, 20 оқы (орысша ЖД аудармасымен салыстыр).

    1. Бүлікші періштелер көкке қайта оралғанда, қандай жаза алды? (Яһуда 6 орысша ЖД аудармасымен салыстыр)

    2. Нұх және оның отбасы жайындағы мәлімет Құдай өз халқын құтқара алатындығына сенімімізді қалай нығайтады? (Пет. 2-х. 2:9)

11-оқиға

Алғашқы кемпірқосақ

  1. Суретте көрсетілгендей, Нұх кемеден шыққан соң, ең алдымен не істеді?

  2. Топан судан кейін Құдай Нұх пен оның отбасына қандай бұйрық берді?

  3. Құдай не деп уәде берді?

  4. Кемпірқосақ көргенде, есімізге не түсу керек?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 8:18—22 оқы.

    1. Бүгінгі күні біз Ехобаға арнап ‘құрбандықтың жағымды иісі’ іспетті не істей аламыз? (Жар. 8:21; Ев. 13:15, 16)

    2. Ехоба адамдардың ішкі ниеті жайында қандай ой түйді және осыған орай неден сақ болуымыз қажет? (Жар. 8:21; Мат. 15:18, 19)

  2. Жаратылыс 9:9—17 оқы.

    1. Ехоба жер бетіндегі барлық жаратылыс атаулымен қандай келісім жасады? (Жар. 9:10, 11)

    2. Кемпірқосақпен байланысты келісім қанша уақытқа жасалды? (Жар. 9:16)

12-оқиға

Адамдардың зәулім мұнара соғуы

  1. Нымрод деген кім және Ехоба оған қалай қарады?

  2. Суреттегі адамдар неліктен қыш құйып жатыр?

  3. Неге Ехобаға құрылыс жұмысы ұнамады?

  4. Құдай мұнара құрылысын қалай тоқтатып тастады?

  5. Қала қандай атқа ие болды және бұл атау нені білдірді?

  6. Құдай тілдерін шатастырып жібергеннен кейін, адамдармен не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 10:1, 8—10 оқы.

    Нымрод өзін қандай адам етіп көрсетті, сондай-ақ бұл біз үшін қандай ескерту болып табылады? (Нақ. с. 3:31)

  2. Жаратылыс 11:1—9 оқы.

    Мұнараның соғылу мақсаты не және не себепті бұл әуел бастан сәтсіздікке ұшырайтын жоспар болды? (Жар. 11:4; Нақ. с. 16:18; Жох. 5:44)

13-оқиға

Ыбырайым — Құдайдың досы

  1. Ур қаласында қандай адамдар тұрды?

  2. Суреттегі адам кім, қашан туылған және қай жерде өмір сүрген?

  3. Құдай Ыбырайымға не істе деді?

  4. Неліктен Ыбырайым Құдайдың досы атанды?

  5. Ыбырайыммен бірге тағы кімдер Урды тастап шықты?

  6. Ыбырайым Қанахан еліне келгенде, Құдай оған не деді?

  7. Ыбырайым 99 жаста болғанда, Құдай оған қандай уәде берді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 11:27—32 оқы.

    1. Ыбырайым мен Лут қалай туыс еді? (Жар. 11:27)

    2. Тарах өзінің отбасын Қанаханға көшірді делінсе де, бұл шын мәнінде Ыбырайымның басшылығымен болғандығын қайдан білеміз және неліктен ол бұлай істеді? (Жар. 11:31; Ел. іс. 7:2—4)

  2. Жаратылыс 12:1—7 оқы.

    Ыбырайым Қанахан еліне жеткенде, Ехоба онымен жасаған келісімінің аясын қалай кеңейтті? (Жар. 12:7)

  3. Жаратылыс 17:1—8, 15—17 оқы.

    1. Ыбырам 99 жаста болғанда, есімі қалай өзгертілді және неге? (Жар. 17:5)

    2. Ехоба болашақта Сараға қандай баталар беруді уәде етті? (Жар. 17:15, 16)

  4. Жаратылыс 18:9—19 оқы.

    1. Жаратылыс 18:19-дағы сөздер отағаларына қандай жауапкершілік жүктейді? (Заң. қ. 6:6, 7; Ефес. 6:4)

    2. Сарамен болған жағдай Ехобадан ештеңе жасыра алмайтынымызды қалай көрсетеді? (Жар. 18:12, 15; Заб. 43:22)

14-оқиға

Құдайдың Ыбырайымның сенімін сынауы

  1. Құдай Ыбырайымға қандай уәде берді, әрі уәдесін қалай орындады?

  2. Суретте көрсетілгендей, Құдай Ыбырайымның сенімін қалай сынады?

  3. Ыбырайым Құдайдың бұйрығының мәнін түсінбесе де, не істеді?

  4. Ыбырайым баласын бауыздау үшін пышағын алғанда не болды?

  5. Ыбырайымның Жаратқан Иеге деген сенімі қаншалықты берік болды?

  6. Құдай Ыбырайымға құрбандыққа ұсынуға не берді және қалай?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 21:1—7 оқы.

    Неге Ыбырайым баласын сегізінші күні сүндетке отырғызды? (Жар. 17:10—12; 21:4)

  2. Жаратылыс 22:1—18 оқы.

    Қалай Ысқақ әкесі Ыбырайымға мойынсұнушылық танытты, әрі қалайша бұл болашақтағы анағұрлым маңызды оқиғаның бейнесі болды? (Жар. 22:7—9; Қор. 1-х. 5:7; Філіп. 2:8, 9)

15-оқиға

Луттың әйелінің бұрылып артына қарауы

  1. Неліктен Ыбырайым мен Лут бір-бірінен бөлінді?

  2. Не себепті Лут Содомда тұруды таңдады?

  3. Содомның тұрғындары қандай еді?

  4. Екі періште Лутқа қандай ескерту айтты?

  5. Неге Луттың әйелі тұз бағанаға айналды?

  6. Луттың әйелімен болған жағдайдан қандай сабақ ала аламыз?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 13:5—13 оқы.

    Жеке адамдар арасында туындаған қиындықтарды шешуге қатысты Ыбырайымнан қандай үлгі алуымызға болады? (Жар. 13:8, 9; Рим. 12:10; Філіп. 2:3, 4)

  2. Жаратылыс 18:20—33 оқы.

    Құдай мен Ыбырайым арасында болған әңгіме Ехоба мен Исаның әділ сот жүргізетініне деген сенімімізді қалайша нығайтады? (Жар. 18:25, 26; Мат. 25:31—33)

  3. Жаратылыс 19:1—29 оқы.

    1. Киелі кітаптағы осы мәлімдеме Құдайдың гомосексуализмге деген көзқарасын қалай көрсетеді? (Жар. 19:5, 13; Леуі. 20:13)

    2. Ыбырайым мен Луттың Құдайдың басшылығын қалай қабылдағанынан қандай айырмашылық көреміз, сондай-ақ бұдан не үйренуімізге болады? (Жар. 19:15, 16, 19, 20; 22:3)

  4. Лұқа 17:28—32 оқы.

    Луттың әйелінің байлыққа деген көзқарасы қандай еді және бұл бізге қалайша ескерту болып табылады? (Лұқ. 12:15; 17:31, 32; Мат. 6:19—21, 25)

  5. Петірдің 2-хаты 2:6—8 оқы.

    Луттың үлгісіне еліктей отырып, айналамыздағы Құдайдан безген дүниеге қалай қарауымыз қажет? (Езек. 9:4; Жох. 1-х. 2:15—17)

16-оқиға

Ысқақтың жақсы әйелге үйленуі

  1. Суреттегі ер адам мен әйел адам кім?

  2. Ыбырайым баласына әйел алып беру үшін не істеді және неге?

  3. Ыбырайымның қызметшісі дұғасына қалай жауап алды?

  4. Ысқаққа тұрмысқа шығуына келісімін сұрағанда, Рабиға не деп жауап берді?

  5. Неліктен Ысқақтың көңілі қайта қуанышқа бөленді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 24:1—67 оқы.

    1. Рабиға құдық басында Ыбырайымның қызметшісін кезіктіргенде, қандай жақсы қасиеттер танытты? (Жар. 24:17—20; Нақ. с. 31:17, 31)

    2. Ыбырайымның Ысқақ үшін жасаған шарасы бүгінгі күнгі мәсіхшілерге қалайша жақсы үлгі болып табылады? (Жар. 24:37, 38; Қор. 1-х. 7:39; Қор. 2-х. 6:14)

    3. Неге біз де Ысқақ сияқты ой жүгіртуге уақыт бөлуіміз керек? (Жар. 24:63; Заб. 76:13; Філіп. 4:8)

17-оқиға

Бір-біріне ұқсамайтын егіздер

  1. Есау мен Жақып кім болған және олар бір-бірінен қаншалықты ерекшеленді?

  2. Аталары Ыбырайым қайтыс болғанда, Есау мен Жақып нешеде еді?

  3. Есау әкесі мен шешесін қатты уайымға батыратын қандай әрекет жасады?

  4. Неліктен Есау інісі Жақыпқа қатты ашуланды?

  5. Ысқақ баласы Жақыпқа қандай нұсқау берді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 25:5—11, 20—34 оқы.

    1. Ехоба Рабиғаның екі ұлы жайында қандай пайғамбарлық айтты? (Жар. 25:23)

    2. Жақып пен Есаудың тұңғыштық жолға байланысты көзқарастарында қандай айырмашылық болды? (Жар. 25:31—34)

  2. Жаратылыс 26:34, 35; 27:1—46; 28:1—5 оқы.

    1. Есаудың рухани нәрселерді бағаламайтындығы қалай көрінді? (Жар. 26:34, 35; 27:46)

    2. Ысқақ Жақыпқа Құдайдың баталарын алу үшін не істеу керек деп айтты? (Жар. 28:1—4)

  3. Еврейлерге 12:16, 17 оқы.

    Қасиеттіні бағаламайтындардың ақыры қандай болатынын Есаудың мысалы қалай көрсетеді?

18-оқиға

Жақыптың Харанға сапар шегуі

  1. Суреттегі жас қыз кім және Жақып оған не істеп берді?

  2. Жақып Рахилаға үйлену үшін не істеуге дайын болды?

  3. Жақыптың Рахилаға үйленетін уақыты келгенде, Лабан не істеді?

  4. Жақып Рахиланы әйелдікке алу үшін не істеуге келісім берді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 29:1—30 оқы.

    1. Лабан алдаса да, Жақып өзін құрметтеуге лайық екенін қалай көрсетті, әрі біз бұдан не нәрсеге үйрене аламыз? (Жар. 25:27; 29:26—28; Мат. 5:37)

    2. Жақыптың мысалы шынайы махаббат пен жай ұнатудың арасындағы айырмашылықты қалай көрсетеді? (Жар. 29:18, 20, 30; Таң. ән. 8:6)

    3. Қандай төрт әйел Жақыптың отбасының мүшесі болып, кейіннен оған ұлдар сыйлады? (Жар. 29:23, 24, 28, 29)

19-оқиға

Жақыптың үлкен отбасы

  1. Жақыптың бірінші әйелі Лиядан туылған алты баланың есімдері кім?

  2. Лияның Зилпа деген қызметшісінің Жақыпқа туып берген екі ұлының аттары кім еді?

  3. Рахиланың Балха есімді қызметшісінің екі ұлының аты кім?

  4. Рахила қандай екі ұл тапты, бірақ екінші ұлы дүниеге келгенде, Рахиламен не болды?

  5. Суретте көрініп тұрғандай, Жақыптың қанша ұлы бар, сондай-ақ олардан кім тарады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 29:32—35; 30:1—26 және 35:16—19 оқы.

    Жақыптың он екі ұлының мысалынан байқалғандай, ежелгі уақытта еврейлер балаларына есімді жиі қалай қоятын?

  2. Жаратылыс 37:35 оқы.

    Киелі кітапта тек Динаның есімі ғана аталғанымен, Жақыптың бірнеше қызы болғанын қайдан білеміз? (Жар. 37:34, 35)

20-оқиға

Динаның бақытсыздыққа ұшырауы

  1. Неліктен Ыбырайым мен Ысқақ өз ұлдарының Қанахан елінің қыздарына үйленуін қаламады?

  2. Жақып қызының қанахандық қыздармен достығын мақұлдады ма?

  3. Суретте Динадан көз алмай тұрған жігіт кім және ол қандай жаман іс жасады?

  4. Динаның Шимон, Леуі атты ағалары онымен не болғанын естіген соң не істеді?

  5. Жақып Шимон мен Леуінің істегендерін мақұлдады ма?

  6. Отбасының барлық бақытсыздығы неден басталды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 34:1—31 оқы.

    1. Неліктен Дина Қанахан елінің қыздарымен араласуды әдетке айналдырды? (Жар. 34:1)

    2. Не себепті Дина пәктігінен айырылып қалғанына қандай да бір мағынада өзі кінәлі? (Ғал. 6:7)

    3. Бүгінде жастар ескерту болып табылатын Динаның басынан кешіргенінен өздеріне жақсы сабақ алғандарын қалай көрсете алады? (Нақ. с. 13:20; Қор. 1-х. 15:33; Жох. 1-х. 5:19)

21-оқиға

Ағаларының Жүсіпті жек көруі

  1. Неге ағалары Жүсіпті көре алмады, әрі олар не істеді?

  2. Жүсіптің ағалары оған не істегісі келді, бірақ Рубен не деді?

  3. Ысмағұлдық саудагерлер өтіп бара жатқанда не болды?

  4. Әкесі Жүсіпті өлді деп ойлауы үшін, ағалары не істеді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 37:1—35 оқы.

    1. Мәсіхшілер қауымдағы бұрыс әрекеттерді жасырмау керектігіне қатысты Жүсіптің үлгісіне қалай еліктей алады? (Жар. 37:2; Леуі. 5:1; Қор. 1-х. 1:11)

    2. Ағаларының Жүсіпке зұлымдық жасауына не түрткі болды? (Жар. 37:11, 18; Нақ. с. 27:4; Жақ. 3:14—16)

    3. Жақыптың мысалынан байқалғандай, қайғырған кездегі қандай әрекеттер орынсыз болып саналмайды? (Жар. 37:35)

22-оқиға

Жүсіптің түрмеге түсуі

  1. Жүсіпті Мысырға алып кеткен кезінде, оның жасы қаншада еді және сол елге келгеннен кейін, онымен не болды?

  2. Қалай Жүсіп түрмеге түсті?

  3. Түрмеде Жүсіпке қандай жауапкершілік жүктелді?

  4. Жүсіп түрмеде перғауынның шарапшысы мен наубайшысына не істеп берді?

  5. Шарапшыны түрмеден босатқаннан кейін не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 39:1—23 оқы.

    Сол уақытта Құдайдың неке адалдығын бұзуды айыптайтын жазбаша заңы болмаса да, Жүсіптің Потифардың әйелінен қашуына не түрткі болды? (Жар. 2:24; 20:3; 39:9)

  2. Жаратылыс 40:1—23 оқы.

    1. Шарапшының көрген түсі және оны Ехобаның көмегімен Жүсіптің қалайша жорығаны жайлы қысқаша айтып бер (Жар. 40:9—13).

    2. Наубайшы көрген түс және оның мәні қандай болды? (Жар. 40:16—19)

    3. Қазіргі уақытта адал да ақылды құл табы Жүсіптің ой-қалпына қалайша еліктейді? (Жар. 40:8; Заб. 35:10; Жох. 17:17; Ел. іс. 17:2, 3)

    4. Жаратылыс 40:20-дағы мәлімет мәсіхшілердің туған күнге қатысты көзқарастарын қалай айқындай түседі? (Еккл. 7:1; Мар. 6:21—28)

23-оқиға

Перғауынның түстері

  1. Бір күні түнде Перғауынмен не болды?

  2. Неге шарапшы ақырында Жүсіпті есіне түсірді?

  3. Суретте көрсетілгендей, перғауын қандай екі түс көрді?

  4. Жүсіп түстің мәні туралы не деді?

  5. Қалайша Жүсіп Мысырда перғауыннан кейінгі ең жоғары лауазымға ие болды?

  6. Жүсіптің ағалары Мысырға не үшін келді және олар неге Жүсіпті танымады?

  7. Жүсіп қандай түсті есіне алды және бұл оған нені түсінуге көмектесті?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 41:1—57 оқы.

    1. Қалай Жүсіп Ехобаға көңіл аударған және мәсіхшілер оған қалай еліктей алады? (Жар. 41:16, 25, 28; Мат. 5:16; Пет. 1-х. 2:12)

    2. Мысырдағы молшылық жылдары мен артынан келген жұт жылдары қазіргі уақыттағы Ехобаның халқы мен мәсіхшілер әлемінің рухани жағдайын қалайша тура бейнелейді? (Жар. 41:29, 30; Амос 8:11, 12)

  2. Жаратылыс 42:1—8; 50:20 оқы.

    Егер елдің дәстүрі бойынша адамның лауазымына қатысты сый-құрмет көрсету үшін иіліп тағзым ету қажет болса, Ехобаның қызметшілеріне бұлай жасауға бола ма? (Жар. 42:6)

24-оқиға

Жүсіптің ағаларын сынауы

  1. Неге Жүсіп ағаларын тыңшылар деп айыптады?

  2. Не себепті Жақып өзінің ең кенже ұлы Буняминге Мысырға баруға рұқсат берді?

  3. Қалайша Жүсіптің күміс тостағаны Буняминнің қабына түсті?

  4. Яһуда Буняминді босату үшін не істеуді ұсынды?

  5. Жүсіптің ағалары қаншалықты өзгерген еді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 42:9—38 оқы.

    Қалайша Жаратылыс 42:18-дегі Жүсіптің сөздері Ехобаның ұйымында жауапкершілігі барлар үшін керемет ескерту болып табылады? (Нех. 5:15; Қор. 2-х. 7:1, 2)

  2. Жаратылыс 43:1—34 оқы.

    1. Ең үлкен ұлы Рубен бола тұра, бауырларының арасында Яһуданың беделді болғаны қалай көрінді? (Жар. 43:3, 8, 9; 44:14, 18; Шеж. 1-ж. 5:2)

    2. Жүсіп ағаларын тағы қалайша сынаған болуы мүмкін және неге? (Жар. 43:33, 34)

  3. Жаратылыс 44:1—34 оқы.

    1. Жүсіп ағалары танып қоймас үшін амалдарының бірі ретінде өзін кім деп көрсетті? (Жар. 44:5, 15; Леуі. 19:26)

    2. Қалайша Жүсіптің ағалары алғашында өздерінде болған қызғаныш рухынан арылғандарын көрсетті? (Жар. 44:13, 33, 34)

25-оқиға

Отбасының Мысырға көшуі

  1. Жүсіп бауырларына өзінің кім екенін айтқанда не болды?

  2. Жүсіп бауырларына мейірімділікпен нені түсіндірді?

  3. Перғауын Жүсіптің ағалары жөнінде естігенде не деді?

  4. Мысырға көшкенде, Жақыптың отбасында қанша жан бар еді?

  5. Жақыптың отбасы кімдер деп аталатын болды және неге?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жаратылыс 45:1—28 оқы.

    Киелі кітаптағы Жүсіп жайындағы мәлімет Құдай өз қызметшілеріне бағытталған қастандықтың нәтижесі жақсы болатындай етіп өзгерте алатынын қалай көрсетеді? (Жар. 45:5—8; Иш. 8:10; Філіп. 1:12—14)

  2. Жаратылыс 46:1—27 оқы.

    Ехоба Жақыпқа Мысырға бара жатқан жолында сенімділігін нығайтатын қандай сөздер айтты? (Жар. 46:1—4)

26-оқиға

Әйүптің Тәңірдің алдында адалдығын сақтап қалуы

  1. Әйүп деген кім?

  2. Шайтан не істеуге тырысты, алайда ол өз мақсатына жете алды ма?

  3. Ехоба Шайтанға не істеуге рұқсат берді және неге?

  4. Әйүптің әйелінің: “Құдайды балағатта да, өле қал”,— деп айтуына не себеп болды? (Суретке қара)

  5. Екінші суретте бейнеленгендей, қалайша Ехоба Әйүпке батасын берді және не себептен?

  6. Егер біз Әйүп сияқты Ехобаға адал болсақ, қандай баталарға ие боламыз?

Қосымша сұрақтар:

  1. Әйүп 1:1—22 оқы.

    Қазіргі уақытта мәсіхшілер қалайша Әйүпке еліктей алады? (Әйүп 1:1; Філіп. 2:15; Пет. 2-х. 3:14)

  2. Әйүп 2:1—13 оқы.

    Әйүп пен оның әйелі Шайтанның сынақтарын қандай екі түрлі жолмен қабылдады? (Әйүп 2:9, 10; Нақ. с. 19:3; Миха 7:7; Малх. 3:14)

  3. Әйүп 42:10—17 оқы.

    1. Әйүп пен Исаның адал өмірлері үшін алған сыйының қандай ұқсастықтары бар? (Әйүп 42:12; Філіп. 2:9—11)

    2. Әйүптің Құдай алдында мінсіздігін сақтап, алған баталары бізді қалайша жігерлендіреді? (Әйүп 42:10, 12; Ев. 6:10; Жақ. 1:2—4, 12; 5:11)

27-оқиға

Мысырды қатыгез патшаның билеуі

  1. Суреттегі қамшы ұстаған адам кім, ал жәбір көруші кім?

  2. Жүсіптің өлімінен кейін исраилдіктермен не болды?

  3. Неге мысырлықтар исраилдіктерден қорқа бастады?

  4. Перғауын исраилдік әйелдердің босануына көмектесетін әйелдерге қандай бұйрық берді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Мысырдан шығу 1:6—22 оқы.

    1. Ехоба Ыбырайымға берген уәдесін қалайша орындай бастады? (Мыс. ш. 1:7; Жар. 12:2; Ел. іс. 7:17)

    2. Еврей әйелдерін босандырушылар өмірдің қасиеттілігін құрметтейтіндіктерін қалай көрсетті? (Мыс. ш. 1:17; Жар. 9:6)

    3. Ехобаға деген адалдықтары үшін әйел босандырушылар қандай баталарға ие болды? (Мыс. ш. 1:20, 21; Нақ. с. 19:17)

    4. Қалайша Шайтан Ехобаның Ыбырайымға уәде еткен Ұрпағына байланысты ниетін бұзуға тырысты? (Мыс. ш. 1:22; Мат. 2:16)

28-оқиға

Мұса деген сәбидің аман қалуы

  1. Суреттегі сәби кім және ол кімнің саусағынан ұстап алған?

  2. Анасы Мұсаны өлімнен сақтау үшін не істеді?

  3. Суреттегі кішкене қыз кім, әрі ол не істеді?

  4. Перғауынның қызы сәбиді тауып алғанда, Мәриям қандай ұсыныс жасады?

  5. Ханша Мұсаның анасына не деді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Мысырдан шығу 2:1—10 оқы.

    Мұсаны нәресте кезінен тәрбиелеп, үйретуіне анасының қандай мүмкіндігі болды, сондай-ақ бұл бүгінгі күні ата-аналар үшін қандай үлгі болып табылады? (Мыс. ш. 2:9, 10; Заң. қ. 6:6—9; Нақ. с. 22:6; Ефес. 6:4; Тім. 2-х. 3:15)

29-оқиға

Неге Мұса қашып кетті

  1. Мұса қай жерде өсіп ержетті, бірақ ол ата-анасы жайында нені білді?

  2. Мұса қырық жасында не істеді?

  3. Мұса төбелесіп жатқан исраилдікке не деді, ал ол не деп жауап қатты?

  4. Неліктен Мұса Мысырдан қашты?

  5. Мұса қайда қашып барды және ол онда кіммен кезікті?

  6. Мұса Мысырдан қашып кеткеннен кейін, қырық жыл бойы немен айналысты?

Қосымша сұрақтар:

  1. Мысырдан шығу 2:11—25 оқы.

    Мұса көптеген жылдар бойы мысырлықтардың даналығына үйренсе де, өзінің Ехобаға және оның халқына деген берілгендігін қалай көрсетті? (Мыс. ш. 2:11, 12; Ев. 11:24)

  2. Елшілердің істері 7:22—29 оқы.

    Мұсаның өз бетінше исраилдіктерді Мысырдың құлдығынан босатпақшы болғанынан қандай сабақ ала аламыз? (Ел. іс. 7:23—25; Пет. 1-х. 5:6, 10)

30-оқиға

Жанып тұрған бұта

  1. Суреттегі тау қалай аталады?

  2. Мұса қойларымен тауға барғанда көрген таңғажайып көрінісін суреттеп бер.

  3. Жанып тұрған бұтадан шыққан дауыс не деді және бұл кімнің даусы еді?

  4. Мұсаға Құдай өзінің халқын Мысырдан алып шығу керектігін айтқанда, ол не деп жауап берді?

  5. Құдай Мұсаға исраилдіктер сені кім жіберді деп сұрайтын болса, не деп жауап бер деді?

  6. Мұса өзін Құдай жібергендігін қалай дәлелдей алар еді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Мысырдан шығу 3:1—22 оқы.

    Егер теократиялық тапсырманы орындауға қабілетіміз жетпейді деп сезінсек те, қалайша Мұсамен болған жайт Ехобаның бізді қолдайтынына деген сенімділігімізді нығайтады? (Мыс. ш. 3:11, 13; Қор. 2-х. 3:5, 6)

  2. Мысырдан шығу 4:1—20 оқы.

    1. Мұсаның бойында Мадиян елінде өткізген қырық жыл ішінде қандай өзгерістер болды, сондай-ақ қауымда артықшылықтарға ие болғысы келетіндер бұдан қандай сабақ ала алады? (Мыс. ш. 2:11, 12; 4:10, 13; Миха 6:8; Тім. 1-х. 3:1, 6, 10)

    2. Бізді Ехоба өзінің ұйымы арқылы жөнге салса, Мұсаның мысалы бізге қандай сенімділік береді? (Мыс. ш. 4:12—14; Заб. 102:14; Ев. 12:4—11)

31-оқиға

Мұса мен Һаронның перғауынға баруы

  1. Мұса мен Һаронның исраилдіктердің алдында жасаған кереметтері қандай нәтиже берді?

  2. Мұса мен Һарон перғауынға не деді, ал перғауын не деп жауап берді?

  3. Суретте көрсетілгендей, Һарон таяғын жерге лақтырғанда не болды?

  4. Ехоба перғауынға қандай сабақ берді, ал перғауын қалай әрекет етті?

  5. Оныншы жазадан кейін не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Мысырдан шығу 4:27—31; 5:1—23 оқы.

    Перғауын: — Мен “Жаратқан Иені” [‘Ехобаны’, ЖД] білмеймін,— деуімен не айтқысы келді? (Мыс. ш. 5:2; Пат. 1-ж. 2:12; Рим. 1:21)

  2. Мысырдан шығу 6:1—13, 26—30 оқы.

    1. Ехоба өз есімін қай мағынада Ыбырайым, Ысқақ және Жақыпқа білдірген жоқ? (Мыс. ш. 3:13, 14; 6:3 Синод аудармасымен салыстыр; Жар. 12:8; 22:14 Синод аудармасымен салыстыр)

    2. Мұсаның тапсырылған жұмысты орындай алмайтындай болып сезінгеніне қарамастан, Ехобаның оны одан әрі де қолданғанын білгеніміз қандай сезімдер тудырады? (Мыс. ш. 6:12, 30; Лұқ. 21:13—15)

  3. Мысырдан шығу 7:1—13 оқы.

    1. Мұса мен Һаронның перғауынға Ехобаның үкімі жөнінде батылдықпен айтқаны бүгінгі күнгі Құдайдың қызметшілеріне қандай үлгі болып табылады? (Мыс. ш. 7:2, 3, 6; Ел. іс. 4:29—31)

    2. Ехоба Мысырдың құдайларынан басым екендігін қалай көрсетті? (Мыс. ш. 7:12; Шеж. 1-ж. 29:12)

32-оқиға

Он жаза

  1. Осында көрсетілген суретті пайдалана отырып, Ехобаның Мысырға жіберген алғашқы үш жазасы жайлы айтып бер.

  2. Алғашқы үш жаза мен кейінгі жазалардың қандай айырмашылығы болды?

  3. Төртінші, бесінші және алтыншы жазалар қандай болды?

  4. Жетінші, сегізінші, тоғызыншы жазалар жайында айтып бер.

  5. Оныншы жазаның алдында Ехоба исраилдіктерге не істеңдер деді?

  6. Оныншы жаза қандай еді және одан кейін не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Мысырдан шығу 7:19—8:23 оқы.

    1. Мысырдың бақсы-балгерлері Ехобаның алғашқы екі кереметін қайталай алғандарымен, олар үшінші жазадан кейін нені мойындауларына тура келді? (Мыс. ш. 8:18, 19; Мат. 12:24—28)

    2. Төртінші жазадан Ехобаның өз халқын қорғай алатындығы қалай көрінді, ал бұл өз кезегінде “ауыр азаптың” табалдырығында тұрған Құдай халқының бойында қандай сезім тудырады? (Мыс. ш. 8:22, 23; Аян 7:13, 14; Шеж. 2-ж. 16:9)

  2. Мысырдан шығу 8:24; 9:3, 6, 10, 11, 14, 16, 23—25 және 10:13—15, 21—23 оқы.

    1. Он жаза арқылы адамдардың қандай екі тобы анықталды және бұл бүгінгі күні осындай топтардың адамдарына деген көзқарасымызға қалай әсер етеді? (Мыс. ш. 8:10, 18, 19; 9:14)

    2. Қалайша Мысырдан шығу 9:16-дағы сөздер Ехобаның неліктен Шайтанды осы уақытқа дейін жоймағанын түсінуге көмектеседі? (Рим. 9:21, 22)

  3. Мысырдан шығу 12:21—32 оқы.

    Қалайша Құтқарылу мейрамы көптеген адамдарға құтқарылуға мүмкіндік берді және бұл мейрам ненің нышаны болды? (Мыс. ш. 12:21—23; Жох. 1:29; Рим. 5:18, 19, 21; Қор. 1-х. 5:7)

33-оқиға

Қызыл теңіздің қақ жарылуы

  1. Мысырдан қанша исраилдік ер кісілер, әйелдер мен балалар шықты, сондай-ақ оларға тағы кімдер ерді?

  2. Исраилдіктерді босатқаннан кейін, перғауынды қандай сезім биледі, ол не істеді?

  3. Ехоба өз халқына мысырлықтардың шабуылдауына жол бермеу үшін не істеді?

  4. Мұса таяғын Қызыл теңізге қарай созғанда не болды және исраилдіктер не істеді?

  5. Мысырлықтар исраилдіктердің соңынан теңіз түбіне ұмтылғанда не болды?

  6. Исраилдіктер Ехобаның өздерін аман сақтап қалғандығына деген ризашылықтары мен қуаныштарын қалай көрсетті?

Қосымша сұрақтар:

  1. Мысырдан шығу 12:33—36 оқы.

    Ехоба өз халқының мысырлықтардың құлдығында болған жылдардағы ақыларының қайтарылуын қалай қамтамасыз етті? (Мыс. ш. 3:21, 22; 12:35, 36)

  2. Мысырдан шығу 14:1—31 оқы.

    Жақындап келе жатқан Һар-Магедон шайқасының табалдырығында тұрған Ехобаның қызметшілеріне Мысырдан шығу 14:13, 14-тегі Мұсаның сөздері қалай әсер етеді? (Шеж. 2-ж. 20:17; Заб. 90:8)

  3. Мысырдан шығу 15:1—8, 20, 21 оқы.

    1. Неліктен Ехобаның қызметшілері оған мадақтау әндерін айту керек? (Мыс. ш. 15:1, 2; Заб. 104:2, 3; Аян 15:3, 4)

    2. Қызыл теңіздің жағасында Мәриям мен басқа да әйелдердің Ехобаны мадақтауы бүгінгі күнгі мәсіхші әйелдерге қандай үлгі болып табылады? (Мыс. ш. 15:20, 21; Заб. 67:12)

34-оқиға

Жаңа тағам

  1. Суреттегі адамдар жерден не жинап жүр және ол қалай аталады?

  2. Мұса халыққа манна теруге қатысты қандай нұсқау берді?

  3. Ехоба халыққа алтыншы күні не істеу керек деп айтты және неге?

  4. Ехоба жетінші күнге қалдырылған маннаға байланысты қандай керемет жасады?

  5. Ехоба қанша уақыт халықты маннамен тамақтандырды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Мысырдан шығу 16:1—36 мен Руларды санау 11:7—9 оқы.

    1. Мысырдан шығу 16:8-дегі сөздер мәсіхшілер қауымындағы теократиялық жолмен тағайындалуды құрметтеу керектігін қалай көрсетеді? (Ев. 13:17)

    2. Исраилдіктер шөл далада болған кезінде, қалайша олардың Ехобаға тәуелді екендігі күнделікті естеріне салынып отырды? (Мыс. ш. 16:14—16, 35; Заң. қ. 8:2, 3)

    3. Иса маннаға қандай бейнелі мағына берді және бұл ‘көктен берілген нанның’ қалайша игілігін көре аламыз? (Жох. 6:31—35, 40)

  2. Ешуа 5:10—12 оқы.

    Исраилдіктер қанша жыл бойы маннамен қоректенді, бұл олар үшін қалайша сынақ болып табылды және біз бұдан неге үйрене аламыз? (Мыс. ш. 16:35; Ру. сан. 11:4—6; Қор. 1-х. 10:10, 11)

35-оқиға

Ехобаның заң беруі

  1. Мысырдан шыққаннан кейін шамамен екі айдан соң, исраилдіктер қай жерге келіп шатыр тікті?

  2. Ехоба халықтың не істегенін қалайтындығын айтты және олар не деп жауап қатты?

  3. Неліктен Ехоба Мұсаға екі тас тақташа берді?

  4. Ехоба исраилдіктерге Он өсиеттен басқа тағы қандай заңдар берді?

  5. Иса Мәсіх қандай екі өсиетті ең ұлы деп айтты?

Қосымша сұрақтар:

  1. Мысырдан шығу 19:1—25; 20:1—21; 24:12—18 және 31:18 оқы.

    Мысырдан шығу 19:8-дегі сөздер мәсіхшілердің Құдайға бағышталуына не кіретінін түсінуімізге қалайша көмектеседі? (Мат. 16:24; Пет. 1-х. 4:1—3)

  2. Заңды қайталау 6:4—6; Леуіліктер 19:18 және Матай 22:36—40 оқы.

    Қалай мәсіхшілер Құдайға және маңайындағыларына деген сүйіспеншілігін көрсете алады? (Мар. 6:34; Ел. іс. 4:20; Рим. 15:2)

36-оқиға

Алтын бұзау

  1. Суретте адамдар не істеп жатыр және неге?

  2. Не себепті Ехоба ашуланды және Мұса халықтың немен айналысып жатқанын көргенде не істеді?

  3. Мұса кейбір ер кісілерге не істе деп айтты?

  4. Біз бұл оқиғадан қандай сабақ алуымыз керек?

Қосымша сұрақтар:

  1. Мысырдан шығу 32:1—35 оқы.

    1. Бұл мәлімет жалған діннің шынайы ғибадатпен араласуына деген Ехобаның көзқарасын қалай көрсетеді? (Мыс. ш. 32:4—6, 10; Қор. 1-х. 10:7, 11)

    2. Мәсіхшілер ән айту және би билеу сияқты көңіл көтеру түрін таңдағанда, қалай қырағылық сақтаулары керек? (Мыс. ш. 32:18, 19; Ефес. 5:15, 16; Жох. 1-х. 2:15—17)

    3. Қалай Леуі руы әділдікті берік ұстанудың керемет үлгісін көрсетті? (Мыс. ш. 32:25—28; Заб. 17:26)

37-оқиға

Ғибадат шатыры

  1. Суреттегі ғимарат қалай аталады және ол не үшін қолданылды?

  2. Неліктен Ехоба Мұсаға киелі шатырды бөлшектеуге жеңіл болатындай етіп жаса деді?

  3. Шатырдың түкпірінде орналасқан шағын бөлмедегі не сандық және оның ішінде не бар?

  4. Ехоба бас діни қызметкер етіп кімді таңдады және ол қандай жұмыс атқарды?

  5. Шатырдың үлкен бөлмесіндегі үш затты ата.

  6. Киелі шатырдың ішкі ауласында қандай екі зат тұр және олар не үшін қолданылды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Мысырдан шығу 25:8—40; 26:1—37; 27:1—8 және 28:1 оқы.

    ‘Келісім сандығының’ қақпағындағы керубтер нені бейнеледі? (Мыс. ш. 25:20, 22; Ру. сан. 7:89; Пат. 4-ж. 19:15)

  2. Мысырдан шығу 30:1—10, 17—21; 34:1, 2 және Еврейлерге 9:1—5 оқы.

    1. Неліктен Ехоба киелі шатырда қызмет атқаратын діни қызметкерлердің тәндік тазалығына баса назар аударды және бүгінде бұл бізге қалай әсер ету керек? (Мыс. ш. 30:18—21; 40:30, 31; Ев. 10:22)

    2. Елші Пауыл еврей мәсіхшілеріне хат жазған кезінде, Киелі шатыр мен Заң келісімі күшін жойғандығын қалай көрсетті? (Ев. 9:1, 9; 10:1)

38-оқиға

Он екі тыңшы

  1. Суреттегі жүзім шоғы туралы не айта аласың және ол қайдан әкелінді?

  2. Мұса он екі тыңшыны Қанахан жеріне не мақсатпен жіберді?

  3. Тыңшылар қайтып келген соң, олардың ішіндегі оны Мұсаға не деді?

  4. Екі тыңшы Ехобаға сенетіндіктерін қалай көрсетті, олардың есімдері кім?

  5. Ехоба неліктен ашуланды, сондай-ақ ол Мұсаға не деді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Руларды санау 13:2—34 оқы.

    1. Кімдер тыңшылар ретінде таңдап алынды, неге бұл олар үшін керемет мүмкіндік болды? (Ру. сан. 13:3, 4, 19—21)

    2. Ешуа мен Халептің көзқарасы басқа тыңшылардың көзқарасынан неліктен өзгеше болды және бұдан біз не нәрсеге үйренеміз? (Ру. сан. 13:29—31; Мат. 17:20; Қор. 2-х. 5:7)

  2. Руларды санау 14:1—38 оқы.

    1. Неліктен Ехобаның жердегі өкілдеріне қарсы күңкілдеуден сақ болуымыз қажет? (Ру. сан. 14:2, 3, 27; Мат. 25:40, 45; Қор. 1-х. 10:10)

    2. Қалайша Руларды санау 14:24-тегі сөздер Ехоба өзінің әр қызметшісінің қамын ойлайтындығын көрсетеді? (Пат. 3-ж. 19:18; Нақ. с. 15:3)

39-оқиға

Һаронның аса таяғының гүлдеуі

  1. Кімдер Мұса мен Һаронның басшылығына қарсы бүлік шығарды?

  2. Мұса Қорах пен оған ерген 250 адамға не істе деді?

  3. Мұса халыққа не деді және ол сөзін айтып бола салысымен не болды?

  4. Қорах пен оған ерген 250 адаммен не болды?

  5. Һаронның ұлы Елазар өлген адамдардың шайыр түтеткіштерімен не істеді және неліктен?

  6. Неге Ехоба Һаронның аса таяғын гүлдетті? (Суретке қара)

Қосымша сұрақтар:

  1. Руларды санау 16:1—49 оқы.

    1. Қорах пен оған ергендер не істеді және не себепті бұл, негізінен, Ехобаға қарсы көтерілген бүлік деуге болады? (Ру. сан. 16:9, 10, 18; Леуі. 10:1, 2; Нақ. с. 11:2)

    2. Қорах пен 250 “қауымның рубасылары” қандай дұрыс емес көзқараста болды? (Ру. сан. 16:1—3; Нақ. с. 15:33; Иш. 49:7)

  2. Руларды санау 17:1—11 және 26:10 оқы.

    1. Һаронның аса таяғының гүлдеуі нені білдірді және неге Ехоба аса таяқты келісім сандығында сақта деп нұсқау берді? (Ру. сан. 17:5, 8, 10)

    2. Һаронның аса таяғы арқылы берілген белгіден қандай өмірлік маңызы бар сабақ ала аламыз? (Ру. сан. 17:10; Ел. іс. 20:28; Філіп. 2:14; Ев. 13:17)

40-оқиға

Мұсаның жартасты аса таяғымен ұруы

  1. Исраилдіктер құла түзде болған кезінде, Ехоба оларға қалай қамқорлық етті?

  2. Исраилдіктер Қадешке шатыр тіккенде, қандай шағым айтты?

  3. Қалайша Ехоба халықты да, олардың малын да сумен қамтамасыз етті?

  4. Суреттегі өзіне назар аудартып тұрған адам кім және ол неге бұлай істеді?

  5. Неліктен Ехоба Мұса мен Һаронға ашуланды, сондай-ақ оларды қалай жазалады?

  6. Ор тауында не болды және исраилдіктердің бас діни қызметкері кім болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Руларды санау 20:1—13, 22—29 және Заңды қайталау 29:5 оқы.

    1. Исраилдіктердің құла түзде болғандарында, Ехобаның оларға қамқорлық көрсеткенінен неге үйрене аламыз? (Заң. қ. 29:5; Мат. 6:31; Ев. 13:5; Жақ. 1:17)

    2. Мұса мен Һаронның исраилдіктердің алдында өзін қастерлемегеніне Ехоба қалай қарады? (Ру. сан. 20:12; Қор. 1-х. 10:12; Аян 4:11)

    3. Мұсаның Ехобаның тәрбиесін қалай қабылдағанынан не нәрсеге үйрене аламыз? (Ру. сан. 12:3; 20:12, 27, 28; Заң. қ. 32:4; Ев. 12:7—11)

41-оқиға

Мыстан жасалған жылан

  1. Суретте көрсетілгендей, қадаға оралған не нәрсе және неліктен Ехоба Мұсаға оны орнат деді?

  2. Қалайша халық Құдайдың өздеріне жасағандарын бағаламады?

  3. Ехоба халыққа жаза ретінде улы жыландарды жібергенде, олар Мұсадан нені өтінді?

  4. Неге Ехоба Мұсаға мыс жылан жаса деді?

  5. Бұл оқиғадан қандай сабақ алуымызға болады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Руларды санау 21:4—9 оқы.

    1. Ехобаның көрсеткен қамқорлығына деген исраилдіктердің наразылығы бізге қандай ескерту болып табылады? (Ру. сан. 21:5, 6; Рим. 2:4)

    2. Исраилдіктер кейінгі ғасырларда мыс жыланды қандай мақсатта қолданды және Езекия патша не істеді? (Ру. сан. 21:9; Пат. 4-ж. 18:1—4)

  2. Жохан 3:14, 15 оқы.

    Неліктен қадаға орнатылған мыс жылан Иса Мәсіхтің бағанаға шегеленуінің лайықты бейнесі болды? (Ғал. 3:13; Пет. 1-х. 2:24)

42-оқиға

Сөйлейтін есек

  1. Балақ деген кім және неге ол Балағамды шақыртты?

  2. Неге Балағамның есегі жолға жатып алды?

  3. Балағамға есегі не деді?

  4. Періште Балағамға не деді?

  5. Балағам Исраилді қарғағысы келгенде не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Руларды санау 21:21—35 оқы.

    Не себепті Исраил аморлықтардың патшасы Сигон мен Башан патшасы Огты ойсырата жеңді? (Ру. сан. 21:21, 23, 33, 34)

  2. Руларды санау 22:1—40 оқы.

    Балағамды Исраилді қарғауға не талпындырды және бұдан біз қандай сабақ ала аламыз? (Ру. сан. 22:16, 17; Нақ. с. 6:16, 18; Пет. 2-х. 2:15; Яһуда 11)

  3. Руларды санау 23:1—30 оқы.

    Балағам Ехобаның қызметшісі сияқты сөйлегенімен, қалайша оның істері айтқанына қарама-қайшы болды? (Ру. сан. 23:3, 11—14; Пат. 1-ж. 15:22)

  4. Руларды санау 24:1—25 оқы.

    Қалайша Киелі кітаптың осы мәлімдемесі Ехобаның ниеті жүзеге асатындығына деген сенімімізді нығайтады? (Ру. сан. 24:10; Иш. 54:17)

43-оқиға

Ешуаның басшы болуы

  1. Суретте Мұсаның жанында тұрған екі адам кім?

  2. Ехоба Ешуаға не деді?

  3. Неге Мұса Небо тауына көтерілді, Ехоба оған не айтты?

  4. Мұса көз жұмғанда, оның жасы нешеде еді?

  5. Халық неліктен қайғылы, бірақ олардың қуануына қандай себеп бар?

Қосымша сұрақтар:

  1. Руларды санау 27:12—23 оқы.

    Ешуа Ехобадан қандай маңызды тапсырма алды және бүгінде Ехобаның өз халқына деген қамқорлығы қалай көрініп отыр? (Ру. сан. 27:15—19; Ел. іс. 20:28; Ев. 13:7)

  2. Заңды қайталау 3:23—29 оқы.

    Неге Ехоба Мұса мен Һаронға уәде етілген жерге кіруге рұқсат етпеді, бұдан біз қандай сабақ алуымызға болады? (Заң. қ. 3:25—27; Ру. сан. 20:12, 13)

  3. Заңды қайталау 31:1—8, 14—23 оқы.

    Мұсаның исраилдіктерге арнаған қоштасу сөздері Ехобаның тәрбиесін кішіпейілдікпен қабыл алғанын қалай көрсетеді? (Заң. қ. 31:6—8, 23)

  4. Заңды қайталау 32:45—52 оқы.

    Құдай Сөзі біздің өмірімізге қалай әсер ету керек? (Заң. қ. 32:47; Леуі. 18:5; Ев. 4:12)

  5. Заңды қайталау 34:1—12 оқы.

    Мұса ешқашан Құдайды тура мағынада көрмесе де, Заңды қайталау 34:10-дағы сөздер оның Ехобамен қарым-қатынасының қандай болғанына нұсқайды? (Мыс. ш. 33:11, 20; Ру. сан. 12:8)

44-оқиға

Рахабтың тыңшыларды жасыруы

  1. Рахаб қай жерде өмір сүрді?

  2. Суреттегі екі ер адам кім, неге олар Иерихонға келді?

  3. Иерихонның патшасы Рахабқа не деп бұйырды, ал ол не деп жауап берді?

  4. Рахаб екі тыңшыға қалай көмектесті, сондай-ақ олардан қандай рақымдылық көрсетуін сұрады?

  5. Екі тыңшы Рахабқа қандай уәде берді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Ешуа 2:1—24 оқы.

    Исраилдіктер Иерихонды жаулауға келгенде, Мысырдан шығу 23:28-де жазылған Ехобаның уәдесі қалай орындалды? (Еш. 2:9—11)

  2. Еврейлерге 11:3 оқы.

    Қалайша Рахабтың мысалы сенім білдірудің маңыздылығына айрықша көңіл бөледі? (Рим. 1:17; Ев. 10:39; Жақ. 2:25)

45-оқиға

Иордан өзенінен өту

  1. Ехоба исраилдіктердің Иордан өзенінен өтуіне мүмкіндік туғызған қандай керемет жасады?

  2. Исраилдіктер Иордан өзенінен өту үшін, өз сенімдерін білдіретін қандай іс жасау керек болды?

  3. Неге Ехоба Ешуаға өзен арнасынан он екі үлкен тас ал деп айтты?

  4. Діни қызметкерлер Иордан арнасынан шыға салысымен не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Ешуа 3:1—17 оқы.

    1. Осы тармақтарда көрсетілгендей, Ехобаның көмегі мен батасын алу үшін, бізге не істеу қажет? (Еш. 3:13, 15; Нақ. с. 3:5; Жақ. 2:22, 26)

    2. Исраилдіктер Иордан өзенінен Уәде етілген жерге қарай өткенде, өзен қандай еді және бұл жайт арқылы Ехобаның есімі қалай мадақталды? (Еш. 3:15; 4:18; Заб. 65:5—7)

  2. Ешуа 4:1—18 оқы.

    Иорданнан алынған он екі тас Ғылғалға не мақсатпен қойылды? (Еш. 4:4—7)

46-оқиға

Иерихон қамалы

  1. Ехоба сарбаздар мен діни қызметкерлерге алты күн бойы не істеңдер деді?

  2. Жетінші күні олар не істеді?

  3. Суреттен көрініп тұрғандай, Иерихонның қабырғаларымен не болды?

  4. Неліктен терезеде қызыл жіп ілулі тұр?

  5. Ешуа сарбаздарына қала мен оның тұрғындарына не істе деді, ал ондағы күміс, алтын, мыс және темір жөнінде не айтты?

  6. Екі тыңшыға не істе деді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Ешуа 6:1—25 оқы.

    1. Исраилдіктердің жетінші күні Иерихонды сап түзеп айналуының бүгінгі Ехоба Куәгерлерінің уағыздау жұмысымен қандай ұқсастығы бар? (Еш. 6:15, 16; Иш. 60:22; Мат. 24:14; Қор. 1-х. 9:16)

    2. Қалайша Ешуа 6:26-дағы пайғамбарлық шамамен 500 жылдан кейін орындалды және бұдан Ехобаның сөзі жайлы не білеміз? (Пат. 3-ж. 16:34; Иш. 55:11)

47-оқиға

Исраилдегі ұры

  1. Суретте Иерихоннан түскен олжаны көміп жатқан адам кім және оған кімдер көмектесуде?

  2. Неліктен Ахан мен оның отбасының бұл әрекеті жеңіл-желпі қаралатын іс емес еді?

  3. Ешуа исраилдіктердің Ай маңындағы шайқаста неге жеңілгенін сұрағанда, Ехоба не деді?

  4. Ахан мен оның отбасын Ешуаға әкелген соң, олармен не болды?

  5. Аханның жазалануынан қандай маңызды сабақ аламыз?

Қосымша сұрақтар:

  1. Ешуа 7:1—26 оқы.

    1. Ешуаның дұғаларынан Жаратушымен қарым-қатынасы жайлы не білуге болады? (Еш. 7:7—9; Заб. 118:145; Жох. 1-х. 5:14)

    2. Аханның мысалынан нені көруге болады және бұл біз үшін қандай ескерту болып табылады? (Еш. 7:11, 14, 15; Нақ. с. 15:3; Тім. 1-х. 5:24; Ев. 4:13)

  2. Ешуа 8:1—29 оқы.

    Бүгінде мәсіхшілер қауымына қатысты әрқайсымыздың қандай жауапкершілігіміз бар? (Еш. 7:13; Леуі. 5:1; Нақ. с. 28:13)

48-оқиға

Ақылды гибеондықтар

  1. Гибеон тұрғындарының маңындағы қалаларда тұратын қанахандықтардан қандай айырмашылығы болды?

  2. Суретте көрсетілгендей, гибеондықтар не істеді және неге?

  3. Ешуа мен Исраил басшылары гибеондықтарға қандай уәде берді, бірақ олар үш күннен кейін нені білді?

  4. Басқа қалалардың патшалары гибеондықтардың Исраилмен бітім жасасқанын естігенде не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Ешуа 9:1—27 оқы.

    1. Ехоба исраилдіктерге “сол елдің барлық тұрғындарын жойыңдар” деп бұйырса да, гибеондықтардың өмірін сақтауынан оның қандай қасиеттерін байқауға болады? (Еш. 9:22, 24; Мат. 9:13; Ел. іс. 10:34, 35; Пет. 2-х. 3:9)

    2. Ешуа гибеондықтармен жасаған келісімін сақтауымен, бүгінгі мәсіхшілерге қандай керемет үлгі қалдырды? (Еш. 9:18, 19; Мат. 5:37; Ефес. 4:25)

  2. Ешуа 10:1—5 оқы.

    Бүгінгі күні өте үлкен тобыр гибеондықтарға қалай еліктеуде және олар бұнысымен ненің нысанасына айналып отыр? (Еш. 10:4; Зәк. 8:23; Мат. 25:35—40; Аян 12:17)

49-оқиға

Күннің тоқтап тұруы

  1. Суретте Ешуа не деп тұр және неге?

  2. Ехоба Ешуа мен оның әскеріне қалай көмектесті?

  3. Ешуа жауласқан қанша патшаның көзін құртты және бұл қанша уақытқа созылды?

  4. Неге Ешуа Қанахан жерін бөліске салды?

  5. Ешуа өмірден өткенде қаншада еді және бұдан кейін халықпен не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Ешуа 10:6—15 оқы.

    Ехобаның исраилдіктер үшін күн мен айды тоқтатқанын білгеніміз бізге қандай сенімділік береді? (Еш. 10:8, 10, 12, 13; Заб. 17:4; Нақ. с. 18:10)

  2. Ешуа 12:7—24 оқы.

    Қанахандағы отыз бір патшаның жойылуы, шын мәнінде, кімнің арқасында болды, сондай-ақ бүгінде біз үшін бұл неліктен маңызды? (Еш. 12:7; 24:11—13; Заң. қ. 31:8; Лұқ. 21:9, 25—28)

  3. Ешуа 14:1—5 оқы.

    Жер Исраил руларының арасында қалай бөліске салынды және бұл жұмақтағы мұрагерлік үлеске қатысты неге нұсқауы мүмкін? (Еш. 14:2; Иш. 65:21; Езе. 47:21—23; Қор. 1-х. 14:33)

  4. Билер 2:8—13 оқы.

    Кезінде Ешуаның жолдан таюшылықты болдырмауды қадағалағаны сияқты бүгінде бұнымен кімдер айналысады? (Би. 2:8, 10, 11; Мат. 24:45—47; Сал. 2-х. 2:3—6; Тит. 1:7—9; Аян 1:1; 2:1, 2)

50-оқиға

Екі батыл әйел

  1. Билер деген кімдер және олардың кейбіреуінің есімі кім?

  2. Дебора қандай ерекше артықшылыққа ие болды, сондай-ақ бұл артықшылықтың аясына не кірді?

  3. Исраил Иабин патша мен оның қолбасшысы Сісераның езгісінде болғанда, Дебора Ехобадан Барақ биге қандай хабар жеткізді және Дебораның айтуынша атақ-даңқты кім иеленетін болды?

  4. Жаел өзінің батыл әйел екендігін қалай көрсетті?

  5. Иабин патшаның өлімінен кейін не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Билер 2:14—22 оқы.

    Қалайша исраилдіктер Ехобаның қаһарына ұшырады, біз бұдан қандай сабақ ала аламыз? (Би. 2:20; Нақ. с. 3:1, 2; Езек. 18:21—23)

  2. Билер 4:1—24 оқы.

    Бүгінде мәсіхші әйелдер Дебора мен Жаелдің мысалынан сенім мен батылдыққа қатысты қандай сабақ алуына болады? (Би. 4:4, 8, 9, 14, 21, 22; Нақ. с. 31:30; Қор. 1-х. 16:13)

  3. Билер 5:1—31 оқы.

    Қалайша Барақ пен Дебораның жеңіс әнін таяп келе жатқан Һар-Магедон шайқасына байланысты қолдануға болады? (Би. 5:3, 31; Шеж. 1-ж. 16:8—10; Аян 7:9, 10; 16:16; 19:19—21)

51-оқиға

Рут пен Нағима

  1. Нағима Моаб жеріне қалай келді?

  2. Рут, Орпа деген кімдер?

  3. Нағима Рут пен Орпаға елдеріңе қайтыңдар дегенде, олар не істеді?

  4. Боғоз деген кім, ол Рут пен Нағимаға қалай көмектесті?

  5. Боғоз бен Руттан туылған баланың аты кім және неге оны есімізде сақтауымыз керек?

Қосымша сұрақтар:

  1. Рут 1:1—17 оқы.

    1. Рут айнымас сүйіспеншілігін қалай керемет түрде көрсетті? (Рут 1:16, 17)

    2. Руттың ой-ниеті бүгінгі ‘басқа қойлардың’ жердегі майланған мәсіхшілерге қатысты көзқарастарын қалай жақсы бейнелейді? (Жох. 10:16; Зәк. 8:23)

  2. Рут 2:1—23 оқы.

    Рут қазіргі жас әйелдер үшін қай жағынан жақсы үлгі болып табылады? (Рут 2:17, 18; Нақ. с. 23:22; 31:15)

  3. Рут 3:5—13 оқы.

    1. Боғоз Руттың жас жігітке емес, өзіне қосылуға дайын болғанына қалай қарады?

    2. Руттың айнымас сүйіспеншілікке қатысты көзқарасынан неге үйренеміз? (Рут 3:10; Қор. 1-х. 13:4, 5)

  4. Рут 4:7—17 оқы.

    Ер бауырлас қалайша Боғозға еліктей алады? (Рут 4:9, 10; Тім. 1-х. 3:1, 12, 13; 5:8)

52-оқиға

Гедеон мен үш жүз сарбаз

  1. Исраилдіктер қалай және неге бақытсыздыққа ұшырады?

  2. Неге Ехоба Гедеонға әскерің тым көп деді?

  3. Гедеон қорыққан адамдардың бәрі үйлеріне қайтсын деп айтқан соң, қанша сарбаз қалды?

  4. Суретке қарап, Ехоба Гедеонның әскерін үш жүзге дейін қалай азайтқанын түсіндіріп бер.

  5. Гедеон үш жүз әскерін қалай ұйымдастырды және Исраил қалай жеңіске жетті?

Қосымша сұрақтар:

  1. Билер 6:36—40 оқы.

    1. Гедеон Ехобаның еркіне қалай көз жеткізді?

    2. Бүгін Ехобаның еркін қалай білуімізге болады? (Нақ. с. 2:3—6; Мат. 7:7—11; Тім. 2-х. 3:16, 17)

  2. Билер 7:1—25 оқы.

    1. Басқалар сияқты бейқам болмай, қырағылық сақтаған үш жүз сарбаздан не үйренеміз? (Би. 7:3, 6; Рим. 13:11, 12; Ефес. 5:15—17)

    2. Үш жүз сарбаз Гедеонның ісін бақылай отырып үйренгендері сияқты, біз де Үлкен Гедеон Иса Мәсіхтің ісін бақылай отырып қалай үйрене аламыз? (Би. 7:17; Мат. 11:29, 30; 28:19, 20; Пет. 1-х. 2:21)

    3. Билер 7:21 Ехобаның ұйымында қай жаққа тағайындалсақ та, риза болуымызға қалай көмектеседі? (Би. 7:21; Қор. 1-х. 4:2; 12:14—18; Жақ. 4:10)

  3. Билер 8:1—3 оқы.

    Бауырластармен арамызда болған келіспеушіліктерді шешкенде, Гедеонның ефремдіктермен туындаған дауды шешуінен не үйренеміз? (Нақ. с. 15:1; Мат. 5:23, 24; Лұқ. 9:48)

53-оқиға

Ефтаның уәдесі

  1. Ефта деген кім, ол қай уақытта өмір сүрген?

  2. Ефта Ехобаға қандай уәде берді?

  3. Ефта аммондықтарды жеңіп, үйіне келгенде неге ұнжырғасы түсіп кетті?

  4. Ефтаның қызы әкесінің берген уәдесін білгенде не деді?

  5. Адамдар неге Ефтаның қызын жақсы көреді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Билер 10:6—18 оқы.

    Исраилдіктердің Ехобаға жасаған опасыздықтары туралы мәлімет қай жағынан бізге ескерту болу керек? (Би. 10:6, 15, 16; Рим. 15:4; Аян 2:10)

  2. Билер 11:1—11 және 29—40 оқы.

    1. Ефтаның қызын ‘түгелдей өртелетін құрбандық’ ретінде беруі оны өртеп жіберді дегенді білдірмейтінін қайдан білеміз? (Би. 11:31; Леуі. 16:24; Заң. қ. 18:10, 12)

    2. Қалайша Ефта қызын құрбандық ретінде ұсынған?

    3. Ефтаның Ехобаға берген антына қалай қарағанынан не үйренеміз? (Би. 11:35, 39; Еккл. 5:4, 5; Мат. 16:24)

    4. Ефтаның қызы мәсіхші жастарға толық уақытты қызметке талпынуға қатысты қандай керемет үлгі қалдырған? (Би. 11:36; Мат. 6:33; Філіп. 3:8)

54-оқиға

Ең күшті адам

  1. Жер бетінде өмір сүрген ең күшті адамның есімі кім және кім оған күш берген?

  2. Суреттен көрініп тұрғандай, Самсон бір күні үлкен арыстанмен не істеді?

  3. Самсон суретте Далилаға қандай сырын ашып жатыр және қалай осының кесірінен оны філістірлер тұтқындап әкетті?

  4. Самсон өзі өлген күні 3 000 філістірді қалай өлтірді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Билер 13:1—14 оқы.

    Манұх пен оның әйелі ата-аналарға бала өсіруге қатысты қандай жақсы үлгі көрсеткен? (Би. 13:8; Заб. 126:3; Ефес. 6:4)

  2. Билер 14:5—9; 15:9—16 оқы.

    1. Самсонның арыстанды өлтіргені, өзін байлап тастаған жаңа арқанды үзіп тастағаны және есектің жақ сүйегімен 1 000 адамды өлтіргені туралы мәліметтен Ехобаның киелі рухының әрекеті жайында не білеміз?

    2. Бүгінде бізге киелі рух қалай көмектеседі? (Би. 14:6; 15:14; Зәк. 4:6; Ел. іс. 4:31)

  3. Билер 16:18—31 оқы.

    Самсонға жаман орта қалай әсер еткен және біз бұдан не нәрсеге үйренуімізге болады? (Би. 16:18, 19; Қор. 1-х. 15:33)

55-оқиға

Кішкентай балақайдың Тәңірге қызмет етуі

  1. Суреттегі баланың есімі кім, ал оның қасындағылар кімдер?

  2. Ханна бір күні Ехобаның киелі шатырына келгенде, не деп дұға айтты және Ехоба оған қалай жауап берді?

  3. Ехобаның киелі шатырында қызмет етуге әкелгенде, Самуил қанша жаста болады және оның шешесі жыл сайын не істейді?

  4. Елидің балаларының есімдері кім, олар қандай адамдар?

  5. Ехоба Самуилді қалай шақырды және ол оған қандай хабар айтты?

  6. Өсіп ержеткенде, Самуил кім болды және ол қартайғанда не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Патшалықтар 1-жазба 1:1—28 оқы.

    1. Елқана шынайы ғибадатқа келгенде, басшылық етуге қатысты отағаларына қандай тамаша үлгі көрсетеді? (Пат. 1-ж. 1:3, 21; Мат. 6:33; Філіп. 1:10)

    2. Тығырыққа тірелгенде, шешім іздеуге қатысты Ханнадан не үйренеміз? (Пат. 1-ж. 1:10, 11; Заб. 54:23; Рим. 12:12)

  2.  

    Ели қалайша ұлдарын Ехобадан артық көрген және бұл біз үшін қандай ескерту болып табылады? (Пат. 1-ж. 2:22—24, 27, 29; Заң. қ. 21:18—21; Мат. 10:36, 37)

  3. Патшалықтар 1-жазба 4:16—18 оқы.

    Ұрыс даласынан қандай төрт түрлі жаман хабар келді және бұл Елиге қалай әсер етті?

  4. Патшалықтар 1-жазба 8:4—9 оқы.

    Исраил Ехобаны қалай қатты ренжітті және бүгінде қалайша Ехобаның Патшалығын адалдықпен қолдай аламыз? (Пат. 1-ж. 8:5, 7; Жох. 17:16; Жақ. 4:4)

56-оқиға

Саул — Исраилдің алғашқы патшасы

  1. Суретте Самуил не істеп жатыр және неге?

  2. Ехоба неге Саулды ұнатты және ол қандай адам?

  3. Саулдың ұлының есімі кім және ол не істеді?

  4. Неге Саул Самуилді күтудің орнына құрбандықты өзі шалды?

  5. Саулдың оқиғасынан өзімізге қандай сабақ аламыз?

Қосымша сұрақтар:

  1. Патшалықтар 1-жазба 9:15—21 және 10:17—27 оқы.

    Кейбір адамдар өзін менсінбей сөйлегенде, Саулдың қарапайымдылығы оны қызбалықпен әрекет етуден қалай сақтады? (Пат. 1-ж. 9:21; 10:21, 22, 27; Нақ. с. 17:27)

  2.  

    Саул Ғылғалда қандай күнә жасады? (Пат. 1-ж. 10:8; 13:8, 9, 13)

  3. Патшалықтар 1-жазба 15:1—35 оқы.

    1. Саул Амалек патшасы Агагқа қатысты қандай ауыр күнә жасады? (Пат. 1-ж. 15:2, 3, 8, 9, 22)

    2. Қалайша Саул өз әрекетін ақтауға тырысып, жауапкершіліктен құтылып кетуге тырысты? (Пат. 1-ж. 15:24)

    3. Біреу бізге кеңес бергенде, неден аулақ болуымыз керек? (Пат. 1-ж. 15:19—21; Заб. 140:5; Нақ. с. 9:8, 9; 11:2)

57-оқиға

Тәңірдің Дәуітті таңдауы

  1. Суреттегі баланың есімі кім және оның батыл екенін қайдан білеміз?

  2. Дәуіт қайда өмір сүреді және оның әкесі мен атасының есімі кім?

  3. Неге Ехоба Самуилге Бетлехемдегі Есейдің үйіне бар деп айтты?

  4. Есей жеті ұлын Самуилге әкелгенде не болды?

  5. Дәуітті алып келгенде, Ехоба Самуилге не деді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Патшалықтар 1-жазба 17:34, 35 оқы.

    Осы оқиға Дәуіттің батылдығын және оның Ехобаға сенім артатынына қалай ерекше назар аударады? (Пат. 1-ж. 17:37)

  2. Патшалықтар 1-жазба 16:1—14 оқы.

    1. Патшалықтар туралы 1-жазба 16:7-дегі Ехобаның сөздері бет-жүзге қарамауымызға және сырт пішінге қарап тұжырым жасамауымызға қалай көмектеседі? (Пат. 1-ж. 16:7; Ел. іс. 10:34, 35; Тім. 1-х. 2:4)

    2. Саулдың мысалынан Ехоба адамнан киелі рухын алып қойғанда, оның орнын жаман рух басатыны немесе адам жамандыққа бейім болып қалатыны қалай көрінеді? (Пат. 1-ж. 16:14; Мат. 12:43—45; Ғал. 5:16)

58-оқиға

Дәуіт пен Ғолият

  1. Ғолият Исраил әскеріне қандай қиындық тудырды?

  2. Ғолият қаншалықты үлкен болған және Саул оны өлтірген адамға қандай сый уәде етті?

  3. Дәуіт әлі бала болғандықтан, Саул оған Ғолиятпен шайқаса алмайсың дегенде, ол не деп жауап береді?

  4. Дәуіттің Ғолиятқа берген жауабынан оның Ехобаға сенім артатыны қалай көрінді?

  5. Суреттен көрініп тұрғандай, Дәуіт Ғолиятты немен өлтіреді және бұны көргенде, філістірлер не істейді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Патшалықтар 1-жазба 17:1—54 оқы.

    1. Дәуіттің батылдығының сыры неде еді және біз оның батылдығына қалай еліктей аламыз? (Пат. 1-ж. 17:37, 45; Ефес. 6:10, 11)

    2. Неге мәсіхшілер ойын ойнағанда немесе көңіл көтергенде, Ғолият сияқты бақталастық рухтан аулақ болулары керек? (Пат. 1-ж. 17:8; Ғал. 5:26; Тім. 1-х. 4:8)

    3. Дәуіттің сөздерінен оның Құдайдың қолдайтынына сенетіні қалай көрінеді? (Пат. 1-ж. 17:45—47; Шеж. 2-ж. 20:15)

    4. Бұл мәлімет қарсылас әскерлердің шайқасын суреттеп қана қоя салмай, жалған құдайлар мен шынайы Құдай Ехобаның арасындағы шайқас екенін қалай көрсетеді? (Пат. 1-ж. 17:43, 46, 47)

    5. Майланған тамтық Ехобаға арқа сүйеуге қатысты Дәуітке қалай еліктейді? (Пат. 1-ж. 17:37; Ер. 1:17—19; Аян 12:17)

59-оқиға

Неге Дәуіт қашуға мәжбүр болды

  1. Неге Саул Дәуітке қызғанышпен қарайды, бірақ Жонатанның одан айырмашылығы қандай?

  2. Бір күні Дәуіт Саулға арфа тартып беріп отырғанда не болды?

  3. Саул Дәуітке Михол есімді қызын бермес бұрын, оған қандай шарт қойды және Саул неге бұлай деді?

  4. Суреттен көрініп тұрғандай, Дәуіт Саулға арфа тартып беріп отырғанда, үшінші рет те не болды?

  5. Михол Дәуіттің құтылып кетуіне қалай көмектесті және одан кейін Дәуіт жеті жыл бойы не істеп жүрді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Патшалықтар 1-жазба 18:1—30 оқы.

    1. Жонатан мен Дәуіттің арасындағы айнымас сүйіспеншілік “басқа қойлар” мен “кішкентай қораның” арасындағы сүйіспеншілікті қалайша бейнелеген? (Пат. 1-ж. 18:1; Жох. 10:16; Лұқа 12:32, сілтеме; Зәк. 8:23)

    2. Жонатан Саулдың мұрагері болу керек екенін ескерер болсақ, Патшалықтар туралы 1-жазба 18:4-тен Жонатанның таңдалған патшаға керемет мойынсұнғыштығы қалай көрінеді?

    3. Саулдың мысалынан қызғаныш ауыр күнәға әкелуі мүмкін екені қалай көрінеді және біз бұдан қандай сабақ аламыз? (Пат. 1-ж. 18:7—9, 25; Жақ. 3:14—16)

  2. Патшалықтар 1-жазба 19:1—17 оқы.

    Жонатан Патшалықтар туралы 1-жазба 19:4, 5-тегі сөздерді айтқанда, қалайша өз өмірін қатерге тікті? (Пат. 1-ж. 19:1, 6)

60-оқиға

Әбигел мен Дәуіт

  1. Суреттегі Дәуітке қарай келе жатқан әйел кім және ол қандай адам?

  2. Набал деген кім?

  3. Неге Дәуіт адамдарын өтінішпен Набалға жіберді?

  4. Набал Дәуіттің адамдарына не деді және бұл Дәуітке қалай әсер етті?

  5. Әбигел өзінің дана әйел екенін қалай көрсетті?

Қосымша сұрақтар:

  1. Патшалықтар 1-жазба 22:1—4 оқы.

    Дәуіттің отбасы мәсіхшілер ретінде өзара қолдау көрсетуімізге қатысты қандай тамаша үлгі көрсеткен? (Нақ. с. 17:17; Сал. 1-х. 5:14)

  2. Патшалықтар 1-жазба 25:1—43 оқы.

    1. Неге Набал соншалықты жағымсыз суреттелген? (Пат. 1-ж. 25:2—5, 10, 14, 21, 25)

    2. Бүгінгі тұрмыстағы мәсіхші әйелдер Әбигелдің үлгісінен неге үйренулеріне болады? (Пат. 1-ж. 25:32, 33; Нақ. с. 31:26; Ефес. 5:24)

    3. Әбигел Дәуітті қандай екі түрлі жамандықтан ұстап қалды? (Пат. 1-ж. 25:31, 33; Рим. 12:19; Ефес. 4:26)

    4. Дәуіттің Әбигелдің сөздерін қалай қабылдағаны бүгінгі ер адамдардың әйелдерге Ехобаның көзімен қарауға қалай көмектеседі? (Ел. іс. 21:8, 9; Рим. 2:11; Пет. 1-х. 3:7)

61-оқиға

Дәуіттің патша болуы

  1. Саул қосында ұйықтап жатқанда, Дәуіт пен Әбішай не істеді?

  2. Дәуіт Саулға қандай сұрақтар қояды?

  3. Саул кеткен соң, Дәуіт қайда барады?

  4. Қандай жағдай Дәуітті қатты қайғыға батырып, тамаша ән шығаруға талпындырды?

  5. Дәуіт Хебронда таққа отырғанда, қанша жаста еді және оның кейбір балаларының есімдері қандай?

  6. Кейін Дәуіт қайда патшалық етті?

Қосымша сұрақтар:

  1. Патшалықтар 1-жазба 26:1—25 оқы.

    1. Дәуіттің Патшалықтар туралы 1-жазба 26:11-де жазылған сөздерінен теократиялық тәртіпке қатысты не білеміз? (Пат. 1-ж. 26:11; Заб. 36:7; Рим. 13:2)

    2. Сүйіспеншілікке толы мейірімділік көрсетуге шын жүректен тырысқанда, оны басқалар бағаламаса, Дәуіттің Патшалықтар 1-жазба 26:23-тегі сөздері дұрыс көзқарас ұстануымызға қалай көмектеседі? (Пат. 3-ж. 8:32; Заб. 17:21)

  2. Патшалықтар 2-жазба 1:26 оқы.

    Бүгінгі мәсіхшілер Дәуіт пен Жонатанның арасындағыдай шынайы сүйіспеншілікті қалай дамыта алады? (Пет. 1-х. 4:8; Қол. 3:14; Жох. 1-х. 4:12)

  3. Патшалықтар 2-жазба 5:1—10 оқы.

    1. Дәуіт қанша жыл патшалық еткен және бұл уақытты қалай екіге бөлуге болады? (Пат. 2-ж. 5:4, 5)

    2. Дәуітті ұлы еткен не және бұл нені естен шығармауымызға көмектеседі? (Пат. 2-ж. 5:10; Пат. 1-ж. 16:13; Қор. 1-х. 1:31; Філіп. 4:13, ЖД аудармасымен салыстыр)

62-оқиға

Дәуіттің үйіндегі бақытсыздық

  1. Қанахан жеріне байланысты Ехобаның еркі қалай орындалды?

  2. Бір күні кешке Дәуіт сарайының төбесінен қарап тұрғанда не болды?

  3. Неге Ехоба Дәуітке қатты ашулы?

  4. Суреттен көрініп тұрғандай, Ехоба Дәуіттің күнәсін айту үшін оған кімді жіберді және оның айтуынша, Дәуіт басынан не кешіреді?

  5. Дәуіттің үйіне қандай бақытсыздық келді?

  6. Дәуіттен кейін Исраилдің патшасы кім болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Патшалықтар 2-жазба 11:1—27 оқы.

    1. Ехобаға қызмет етуден қолымыз босамайтын болса, бұл бізді қалай қорғайды?

    2. Дәуіт қалай күнә жасап қойды және Ехобаның бүгінгі қызметшілері бұдан қандай сабақ алады? (Пат. 2-ж. 11:2; Мат. 5:27—29; Қор. 1-х. 10:12; Жақ. 1:14, 15)

  2. Патшалықтар 2-жазба 12:1—18 оқы.

    1. Натанның Дәуітке қалай кеңес бергенінен ақсақалдар мен ата-аналар қандай үлгі ала алады? (Пат. 2-ж. 12:1—4; Нақ. с. 12:18; Мат. 13:34)

    2. Неге Ехоба Дәуітке рақыммен қарады? (Пат. 2-ж. 12:13; Заб. 31:5; Қор. 2-х. 7:9, 10)

63-оқиға

Дана патша Сүлеймен

  1. Ехоба Сүлейменнен не сұрады және Сүлеймен не деп жауап берді?

  2. Ехоба Сүлейменнің өтінішіне риза болғандықтан, оған қандай уәде берді?

  3. Екі әйел Сүлейменге қандай даулы мәселемен келді?

  4. Суреттен көрініп тұрғандай, Сүлеймен мәселені қалай шешті?

  5. Сүлеймен билік еткен кезде, адамдардың жағдайы қандай болды және неге?

Қосымша сұрақтар:

  1. Патшалықтар 3-жазба 3:3—28 оқы.

    1. Бүгінде Құдайдың ұйымында жауапкершіліктер жүктелген ер адамдар Сүлейменнің Пат. 3-ж. 3:7-дегі шын жүректен айтқан сөздерінен не үйрене алады? (Заб. 118:105; Нақ. с. 3:5, 6)

    2. Сүлейменнің өтініші дұға еткенде дұрыс нәрселер сұрауға қатысты қалайша керемет үлгі болып табылады? (Пат. 3-ж. 3:9, 11; Нақ. с. 30:8, 9; Жох. 1-х. 5:14)

    3. Сүлейменнің екі әйелдің арасындағы дауды шешкені Үлкен Сүлеймен Иса Мәсіхтің болашақ билігіне қатысты қандай сенімділік береді? (Пат. 3-ж. 3:28; Иш. 9:6, 7; 11:2—4)

  2. Патшалықтар 3-жазба 4:29—34 оқы.

    1. Ехоба Сүлейменнің мойынсұнғыш жүрек сұрап айтқан дұғасына қалай жауап берді? (Пат. 3-ж. 4:29)

    2. Адамдардың Сүлейменнің даналығын есту үшін көп күш салғанын ескеретін болсақ, Құдай Сөзін зерттеуге қалай қарауымыз керек? (Пат. 3-ж. 4:29, 34; Жох. 17:3; Тім. 2-х. 3:16)

64-оқиға

Сүлейменнің ғибадатхана салуы

  1. Сүлеймен Ехобаның ғибадатханасын қанша жылда салып бітірді және неге бұған көп қаражат кетті?

  2. Ғибадатханада қанша басты бөлме болды және ішкі бөлмеге не қойылды?

  3. Ғибадатхана салынып біткенде, Сүлеймен не деп дұға айтты?

  4. Ехоба Сүлейменнің дұғасына разы екенін қалай көрсетті?

  5. Сүлейменнің әйелдері оны не істеуге итермеледі және Сүлеймен қандай болып кетті?

  6. Ехоба Сүлейменге неге ашуланды және ол оған не деді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Шежірелер 1-жазба 28:9, 10 оқы.

    Шежірелер туралы 1-жазба 28:9, 10-дағы Дәуіттің сөздерін ескерер болсақ, күнделікті өмірімізде не істеуге тырысуымыз керек? (Заб. 18:15; Філіп. 4:8, 9)

  2. Шежірелер 2-жазба 6:12—21 және 32—42 оқы.

    1. Сүлеймен адам тұрғызған ғимарат Ең жоғарғы Құдайды сыйғыза алмайтынын қалай көрсетті? (Шеж. 2-ж. 6:18; Ел. іс. 17:24, 25)

    2. Сүлейменнің Шежірелер 2-жазба 6:32, 33-те жазылған сөздерінен Ехоба туралы не білеміз? (Ел. іс. 10:34, 35; Ғал. 2:6)

  3. Шежірелер 2-жазба 7:1—5 оқы.

    Ехобаның нұрлы салтанатын көргенде, бұл Исраил халқын оны мадақтауға талпындырғандай, бүгінде Ехобаның халқына батасын беріп жатқанын көргенде, бұл бізге қалай әсер ету керек? (Шеж. 2-ж. 7:3; Заб. 21:23; 33:2; 95:2)

  4. Патшалықтар 3-жазба 11:9—13 оқы.

    Сүлейменнің өмірі ақырына дейін адал болып қалудың маңызды екенін қалай көрсетеді? (Пат. 3-ж. 11:4, 9; Мат. 10:22; Аян 2:10)

65-оқиға

Патшалықтың бөлінуі

  1. Суреттегі екі адамның есімдері кім, олар кімдер?

  2. Ахия үстіндегі шапанын не істеді және бұл нені білдірді?

  3. Сүлеймен Еробоғамға не істеуге тырысты?

  4. Неге халық Еробоғамды он рудың үстінен патша етіп тағайындады?

  5. Еробоғам екі алтын бұзауды неге жасатты және бұдан кейін көп ұзамай, бұл өлкеде қандай жағдай орнады?

  6. Екі рулы патшалық пен Ехобаның Иерусалимдегі ғибадатханасына не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Патшалықтар 3-жазба 11:26—43 оқы.

    Еробоғам қандай адам болған және Ехоба оған, егер Құдайдың заңдарын ұстанатын болса, не нәрсені уәде етті? (Пат. 3-ж. 11:28, 38).

  2. Патшалықтар 3-жазба 12:1—33 оқы.

    1. Рохабоғамның жаман үлгісінен ата-аналар мен ақсақалдар билікті бұрыс қолдануға қатысты қандай сабақ алады? (Пат. 3-ж. 12:13; Еккл. 7:7; Пет. 1-х. 5:2, 3)

    2. Бүгінде жастар өмірлерінде маңызды шешім қабылдағанда, сенімді басшылық алу үшін кімге жүгінулері керек? (Пат. 3-ж. 12:6, 7; Нақ. с. 1:8, 9; Тім. 2-х. 3:16, 17; Ев. 13:7)

    3. Неліктен Еробоғам екі жерден бұзауға табыну орталығын ашты және бұл Ехобаға деген сенімнің жоқ екенін қалай көрсетеді? (Пат. 3-ж. 11:37; 12:26—28)

    4. Он рулы патшалықты шынайы ғибадатқа қарсы қойған кім? (Пат. 3-ж. 12:32, 33)

66-оқиға

Қатыгез ханым Езабел

  1. Езабел деген кім?

  2. Неліктен бір күні Ахаб патша жабырқап қалады?

  3. Езабел Набутайдың жүзімдігін күйеуіне алып беру үшін не істеді?

  4. Ехоба Езабелді жазалау үшін кімді жіберді?

  5. Суреттен көрініп тұрғандай, Иқу Езабелдің сарайына келгенде не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Патшалықтар 3-жазба 16:29—33 және 18:3, 4 оқы.

    Ахаб патша басқарып тұрғанда, Исраилдегі жағдай қаншалықты нашарлап кетті? (Пат. 3-ж. 14:9)

  2. Патшалықтар 3-жазба 21:1—16 оқы.

    1. Набутай батылдық пен Ехобаға деген адалдығын қалай көрсетті? (Пат. 3-ж. 21:1—3; Леуі. 25:23—28)

    2. Ахабтың мысалынан ұнжырғамызды түсірген нәрсемен күресуге қатысты не үйренеміз? (Пат. 3-ж. 21:4; Рим. 5:3—5)

  3. Патшалықтар 4-жазба 9:30—37 оқы.

    Иқудың Ехобаның еркін атқарғанда көрсеткен құлшынысынан не үйренеміз? (Пат. 4-ж. 9:4—10; Қор. 2-х. 9:1, 2; Тім. 2-х. 4:2)

67-оқиға

Жосафаттың Ехобаға сенім артуы

  1. Жосафат деген кім және ол қай уақытта өмір сүрді?

  2. Исраилдіктер неге дүрлікті және олардың біразы не істеді?

  3. Ехоба Жосафаттың дұғасына не деп жауап берді?

  4. Ехоба шайқастың алдында не істеді?

  5. Жосафаттан не үйренуімізге болады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Шежірелер 2-жазба 20:1—30 оқы.

    1. Жосафат Құдайдың адал қызметшілері қауіпті жағдайға тап болғанда не істеулері керек екенін қалай көрсетті? (Шеж. 2-ж. 20:12; Заб. 24:15; 61:2)

    2. Ехоба өз халқымен байланысу үшін әрқашан қандай да бір арнаны пайдаланады. Сондықтан бүгінде ол қандай арнаны пайдалануда? (Шеж. 2-ж. 20:14, 15; Мат. 24:45—47; Жох. 15:15)

    3. Құдай ‘ұлы сот күнінің шайқасын’ бастағанда, біздің жағдайымыз қалай Жосафаттың жағдайына ұқсас болады? (Шеж. 2-ж. 20:15, 17; 32:8; Аян 16:14, 16)

    4. Қалай ізашарлар мен миссионерлер леуіліктерге еліктеп, дүние жүзі бойынша ізгі хабардың таралуына үлес қосып отыр? (Шеж. 2-ж. 20:19; Рим. 10:13—15; Тім. 2-х. 4:2)

68-оқиға

Өлгеннен кейін қайта тірілген екі бала

  1. Суреттегі үш адам кім және кішкентай балақайға не болды?

  2. Ілияс балаға қатысты не деп дұға етті және одан кейін не болды?

  3. Ілиястың көмекшісінің есімі кім?

  4. Елішә Сонамдағы әйелдің үйіне неге шақырылды?

  5. Елішә не істейді және өлген баламен не болды?

  6. Ілияс пен Елішәнің істерінен көрініп тұрғандай, Ехобаның құдіреті қандай?

Қосымша сұрақтар:

  1. Патшалықтар 3-жазба 17:8—24 оқы.

    1. Ілиястың бойсұнушылығы мен сенімі қалай сыналды? (Пат. 3-ж. 17:9; 19:1—4, 10)

    2. Сарептада тұратын жесір әйелдің сенімі неге керемет болған? (Пат. 3-ж. 17:12—16; Лұқ. 4:25, 26)

    3. Сарептадағы жесір әйелдің басынан өткен жағдай Исаның Матай 10:41, 42-де жазылған сөздерінің растығын қалай дәлелдейді? (Пат. 3-ж. 17:10—12, 17, 23, 24)

  2. Патшалықтар 4-жазба 4:8—37 оқы.

    1. Сонамдағы әйелден қонақжайлылыққа қатысты не үйренеміз? (Пат. 4-ж. 4:8; Лұқ. 6:38; Рим. 12:13; Жох. 1-х. 3:17)

    2. Қалайша бүгінде Құдайдың қызметшілеріне қайырымдылық көрсете аламыз? (Ел. іс. 20:35; 28:1, 2; Ғал. 6:9, 10; Ев. 6:10)

69-оқиға

Кішкентай қыздың беделді адамға көмектесуі

  1. Суреттегі кішкентай қыз ханымға не айтып жатыр?

  2. Суреттегі ханым кім және кішкентай қыз оның үйінде не істеп жүр?

  3. Елішә қызметшісінен Нағыманға не деп айтып жібереді және Нағыманды неге ашу биледі?

  4. Нағыман қызметшілерінің сөзіне құлақ асқанда не болды?

  5. Елішә Нағыманның сыйлығынан неге бас тартты, бірақ Гехезай не істеді?

  6. Гехезай қандай күйге ұшырайды және бұдан қандай сабақ аламыз?

Қосымша сұрақтар:

  1. Патшалықтар 4-жазба 5:1—27 оқы.

    1. Исраилдік кішкентай қыздың үлгісі бүгінде жастарды қалай жігерлендіреді? (Пат. 4-ж. 5:3; Заб. 8:3; 148:12, 13)

    2. Біреу бізге Киелі кітапқа негізделген кеңес бергенде, неге Нағыманмен болған жайтты есте ұстағанымыз дұрыс? (Пат. 4-ж. 5:15; Ев. 12:5, 6; Жақ. 4:6)

    3. Елішә мен Гехезайды бір-бірімен салыстыра отырып, қандай сабақ аламыз? (Пат. 4-ж. 5:9, 10, 14—16, 20; Мат. 10:8; Ел. іс. 5:1—5; Қор. 2-х. 2:17, сілтеме)

70-оқиға

Жүніс және алып балық

  1. Жүніс деген кім және Ехоба оған не деп айтты?

  2. Ехоба айтқан жаққа барғысы келмегендіктен, Жүніс не істеді?

  3. Жүніс теңізшілерге дауыл басылу үшін не істеу керек деп айтты?

  4. Суреттен көрініп тұрғандай, Жүніс суға батып кеткенде не болды?

  5. Жүніс алып балықтың ішінде қанша уақыт болды және ол онда не істеді?

  6. Жүніс алып балықтың ішінен шыққан соң, қайда барды және бұдан не нәрсеге үйренеміз?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жүніс 1:1—17 оқы.

    Жүніске Ниневиде уағыздау тапсырылғанда, ол өзін қалай сезінгенге ұқсайды? (Жүніс 1:2, 3; Нақ. с. 3:7; Еккл. 8:12)

  2. Жүніс 2:1, 2, 10 оқы.

    Жүністің оқиғасы Ехобаның дұғаларымызға жауап беретініне қалайша сенімділік береді? (Заб. 21:25; 33:7; Жох. 1-х. 5:14)

  3. Жүніс 3:1—10 оқы.

    1. Жүністің бастапқыда тапсырманы орындамағанына қарамастан, Ехобаның оны әрі қарай да пайдалана бергені бізді қалай жігерлендіреді? (Заб. 102:14; Пет. 1-х. 5:10)

    2. Жүністің ниневиліктермен болған оқиғасынан учаскеміздегі адамдар туралы алдын ала тон пішпеуге қатысты не үйренеміз? (Жүніс 3:6—9; Еккл. 11:6; Ел. іс. 13:48)

71-оқиға

Жаратқан Ие жұмақты қайта қалпына келтіруді уәде етеді

  1. Ишая деген кім болған, ол қай кезде өмір сүрген және Ехоба оған не көрсеткен?

  2. “Жұмақ” деген сөз нені білдіреді және бұл сенің есіңе нені салады?

  3. Ехоба Ишаяға жаңа Жұмақ туралы не жазуды бұйырды?

  4. Адам мен Хауа тамаша үйлерінен неліктен айырылып қалды?

  5. Ехоба өзін жақсы көретін адамдарға не уәде етеді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Ишая 11:6—9 оқы.

    1. Құдай Сөзі жаңа дүниедегі аңдар мен адамдардың арасындағы татулықты қалай суреттейді? (Заб. 148:10, 13; Иш. 65:25; Езек. 34:25)

    2. Ехобаның бүгінгі халқының арасында Ишаяның қандай сөздері рухани мағынада орындалып жатыр? (Рим. 12:2; Ефес. 4:23, 24)

    3. Адамдардың бойларында болып жатқан және жаңа дүниеде болатын өзгерістер кімнің арқасында болады? (Иш. 48:17, 18; Ғал. 5:22, 23; Філіп. 4:7)

  2. Аян 21:3, 4 оқы

    1. Құдай адамдармен бірге жерде тура мағынада емес, бейнелі мағынада мекендейтінін Жазбалар қалай көрсетеді? (Леуі. 26:11, 12; Шеж. 2-ж. 6:18; Иш. 66:1; Аян 21:2, 3, 22—24)

    2. Не нәрселерден қасірет шегіп, көз жасын төкпейтін боламыз? (Лұқ. 8:49—52; Рим. 8:21, 22; Аян 21:4)

72-оқиға

Жаратқан Иенің Езекия патшаға көмектесуі

  1. Суреттегі адам кім және неге ол қиын жағдайға тап болып қалды?

  2. Езекия Құдайдың алдына қандай хаттарды жайып тастаған және Езекия не деп дұға етті?

  3. Езекия қандай патша және Ехоба оған Ишая пайғамбар арқылы қандай хабар жіберді?

  4. Суреттен көрініп тұрғандай, Ехобаның періштесі ассириялықтармен не істеді?

  5. Екі рулы патшалық біраз уақыт бейбіт өмір кешкенімен, Езекия өлген соң не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Патшалықтар 4-жазба 18:1—36 оқы.

    1. Ассирияның өкілі Рабшақ исраилдіктердің сенімін қалайша әлсіретуге тырысты? (Пат. 4-ж. 18:19, 21; Мыс. ш. 5:2; Заб. 63:4)

    2. Ехоба Куәгерлері қарсыластармен кезіккенде, Езекиядан қандай үлгі алады? (Пат. 4-ж. 18:36; Заб. 38:2; Нақ. с. 26:4; Тім. 2-х. 2:24)

  2. Патшалықтар 4-жазба 19:1—37 оқы.

    1. Ехобаның бүгінгі халқы қиыншылыққа кезіккенде, Езекияға қалай еліктейді? (Пат. 4-ж. 19:1, 2; Нақ. с. 3:5, 6; Ев. 10:24, 25; Жақ. 5:14, 15)

    2. Сеннахирим патша қалайша үш мәрте құлады және ол кімнің пайғамбарлық бейнесі болды? (Пат. 4-ж. 19:32, 35, 37; Аян 20:2, 3)

  3. Патшалықтар 4-жазба 21:1—6, 16 оқы.

    Неге Манасаны Иерусалимде патшалық еткен ең қатыгез патшалардың бірі деп айтуға болады? (Шеж. 2-ж. 33:4—6, 9)

73-оқиға

Исраилдің соңғы жақсы патшасы

  1. Жосия қанша жасында патша болған және жеті жыл патшалық еткен соң, ол не істей бастаған?

  2. Бірінші суретте Жосия не істеп тұр?

  3. Ғибадатхананы жөндеу жұмысы жүріп жатқанда, бас діни қызметкер не тауып алды?

  4. Жосия киімін неге жыртты?

  5. Олдама есімді пайғамбар әйел Жосияға Ехобаның қандай хабарын айтты?

Қосымша сұрақтар:

  1. Шежірелер 2-жазба 34:1—28 оқы.

    1. Көп қиындық көріп жүрген балаларға Жосия қандай үлгі болып табылады? (Шеж. 2-ж. 33:21—25; 34:1, 2; Заб. 26:10)

    2. Жосия билігінің 8-ші, 12-ші және 18-ші жылдарында шынайы ғибадат үшін қандай маңызды қадамдар жасады? (Шеж. 2-ж. 34:3, 8)

    3. Жосия патша мен бас діни қызметкер Хелкиядан ғибадат ету орнын күтіп ұстауға қатысты қандай үлгі аламыз? (Шеж. 2-ж. 34:9—13; Нақ. с. 11:14; Қор. 1-х. 10:31)

74-оқиға

Ер жүрек адам

  1. Суреттегі жігіт кім?

  2. Пайғамбар болатынын білгенде, Еремия не ойлады, бірақ Ехоба оған не деді?

  3. Еремия қандай хабарды жариялады?

  4. Қалай діни қызметкерлер Еремияға тосқауыл қоюға тырысты, бірақ ол үрейге бой алдырмағанын қалай көрсетті?

  5. Исраилдіктер жаман жолдарынан қайтпаған соң не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Еремия 1:1—8 оқы.

    1. Еремияның мысалынан көрініп тұрғандай, адамды Ехобаға қызмет етуге қабілетті ететін не? (Қор. 2-х. 3:5, 6)

    2. Еремияның үлгісі бүгінгі мәсіхші жастарды қалай жігерлендіреді? (Еккл. 12:1; Тім. 1-х. 4:12)

  2. Еремия 10:1—5 оқы.

    Еремия жалған тәңірлерге сенім артудың бос әурешілік екенін көрсету үшін қандай күшті мысал келтірді? (Ер. 10:5; Иш. 46:7; Абб. 2:19)

  3. Еремия 26:1—16 оқы.

    1. Майланған тамтық бүгінде ескерту хабарын айта жүріп, Ехобаның Еремияға айтқан ‘бір де бір сөзі қалмасын’ деген сөздерін қалайша шын жүректен қабыл алады? (Ер. 26:2; Заң. қ. 4:2; Ел. іс. 20:27)

    2. Еремия бүгінгі Ехоба Куәгерлеріне Ехобаның ескертуін халықтарға жариялауға қатысты қандай керемет үлгі көрсеткен? (Ер. 26:8, 12, 14, 15; Тім. 2-х. 4:1—5)

  4. Патшалықтар 4-жазба 24:1—17 оқы.

    Яһуданың Ехобаға деген адалдығын сақтамағаны қандай өкінішті нәтижеге әкелді? (Пат. 4-ж. 24:2—4, 14)

75-оқиға

Бабылдағы төрт бозбала

  1. Суреттегі төрт бала кім, олар неге Бабылда жүр?

  2. Набуходоносор төрт балаға не істемекші және ол қызметшілеріне қандай бұйрық берді?

  3. Даниял өзінің және үш досының атынан ас-суға қатысты қандай өтініш жасады?

  4. Он күн жеміс-жидек жеген соң, Даниял мен оның үш досы басқа бозбалалармен салыстырғанда қандай болды?

  5. Даниял мен оның үш досы патша сарайына қалай келді және олар сопылар мен данышпандардан қай жағынан асып түсті?

Қосымша сұрақтар:

  1. Даниял 1:1—21 оқы.

    1. Азғыруларға төтеп беріп, әлсіздіктерімізді жеңгіміз келсе, қалай күш салуымыз керек? (Дан. 1:8; Жар. 39:7, 10; Ғал. 6:9)

    2. Қалайша бүгінгі жастар кейбіреулер “дәмді тамақ” деп қарастыратын нәрсені татып көруге азғырылуы мүмкін немесе басқалардан қысым көруі мүмкін? (Дан. 1:8; Нақ. с. 20:1; Қор. 2-х. 6:17—7:1)

    3. Киелі кітаптағы төрт еврей бала туралы оқиға жоғары білім алуға қатысты нені түсінуімізге көмектеседі? (Дан. 1:20; Иш. 54:13; Қор. 1-х. 3:18—20)

76-оқиға

Иерусалимнің күйреуі

  1. Суретте Иерусалим мен исраилдіктерге не болып жатыр?

  2. Езекиел деген кім және Ехоба оған қандай сұмдық нәрсе көрсетті?

  3. Исраилдіктер Ехобаны қадірлемегендіктен, ол не деп сөз берді?

  4. Исраилдіктер өзіне қарсы ереуілге шыққан соң Набуходоносор патша не істеді?

  5. Ехоба исраилдіктердің осындай сұмдық күйреуге ұшырауына неге жол берді?

  6. Қалайша Исраил жерінде бірде-бір жан қалмады және бұл қанша уақытқа жалғасты?

Қосымша сұрақтар:

  1. Патшалықтар 4-жазба 25:1—26 оқы.

    1. Седекия деген кім болған, онымен не болды, осылайша Киелі кітаптың пайғамбарлығы қалай орындалды? (Пат. 4-ж. 25:5—7; Езек. 12:13—15)

    2. Ехоба Исраилдің барлық опасыздығы үшін кімді жауапқа тартты? (Пат. 4-ж. 25:9, 11, 12, 18, 19; Шеж. 2-ж. 36:14, 17)

  2. Езекиел 8:1—18 оқы.

    Мәсіхшілер әлемі жолдан тайған әрі күнге табынатын исраилдіктерге қалай еліктейді? (Езек. 8:16; Иш. 5:20, 21; Жох. 3:19—21; Тім. 2-х. 4:3)

77-оқиға

Олар жығылып табынбайды

  1. Бабыл патшасы Набуходоносор халыққа қандай әмір берді?

  2. Даниялдың үш досы алтын мүсіннің алдында неге жығылып табынбады?

  3. Набуходоносор үш еврейдің жығылып табынуларына тағы бір мүмкіндік бергенде, олар Ехобаға сенім артатындарын қалай көрсетті?

  4. Набуходоносор Шидрақ, Мишақ және Абденагоға не істеуді әмір етті.

  5. Набуходоносор пешке қарағанда не көрді?

  6. Патша Шидрақ, Мишақ және Абденагоның Құдайын неге мадақтайды және олар біз үшін қандай үлгі болып табылады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Даниял 3:1—30 оқы.

    1. Құдайдың барлық қызметшілері мінсіздіктері сыналғанда, үш еврей жігіт танытқан қандай көзқарасқа еліктеулері керек? (Дан. 3:17, 18; Мат. 10:28; Рим. 14:7, 8)

    2. Ехоба не істеді, Набуходоносор бұдан қандай маңызды сабақ алды? (Дан. 3:28, 29; 4:31, 32)

78-оқиға

Қолдың қабырғаға жазуы

  1. Бабыл патшасы үлкен қонақасын бергенде және Иерусалимдегі Ехобаның ғибадатханасынан тоналған ыдыс-аяқтармен шарап ішіп отырғанда не болды?

  2. Балтасар данышпандарына не дейді, бірақ олар не істей алмады?

  3. Патшаның анасы оған қандай кеңес берді?

  4. Даниялдың айтуы бойынша, Жаратқан Ие осы сөздерді қолға не үшін жаздырды?

  5. Даниял қабырғадағы сөздердің мәнін қалай түсіндіріп береді?

  6. Даниял әлі сөйлеп тұрғанда не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Даниял 5:1—31 оқы.

    1. Құдай алдындағы қорқыныш пен дуалға жазған қолды көргендегі, Балтасардың сезінген қорқынышын салыстырыңдар (Дан. 5:6, 7; Заб. 18:10; Рим. 8:35—39).

    2. Даниял Балтасар мен оның нөкерлеріне сөйлегенде, қалайша асқан батылдық танытты? (Дан. 5:17, 18, 22, 26—28; Ел. іс. 4:29)

    3. Даниял кітабының 5-тарауы Ехобаның әлемдік билігіне қалайша баса назар аударады? (Дан. 4:14, 22; 5:21)

79-оқиға

Даниял арыстандары бар апанда

  1. Дари деген кім және ол Даниялға қалай қарайды?

  2. Кейбір күншіл адамдар Дариге не істетті?

  3. Даниял жаңа заңды естігенде не істейді?

  4. Неге Даридің ұнжырғасы түскені сонша, тіпті ұйқыдан қалады және таң атысымен не істейді?

  5. Даниял Дариге не деп жауап берді?

  6. Даниялдан құтылғысы келген залым адамдармен не болды және Дари өз патшалығындағы тұрғындардың бәріне не деп жазды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Даниял 6:1—28 оқы.

    1. Даниялға жасалған қастандық бүгінде Ехоба Куәгерлерінің ісін тоқтату үшін жасалатын қарсыластардың әрекетін қалай есімізге салады? (Дан. 6:7; Заб. 93:20; Иш. 10:1; Рим. 8:31)

    2. Құдайдың бүгінгі қызметшілері “мемлекеттік билігі барларға” бағынышты болып қалуға келгенде, Даниялға қалай еліктей алады? (Дан. 6:5, 10; Рим. 13:1; Ел. іс. 5:29)

    3. Ехобаға “үздіксіз” қызмет етуге қатысты Даниялға қалай еліктей аламыз? (Дан. 6:16, 20; Філіп. 3:16; Аян 7:15)

80-оқиға

Құдай халқының Бабылдан шығуы

  1. Суретте исраилдіктер не істеп жатыр?

  2. Кир Ехобаның Ишая арқылы айтқан пайғамбарлығын қалай орындады?

  3. Кир Иерусалимге қайта алмайтын исраилдіктерге не айтты?

  4. Кир Иерусалимге қайтатын адамдарға нені табыс етті?

  5. Исраилдіктер Иерусалимге қанша уақытта жетті?

  6. Жер қаңырап мүлдем бос қалғаннан бері қанша жыл өтті?

Қосымша сұрақтар:

  1. Ишая 44:28; 45:1—4 оқы.

    1. Ехоба Кирге қатысты пайғамбарлықтың дәл орындалатынына қалай баса назар аударды? (Иш. 55:10, 11; Рим. 4:17)

    2. Ишаяның Кир жөніндегі пайғамбарлығы Ехобаның болашақты айтып бере алатын қабілетін қалай көрсетеді? (Иш. 42:9; 45:21; 46:10, 11; Пет. 2-х. 1:20)

  2. Езра 1:1—11 оқы.

    Иерусалимге қайта алмаған адамдарға еліктей отырып, бүгін толық уақыт қызмет ете алатын адамдарға қалай қолдау көрсете аламыз? (Езра 1:4, 6; Рим. 12:13; Қол. 4:12)

81-оқиға

Құдайдың көмегіне арқа сүйеді

  1. Бабылдан Иерусалимге дейінгі ұзақ жолды қанша адам жүріп өтті, бірақ олар келіп жеткенде не көрді?

  2. Келген соң исраилдіктер қандай іске кіріседі, алайда олардың жаулары не істеді?

  3. Нағай, Зәкәрия деген кімдер және олар халыққа не айтты?

  4. Татнай неге Бабылға хат жолдайды және ол қандай жауап алды?

  5. Езра Құдайдың ғибадатханасын жөндеу керек екенін білгенде не істеді?

  6. Суретте Езра не деп дұға айтып тұр, ол дұғасына қалай жауап алды және біз бұдан не үйренеміз?

Қосымша сұрақтар:

  1. Езра 3:1—13 оқы.

    Егер тұрып жатқан жерімізде Құдай халқының қауымы жоқ болса, не істей беруіміз керек? (Езра 3:3, 6; Ел. іс. 17:16, 17; Ев. 13:15)

  2. Езра 4:1—7 оқы.

    Зоробабел Ехобаның халқына дінаралық әрекеттерге қатысты қандай үлгі қалдырған? (Мыс. ш. 34:12; Қор. 1-х. 15:33; Қор. 2-х. 6:14—17)

  3. Езра 5:1—5, 17 және 6:1—22 оқы.

    1. Неге қарсыластар құрылыс жұмысын тоқтата алмады? (Езра 5:5; Иш. 54:17)

    2. Яһуди ақсақалдарының әрекеті мәсіхші ақсақалдарды қарсыластармен кезіккенде, Ехобаның басшылығын іздеуге қалай талпындырады? (Езра 6:14; Заб. 31:8; Рим. 8:31; Жақ. 1:5)

  4. Езра 8:21—23, 28—36 оқы.

    Қандай да бір істі бастамас бұрын, Езраның қандай үлгісіне еліктегеніміз жақсы болар еді? (Езра 8:23; Заб. 126:1; Нақ. с. 10:22; Жақ. 4:13—15)

82-оқиға

Мардохай мен Естер

  1. Мардохай және Естер деген кімдер?

  2. Неге Артаксеркс патша басқа әйел алғысы келеді және ол кімді таңдады?

  3. Аман деген кім және оның неге зығырданы қайнады?

  4. Қандай жарлық шықты және Естер Мардохайдан хабар алған соң не істеді?

  5. Аманға не болды, Мардохайға ше?

  6. Исраилдіктер жауларынан қалай аман қалды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Естер 2:12—18 оқы.

    Естер ‘мейірімді де сабырлы жан дүниені’ дамытудың маңызды екенін қалай көрсетті? (Ест. 2:15; Пет. 1-х. 3:1—5)

  2. Естер 4:1—17 оқы.

    Естерге шынайы ғибадатты жақтауға мүмкіндік берілгені сияқты бізге де Ехобаға деген берілгендігімізді және адалдығымызды көрсету үшін қандай мүмкіндік берілген? (Ест. 4:13, 14; Мат. 5:14—16; 24:14)

  3. Естер 7:1—6 оқы.

    Қалайша бүгінде Құдайдың көп қызметшілері Естер сияқты қуғын-сүргінге ұшырау қаупі төнсе де, қатерге бас тігеді? (Ест. 7:4; Мат. 10:16—22; Пет. 1-х. 2:12)

83-оқиға

Иерусалим қорғаны

  1. Иерусалимнің қоршауы болмағандықтан, исраилдіктер өздерін қалай сезінді?

  2. Нехемия деген кім?

  3. Нехемия қандай қызмет атқарады және неге бұл — жауапты жұмыс?

  4. Қандай хабар Нехемияны қатты қамықтырды және ол не істеді?

  5. Артаксеркс патша Нехемияға қалай мейірімділік көрсетті?

  6. Қалайша Нехемия құрылысты Исраилдің жаулары кедергі жасай алмайтындай етіп ұйымдастырды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Нехемия 1:4—6; 2:1—20 оқы.

    Нехемия Ехобаның басшылығын қалай іздеген? (Нех. 2:4, 5; Рим. 12:12; Пет. 1-х. 4:7)

  2. Нехемия 3:3—5 оқы.

    Ақсақалдар мен қызмет көмекшілері текоғалықтар мен олардың ішіндегі ақсүйектердің әрекеттерінің айырмашылықтарынан қандай сабақ алуларына болады? (Нех. 3:5, 27; Сал. 2-х. 3:7—10; Пет. 1-х. 5:5)

  3. Нехемия 4:1—23 оқы.

    1. Исраилдіктерді қатты қарсылықтарға қарамастан, құрылыс жұмысын жалғастыра беруге не талпындырды? (Нех. 4:6, 8, 9; Заб. 49:15; Иш. 65:13, 14)

    2. Исраилдіктердің үлгісі бізді қалайша жігерлендіреді?

  4. Нехемия 6:15 оқы.

    Иерусалим қорғанының екі айдың ішінде аяқталғанынан сенімнің күші жайында не білеміз? (Заб. 55:4, 5; Мат. 17:20; 19:26)

84-оқиға

Періштенің Мәриямға келуі

  1. Суреттегі қыз кім?

  2. Жәбірейіл Мәриямға не айтты?

  3. Жәбірейіл Мәриямға еркекпен жақындаспаса да, балалы болатынын қалай түсіндірді?

  4. Мәриям туысқан апасы Елізабетке келгенде не болды?

  5. Жүсіп Мәриямның жүкті екенін естігенде не ойлады, бірақ неге ол ойынан қайтты?

Қосымша сұрақтар:

  1. Лұқа 1:26—56 оқы.

    1. Лұқа 1:35-тен Құдай Ұлының өмірі Мәриямның жатырына салынғанда, Адам атадан қалған кемелсіздіктің оған әсер етпегені қалай көрінеді? (Нағай 2:11—13; Жох. 6:69; Ев. 7:26; 10:5)

    2. Исаға туылмай тұрып-ақ қалай құрмет көрсетілді? (Лұқ. 1:41—43)

    3. Мәриям қызметте ерекше міндет алған бүгінгі мәсіхшілер үшін қандай керемет үлгі қалдырды? (Лұқ. 1:38, 46—49; 17:10; Нақ. с. 11:2)

  2. Матай 1:18—25 оқы.

    Исаға Еммануил деп ат қойылмаса да, оның адам ретінде атқарған рөлі қалайша осы есімнің мағынасына лайық болды? (Мат. 1:22, 23; Жох. 14:8—10; Ев. 1:1—3)

85-оқиға

Исаның мал қорада туылуы

  1. Суреттегі бөбек кім және Мәриям оны қай жерге жатқызды?

  2. Неге Иса мал қорада дүниеге келді?

  3. Суреттегі мал қораға кіріп келе жатқан адамдар кімдер, періште оларға не айтты?

  4. Исаның ерекшелігі неде?

  5. Неге Исаны Құдай Ұлы деп айтуға болады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Лұқа 2:1—20 оқы.

    1. Август патша Исаның туылуына қатысты пайғамбарлықтың орындалуына қалай септігін тигізді? (Лұқ. 2:1—4; Миха 5:2)

    2. Жеке адамдар Құдай ‘риза болған адамдардың’ қатарына қалай қосылуларына болады? (Лұқ. 2:14; Мат. 16:24; Жох. 17:3; Ел. іс. 3:19; Ев. 11:6)

    3. Егер қарапайым яһуди қойшылары дүниеге Құтқарушы келгенде қуанған болса, Құдайдың бүгінгі қызметшілерінің қуануға одан да үлкен қандай себептері бар? (Лұқ. 2:10, 11; Ефес. 3:8, 9; Аян 11:15; 14:6)

86-оқиға

Жұлдыздың жетегіндегі адамдар

  1. Суреттегі адамдар кімдер, неге олардың біреуі жарқыраған жұлдызды көрсетіп тұр?

  2. Ирод патша неге әбігерге түсті және ол не істеді?

  3. Жарқыраған жұлдыз суреттегі адамдарды қайда жетелеп барады, бірақ олар өз елдеріне неге басқа жолмен қайтып кетті?

  4. Ирод қандай бұйрық берді және неге?

  5. Ехоба Жүсіпке не айтты?

  6. Жұлдыздың пайда болуына себеп болған кім және неге?

Қосымша сұрақтар:

  1. Матай 2:1—23 оқы.

    Жұлдыз санаушы ғұламалар Исаны көруге келгенде, ол нешеде еді және қайда еді? (Мат. 2:1, 11, 16)

87-оқиға

Балғын Иса ғибадатханада

  1. Суретте Исаның жасы нешеде және ол қайда отыр?

  2. Жүсіп жыл сайын отбасымен бірге не істейді?

  3. Неге Жүсіп пен Мәриям үйлеріне қарай бір күн жол жүрген соң, Иерусалимге қайта оралды?

  4. Жүсіп пен Мәриям Исаны қайдан тапты және адамдар неге аң-таң болуда?

  5. Иса шешесі Мәриямға не деді?

  6. Құдай туралы білуге келгенде, қалай Иса сияқты болуымызға болады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Лұқа 2:41—52 оқы.

    1. Таурат заңында жыл сайынғы мерекеге қатысу тек ер адамдардан ғана талап етілгенімен, Жүсіп пен Мәриям бүгінгі ата-аналар үшін қандай үлгі болып табылады? (Лұқ. 2:41; Заң. қ. 16:16; 31:12; Нақ. с. 22:6)

    2. Иса бүгінгі жастарға ата-аналарына бағынуға қатысты қандай жақсы үлгі қалдырған? (Лұқ. 2:51; Заң. қ. 5:16; Нақ. с. 23:22; Қол. 3:20)

  2. Матай 13:53—56 оқы.

    Киелі кітапта есімдері аталған Исаның төрт бауыры кім және кейін олардың екеуі мәсіхшілер қауымы үшін қандай қызмет атқарды? (Мат. 13:55; Ел. іс. 12:17; 15:6, 13; 21:18; Ғал. 1:19; Жақ. 1:1; Яһд. 1)

88-оқиға

Жақияның Исаны шомылдыру рәсімінен өткізуі

  1. Суреттегі екі адам кім?

  2. Шомылдыру рәсімі қалай жасалады?

  3. Жақия әдетте шомылдыру рәсімінен кімді өткізеді?

  4. Иса қандай ерекше себеппен Жақиядан өзін шомылдыру рәсімінен өткізуді өтінді?

  5. Құдай Исаның шомылдыру рәсімінен өткеніне разы болғанын қалай көрсетті?

  6. Иса 40 күн бойы оңаша болу үшін айдалаға кеткенде не болды?

  7. Исаның алғашқы ізбасарларының немесе шәкірттерінің кейбіреулері кімдер және ол алғаш рет қандай керемет жасады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Матай 3:13—17 оқы.

    Иса шәкірттеріне шомылдыру рәсіміне қатысты қандай үлгі қалдырған? (Заб. 39:8, 9; Мат. 28:19, 20; Лұқ. 3:21, 22)

  2. Матай 4:1—11 оқы.

    Исаның Жазбаларды шебер қолданғаны бізді Киелі кітапты жүйелі түрде зерттеуге қалай талпындырады? (Мат. 4:5—7; Пет. 2-х. 3:17, 18; Жох. 1-х. 4:1)

  3. Жохан 1:29—51 оқы.

    Шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия шәкірттерінің назарын кімге аударған және оған қалай еліктеуімізге болады? (Жох. 1:29, 35, 36; 3:30; Мат. 23:10)

  4. Жохан 2:1—12 оқы.

    Исаның алғашқы кереметі Ехоба қызметшілеріне жақсы нәрсеге тыйым салмайтынын қалай көрсетті? (Жох. 2:9, 10; Заб. 83:12; Жақ. 1:17)

89-оқиға

Исаның ғибадатхананы тазартуы

  1. Неге ғибадатханада малдар сатылады?

  2. Иса не үшін ашуланды?

  3. Суреттен көрініп тұрғандай, Иса не істеді және ол көгершін сататындарға не деп бұйырды?

  4. Исаның ізбасарлары оның әрекетін көргенде, нені естеріне алды?

  5. Иса Ғалилеяға қайтарда қай өлкемен жүрді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жохан 2:13—25 оқы.

    Исаның ғибадатханадағы ақша айырбастаушыларды көргенде қатты ашуланғанын ескерер болсақ, Патшалық Сарайындағы сауда-саттыққа қатысты әрекеттерге қалай қарауымыз керек? (Жох. 2:15, 16; Қор. 1-х. 10:24, 31—33)

90-оқиға

Құдық басындағы әйел

  1. Иса Самариядағы құдықтың басына неге тоқтады және ол сол жердегі әйелге не деді?

  2. Әйел неге таңырқады, Иса оған не айтты және неге олай деді?

  3. Иса су туралы айтқанда, әйел не деп ойлап қалды, бірақ Иса шын мәнінде қандай су туралы айтты?

  4. Иса әйелдің өмірін айтып бергенде, ол неге аң-таң болды және Иса бұны қайдан білді?

  5. Құдықтың басындағы әйел туралы оқиғадан қандай сабақ ала аламыз?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жохан 4:5—43 оқы.

    1. Исаны үлгі тұта отырып, әр түрлі нәсілден және ортадан шыққан адамдарға қалай қарауымыз керек? (Жох. 4:9; Қор. 1-х. 9:22; Тім. 1-х. 2:3, 4; Тит. 2:11)

    2. Исаның шәкірті болу адамға қандай рухани пайда әкеледі? (Жох. 4:14; Иш. 58:11; Қор. 2-х. 4:16)

    3. Білгендерін басқаларға айтқысы келген Самариялық әйел сияқты біз де қалайша ризашылығымызды білдіруімізге болады? (Жох. 4:7, 28; Мат. 6:33; Лұқ. 10:40—42)

91-оқиға

Исаның таудағы тәлімі

  1. Суретте Иса қай жерде тәлім беріп отыр және оған басқалардан жақынырақ отырған кімдер?

  2. Он екі елшінің есімдері кім?

  3. Иса қандай Патшалық туралы уағыздаған?

  4. Иса адамдарға не туралы дұға етуді үйретті?

  5. Иса адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы не айтты?

Қосымша сұрақтар:

  1. Матай 5:1—12 оқы.

    Рухани мұқтаждығымызды мойындайтынымызды қалай көрсете аламыз? (Мат. 5:3, ЖД аудармасымен салыстыр; Рим. 10:13—15; Тім. 1-х. 4:13, 15, 16)

  2. Матай 5:21—26 оқы.

    Матай 5:23, 24-тегі сөздер бауырластармен қарым-қатынасымыз Ехобамен қарым-қатынасымызға әсер ететініне қалай назар аударады? (Мат. 6:14, 15; Заб. 132:1; Қол. 3:13; Жох. 1-х. 4:20)

  3. Матай 6:1—8 оқы.

    Мәсіхшілер бойларын аулақ ұстайтын өз әділдігіне сенімді болу қасиетінің кейбір түрлері қандай? (Лұқ. 18:11, 12; Қор. 1-х. 4:6, 7; Қор. 2-х. 9:7)

  4. Матай 6:25—34 оқы.

    Иса тіршілік қамына келгенде, Ехобаға сенім артуға қатысты нені үйреткен? (Мыс. ш. 16:4; Заб. 36:25; Філіп. 4:6)

  5. Матай 7:1—11 оқы.

    Матай 7:5-тегі әсерлі мысалдан не үйренеміз? (Нақ. с. 26:12; Рим. 2:1; 14:10; Жақ. 4:11, 12)

92-оқиға

Исаның өлгендерді қайта тірілтуі

  1. Суреттегі қыздың әкесі кім және ол әйелі екеуі неге қатты қайғырды?

  2. Жайыр Исаны тапқанда не істеді?

  3. Иса Жайырдың үйіне келе жатқанда не болды және жолда Жайырға қандай хабар жетті?

  4. Жайырдың үйіндегі адамдар неліктен Исаға күлді?

  5. Үш елшісі мен қыздың әке-шешесін ертіп, қыз жатқан бөлмеге кірген соң, Иса не істеді?

  6. Иса тағы да кімді тірілтті және бұл нені білдіреді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Лұқа 8:40—56 оқы.

    Иса қан кетіп ауырған әйелге қалай жанашырлық пен парасаттылық көрсетті және мәсіхші ақсақалдар бұдан не үйренулеріне болады? (Лұқ. 8:43, 44, 47, 48; Леуі. 15:25—27; Мат. 9:12, 13; Қол. 3:12—14)

  2. Лұқа 7:11—17 оқы.

    Жақынынан айырылған адамдар Исаның Наиндағы жесір әйелге деген сезімінен қалайша үлкен жұбаныш алады? (Лұқ. 7:13; Қор. 2-х. 1:3, 4; Ев. 4:15)

  3. Жохан 11:17—44 оқы.

    Иса жақын адамың қайтыс болғанда, қайғырғанда тұрған ештеңе жоқ екенін қалай көрсетті? (Жох. 11:33—36; Пат. 2-ж. 18:33; 19:1—4)

93-оқиға

Исаның көптеген адамды тамақтандыруы

  1. Шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия қандай сұмдық оқиғаға тап болды және бұл Исаға қалай әсер етті?

  2. Иса соңынан ерген халықты қалай тамақтандырды және қанша тамақ артылып қалды?

  3. Неге Исаның шәкірттерінің түнде зәрелері қалмады және Петірге не болды?

  4. Иса екінші рет мыңдаған халықты қалай тамақтандырды?

  5. Иса жерде Құдай тағайындаған Патша ретінде билік еткенде, өмір неге тамаша болады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Матай 14:1—32 оқы.

    1. Матай 14:23—32 дейін жазылған мәлімет Петірдің қандай адам екенін көрсетеді?

    2. Жазба орындарынан Петірдің кейін рухани толысып, қызу қанды мінезін жүгендегені қалай көрінеді? (Мат. 14:27—30; Жох. 18:10; 21:7; Ел. іс. 2:14, 37—40; Пет. 1-х. 5:6, 10)

  2. Матай 15:29—38 оқы.

    Иса Әкесінен алған игіліктерді бағалайтынын қалай көрсетті? (Мат. 15:37; Жох. 6:12; Қол. 3:15)

  3. Жохан 6:1—21 оқы.

    Бүгінде мәсіхшілер Исаның мемлекеттік билігі бар адамдарды сыйлауға қатысты көрсеткен үлгісіне қалай еліктей алады? (Жох. 6:15; Мат. 22:21; Рим. 12:2; 13:1—4)

94-оқиға

Ол кішкентай балаларды жақсы көреді

  1. Ұзақ сапардан келе жатқанда, елшілердің арасында қандай дау туды?

  2. Неге Иса кішкентай баланы шақырып алып, елшілердің ортасына тұрғызып қойды?

  3. Қай жағынан елшілер кішкентай бала сияқты болуды үйренулері керек еді?

  4. Бірнеше ай өте, Иса балаларды жақсы көретінін қалай көрсетті?

Қосымша сұрақтар:

  1. Матай 18:1—4 оқы.

    Неге Иса тәлім бергенде, мысалдарды қолданған? (Мат. 13:34, 36; Мар. 4:33, 34)

  2. Матай 19:13—15 оқы.

    Патшалықтың баталарын алғымыз келсе, балалардың қандай қасиеттеріне еліктеуіміз керек? (Заб. 24:9; 137:6; Қор. 1-х. 14:20)

  3. Марқа 9:33—37 оқы.

    Иса шәкірттерін беделді болуға талпынуға қатысты не нәрсеге үйреткен? (Мар. 9:35; Мат. 20:25, 26; Ғал. 6:3; Філіп. 2:5—8)

  4. Марқа 10:13—16 оқы.

    Исаға жақындау қаншалықты оңай болған және мәсіхші ақсақалдар оның үлгісінен не үйрене алады? (Мар. 9:30—34; Філіп. 2:1—4; Тім. 1-х. 4:12)

95-оқиға

Исаның тәлім беру тәсілі

  1. Бір кісі Исадан не деп сұрады және неге?

  2. Иса кейде тәлім беру үшін нені қолданған және бұған дейін яһудилер мен самариялықтар жөнінде не білген едік?

  3. Исаның әңгімесінде Иерихонға келе жатқан яһуди адам не нәрсеге тап болды?

  4. Сол жолмен келе жатқан яһудилік діни қызметкер мен леуілік не істейді?

  5. Суреттегі соққы жеген яһудиге кім көмектесіп жатыр?

  6. Иса әңгімесін аяқтаған соң, не деп сұрады және әлгі кісі қалай жауап берді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Лұқа 10:25—37 оқы.

    1. Иса бірден жауап бере салудың орнына, Таурат заңын жақсы білетін адамның ой жүгіртуіне қалай көмектесті? (Лұқ. 10:26; Мат. 16:13—16)

    2. Иса өзін тыңдап тұрған адамдардың басқа ұлттың адамдарына деген бұрыс көзқарастарын түзету үшін мысалдарды қалай қолданған? (Лұқ. 10:36, 37; 18:9—14; Тит. 1:9)

96-оқиға

Исаның ауруларды айықтыруы

  1. Иса ел аралай жүріп не істеді?

  2. Иса шомылдыру рәсімінен өткен соң, үш жылдан аса уақыттан кейін елшілеріне не айтты?

  3. Суреттегі адамдар кімдер және Иса мына әйел үшін не істеді?

  4. Исаның жауабын естігенде, дінбасылар неге ұялып қалды?

  5. Иса елшілерімен бірге Иерихоннан шыға бергенде, ол қайыр сұрап отырған екі соқыр кісіге не істеді?

  6. Иса кереметтерді не үшін жасады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Матай 15:30, 31 оқы.

    Иса арқылы Ехобаның құдіреті қалай керемет түрде көрінді және бұл Ехобаның жаңа дүние туралы уәделеріне қатысты түсінігімізге қалай әсер ету керек? (Заб. 36:29; Иш. 33:24)

  2. Лұқа 13:10—17 оқы.

    Иса ең зор кереметтерінің кейбірін демалыс күні жасағаны оның Мыңжылдық билігінің кезінде адамзатқа қандай жеңілдік әкелетінін қалай көрсетеді? (Лұқ. 13:10—13; Заб. 45:10; Мат. 12:8; Қол. 2:16, 17; Аян 21:1—4)

  3. Матай 20:29—34 оқы.

    Осы мәлімет Исаның адамдарға көмектесуге әрқашан уақыт тапқанын қалай көрсетеді және біз бұдан не үйрене аламыз? (Заң. қ. 15:7; Жақ. 2:15, 16; Жох. 1-х. 3:17)

97-оқиға

Исаның Патша ретінде салтанатпен кіруі

  1. Иса Иерусалимге жақын орналасқан бір кішкентай ауылға келгенде, екі шәкіртіне не айтты?

  2. Суреттен көрініп тұрғандай, Иса Иерусалимге жақындағанда не болды?

  3. Исаның зағиптар мен мүгедектерді емдеп жатқанын көргенде, балалар не істеді?

  4. Иса ашу кернеген діни қызметкерлерге не деді?

  5. Исаны мадақтаған балаларға қалай ұқсауымызға болады?

  6. Шәкірттер нені білгісі келді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Матай 21:1—17 оқы.

    1. Исаның Иерусалимге Патша ретінде кіруі Римнің жеңімпаз қолбасшыларынан қалай ерекшеленді? (Мат. 21:4, 5; Зәк. 9:9; Філіп. 2:5—8; Қол. 2:15)

    2. Иса ғибадатханаға кіргенде, Забурдың 117-ші жырының үзіндісін келтірген балалардан жастар не үйрене алады? (Мат. 21:9, 15; Заб. 117:25, 26; Тім. 2-х. 3:15; Пет. 2-х. 3:18)

  2. Жохан 12:12—16 оқы.

    Исаны қарсы алған адамдардың пальма бұтақтарын ұстап шыққандары ненің бейнесі болды? (Жох. 12:13; Філіп. 2:10; Аян 7:9, 10)

98-оқиға

Зәйтүн тауының басында

  1. Суреттегілердің қайсысы Иса және оның қасындағылар кімдер?

  2. Діни қызметкерлер ғибадатханада Исаға не істемекші болған еді, Иса оларға не деген еді?

  3. Елшілер Исадан не жөнінде сұрады?

  4. Иса елшілеріне өзі Патша ретінде көкте билік еткенде, жер бетінде болатын кейбір оқиғаларды неге әңгімелеп берді?

  5. Иса жер бетіндегі зұлымдықтың бәрін жоймас бұрын не болатынын айтты?

Қосымша сұрақтар:

  1. Матай 23:1—39 оқы.

    1. Жазбаларда осы дүниедегі лауазымдарды қолдануға болатыны көрсетілгенімен, Матай 23:8—11 тармақтардағы Исаның сөздерінен мәсіхшілер қауымында жағымпаздықпен лауазымдар қолдануға қатысты не білеміз? (Ел. іс. 26:25; Рим. 13:7; Пет. 1-х. 2:13, 14)

    2. Парызшылдар адамдардың мәсіхші болуларына кедергі жасау үшін не қолданған және бүгінде дінбасылар соған ұқсас қандай тәсілдер қолданады? (Мат. 23:13; Лұқ. 11:52; Жох. 9:22; 12:42; Сал. 1-х. 2:16)

  2. Матай 24:1—14 оқы.

    1. Матай 24:13-те табанды болудың маңызды екеніне қалай назар аударылған?

    2. Матай 24:13-тегі ‘ақыры’ деген сөз нені білдіреді? (Мат. 16:27; Рим. 14:10—12; Қор. 2-х. 5:10)

  3. Марқа 13:3—10 оқы.

    Ізгі хабарды уағыздаудың күттірмейтін іс екенін Марқа 13:10-дағы қандай сөзден көруге болады және Исаның сөздері бізге қалай әсер ету керек? (Рим. 13:11, 12; Қор. 1-х. 7:29—31; Тім. 2-х. 4:2)

99-оқиға

Жоғарғы бөлмеде

  1. Суреттен қараңдаршы, Иса мен оның 12 елшісі жоғарғы бөлмеге неге жиналды?

  2. Кетіп бара жатқан адам кім және ол не істемекші?

  3. Иса Құтқарылу мейрамына арналған ас аяқталған соң, қандай ерекше асты бастады?

  4. Құтқарылу мейрамы исраилдіктердің естеріне қандай оқиғаны салушы еді, ал ерекше ас Исаның ізбасарларының есіне нені салады?

  5. Иеміздің кешкі асынан соң, Иса ізбасарларына не айтты және олар не істеді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Матай 26:14—30 оқы.

    1. Матай 26:15-тен Яһуданың Исаны әдейілеп сатып кеткені қалай көрінеді?

    2. Исаның қаны қандай екі түрлі мақсатпен төгілді? (Мат. 26:27, 28; Ер. 31:31—33; Ефес. 1:7; Ев. 9:19, 20)

  2. Лұқа 22:1—39 оқы.

    Шайтан қай мағынада Яһуданың жүрегіне кірді? (Лұқ. 22:3; Жох. 13:2; Ел. іс. 1:24, 25)

  3. Жохан 13:1—20 оқы.

    1. Жохан 13:2-дегі мәліметті ескерер болсақ, Яһуда өз ісі үшін жауапты болды ма және Құдайдың қызметшілері бұдан қандай сабақ алуларына болады? (Жар. 4:7; Қор. 2-х. 2:11; Ғал. 6:1; Жақ. 1:13, 14)

    2. Иса сабақ боларлық қандай әсерлі үлгі көрсетті? (Жох. 13:15; Мат. 23:11; Пет. 1-х. 2:21)

  4. Жохан 17:1—26 оқы.

    Иса ізбасарлары үшін дұға еткенде, “біртұтас болсын” деп қай мағынада айтқан? (Жох. 17:11, 21—23; Рим. 13:8; 14:19; Қол. 3:14)

100-оқиға

Иса бақта

  1. Иса мен оның елшілері жоғарғы бөлмеден шығып, қайда бет алды және ол оларды не істеуге талпындырды?

  2. Иса елшілерінің қасына келгенде не көрді және бұл неше рет қайталанды?

  3. Баққа кім келді және суреттен көрініп тұрғандай, Яһуда Исқариот не істеді?

  4. Яһуда Исаны неге сүйді, ал Петір не істеді?

  5. Иса Петірге не деді, бірақ Иса Құдайдан періштелерін жіберуді неге сұрамады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Матай 26:36—56 оқы.

    1. Иса шәкірттеріне қалай кеңес берген және бүгінде мәсіхші ақсақалдар бұдан қандай жақсы үлгі алады? (Мат. 20:25—28; 26:40, 41; Ғал. 5:17; Ефес. 4:29, 31, 32)

    2. Иса біреудің адамға қарсы қару қолдануына қалай қараған? (Мат. 26:52; Лұқ. 6:27, 28; Жох. 18:36)

  2. Лұқа 22:39—53 оқы.

    Гетсимани бағында Исаны нығайту үшін періштенің келгені Исаның сенімі әлсіреп қалды дегенді білдіре ме? Түсіндіріп беріңдер. (Лұқ. 22:41—43; Иш. 49:8; Мат. 4:10, 11; Ев. 5:7)

  3. Жохан 18:1—12 оқы.

    Иса шәкірттерін қарсыластарынан қалай қорғаған және оның үлгісінен не үйренуімізге болады? (Жох. 10:11, 12; 18:1, 6—9; Ев. 13:6; Жақ. 2:25)

101-оқиға

Исаның өлімі

  1. Исаның өліміне ең бірінші кім жауапты?

  2. Исаны діни қызметкерлер тұтқындағанда, елшілер не істеді?

  3. Бас діни қызметкер Қаяфаның үйінде не болды?

  4. Неге Петір сыртқа шығып, қатты жылады?

  5. Исаны қайтадан Пилатқа алып келгенде, діни қызметкерлер не деп айқайлады?

  6. Жұма күні күндіз Исаға не істеді және ол қасындағы бөренеге шегеленген қарақшыға қандай уәде берді?

  7. Иса айтқан Жұмақ қайда болады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Матай 26:57—75 оқы.

    Яһуди Жоғарғы кеңесінің мүшелері жүректерінің зұлым екенін қалай көрсетті? (Мат. 26:59, 67, 68)

  2. Матай 27:1—50 оқы.

    Яһуданың шын жүректен өкінбегенін қайдан білеміз? (Мат. 27:3, 4; Мар. 3:29; 14:21; Қор. 2-х. 7:10, 11, ЖД аудармасымен салыстыр)

  3. Лұқа 22:54—71 оқы.

    Исаға сатқындық жасалып, тұтқындалған түні Петірдің одан танғанынан қандай сабақ аламыз? (Лұқ. 22:60—62; Мат. 26:31—35; Қор. 1-х. 10:12)

  4. Лұқа 23:1—49 оқы.

    Иса әділетсіздікке кезіккенде, өзін қалай ұстады және бұдан қандай сабақ алуымызға болады? (Лұқ. 23:33, 34; Рим. 12:17—19; Пет. 1-х. 2:23)

  5. Жохан 18:12—40 оқы.

    Петір бір сәт адам алдындағы қорқынышқа бой алдырып қойғанымен, өз-өзіне келіп, керемет елші болған оқиғадан не көрінеді? (Жох. 18:25—27; Қор. 1-х. 4:2; Пет. 1-х. 3:14, 15; 5:8, 9)

  6. Жохан 19:1—30 оқы.

    1. Иса дүние-мүлікке қатысты қандай байсалды көзқарас ұстанған? (Жох. 2:1, 2, 9, 10; 19:23, 24; Мат. 6:31, 32; 8:20)

    2. Исаның өліп бара жатқанда айтқан сөздері оның Ехобаның билігінің жағында екенін салтанатты түрде қалай паш етті? (Жох. 16:33; 19:30; Пет. 2-х. 3:14; Жох. 1-х. 5:4)

102-оқиға

Иса тірі

  1. Суреттегі әйел кім, ал қалған екеуі кім, олар қай жерде тұр?

  2. Неге Пилат діни қызметкерлерге Исаның қабірін күзетуге сарбаздар жіберуді бұйырды?

  3. Исаның өлгеніне үш күн болғанда, таң атысымен періште не істеді, бірақ діни қызметкерлер не істеді?

  4. Әйелдер Исаның қабіріне келгенде, неге аң-таң болды?

  5. Петір мен Жохан неге Исаның қабіріне қарай жүгірді және олар не көрді?

  6. Исаның денесі қайда, бірақ ол өзінің тірі екенін шәкірттеріне көрсету үшін не істеді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Матай 27:62—66; 28:1—15 оқы.

    Иса қайта тірілгенде, қалай бас діни қызметкерлер, парызшылдар және рубасылар киелі рухқа қарсы күнә жасады? (Мат. 12:24, 31, 32; 28:11—15)

  2. Лұқа 24:1—12 оқы.

    Исаның қайта тірілуі туралы мәлімет Ехобаның әйелдерге сенім артуға болатын куәгерлер ретінде қарайтынын қалай көрсетеді? (Лұқ. 24:4, 9, 10; Мат. 28:1—7)

  3. Жохан 20:1—12 оқы.

    Жохан 20:8, 9 егер Киелі кітап пайғамбарлығын толық түсінбесек, шыдамды болуымыз керек екенін қалай көрсетеді? (Жох. 20:8, 9; Нақ. с. 4:18; Мат. 17:22, 23; Лұқ. 24:5—8; Жох. 16:12)

103-оқиға

Кілттеулі есік арқылы бөлмеге ену

  1. Мәриям бағбан деп ойлап қалған адамына не деп айтты, бірақ оның Иса екенін қалай білді?

  2. Еммаус деген ауылға бара жатқан екі шәкірт қандай жайтты бастарынан кешті?

  3. Екі шәкірт елшілерге Исаны көргендерін айтып жатқанда, қандай таңғаларлық жағдай болды?

  4. Иса ізбасарларына қанша рет көрінді?

  5. Шәкірттер Исаны көргендерін айтқанда, Тома не деді, бірақ сегіз күннен кейін не болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жохан 20:11—29 оқы.

    Исаның Жохан 20:23-тегі сөздері адамдарға күнәларды кешіруге билік берілген дегенді білдіре ме? Түсіндіріп беріңдер. (Заб. 48:3, 8; Иш. 55:7; Тім. 1-х. 2:5, 6; Жох. 1-х. 2:1, 2)

  2. Лұқа 24:13—43 оқы.

    Жүрегімізді Киелі кітап шындығын қабылдауға қалай дайындауымызға болады? (Лұқ. 24:32, 33; Езра 7:10; Мат. 5:3, ЖД аудармасымен салыстыр; Ел. іс. 16:14; Ев. 5:11—14)

104-оқиға

Исаның көкке оралуы

  1. Бір жолы Исаны қанша шәкірттері көрді және ол оларға не жөнінде айтты?

  2. Құдай Патшалығы деген не және Иса мың жыл бойы патшалық еткен кезде, жер беті қандай болады?

  3. Иса қанша күн бойы шәкірттеріне көрініп жүрді, бірақ ол үшін қандай мезгіл жетті?

  4. Шәкірттерін тастап кетердің алдында, Иса оларға не істеуді тапсырды?

  5. Суреттен қандай жағдайды көреміз және Иса шәкірттердің көзінен қалай таса болды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Қорынттықтарға 1-хат 15:3—8 оқы.

    Елші Пауыл Исаның қайта тірілуі туралы неге сонша сенімді сөйлеген және бүгінде мәсіхшілер не туралы сенімділікпен айта алады? (Қор. 1-х. 15:4, 7, 8; Иш. 2:2, 3; Мат. 24:14; Тім. 2-х. 3:1—5)

  2. Елшілердің істері 1:1—11 оқы.

    Елшілердің істері 1:8-де алдын ала айтылғандай, уағыздау ісі қандай көлемде тарады? (Ел. іс. 6:7; 9:31; 11:19—21; Қол. 1:23)

105-оқиға

Иерусалимде күту

  1. Суреттен көрініп тұрғандай, Исаның ізбасарлары Иерусалимде күтіп отырғандарында не болды?

  2. Иерусалимге келген адамдар неге таңғалды?

  3. Петір халыққа нені түсіндірді?

  4. Петірдің сөздері халыққа қалай әсер етті және Петір оларға не істеу керек екенін түсіндірді?

  5. Б. з. 33 жылының Алғашқы өнім мейрамында қанша адам шомылдыру рәсімінен өтті?

Қосымша сұрақтар:

  1. Елшілердің істері 2:1—47 оқы.

    1. Елшілердің істері 2:23, 36-да жазылған Петірдің сөздері Исаның өлімі үшін бүкіл Яһуди халқы жауапты болғанын қалай көрсетеді? (Сал. 1-х. 2:14, 15)

    2. Петір Жазбалар туралы пікір алысудың жақсы үлгісін қалай көрсеткен? (Ел. іс. 2:16, 17, 29, 31, 36, 39; Қол. 4:6)

    3. Петір Иса уәде еткен ‘Құдай Патшалығына жол ашатын кілттердің’ біріншісін қалай қолданды? (Ел. іс. 2:14, 22—24, 37, 38; Мат. 16:19)

106-оқиға

Түрмеден босатылу

  1. Бір күні Петір мен Жохан Иерусалим ғибадатханасына келе жатқанда не болды?

  2. Петір сал болған адамға не деді және оған ақшадан да бағалы не нәрсе берді?

  3. Діни қызметкерлерді неге ашу кернеді және олар Петір мен Жоханға не істеді?

  4. Петір діни қызметкерлерге не деді және елшілер олардан қандай ескерту алды?

  5. Діни қызметкерлердің бойын неге қызғаныш биледі, бірақ елшілер екінші рет түрмеге түскенде не болды?

  6. Елшілер Жоғарғы кеңестің алдына барғанда не деп жауап берді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Елшілердің істері 3:1—10 оқы.

    Бүгінде керемет жасайтын құдіретіміз болмаса да, Петірдің Елшілердің істері 3:6-да жазылған сөздері Патшалық туралы хабарды бағалауымызға қалай көмектеседі? (Жох. 17:3; Қор. 2-х. 5:18—20; Філіп. 3:8)

  2. Елшілердің істері 4:1—31 оқы.

    Қызметте қарсылықтарға кезіккенде, бірінші ғасырдағы бауырластарымызға қай жағынан еліктеуіміз керек? (Ел. іс. 4:29, 31; Ефес. 6:18—20; Сал. 1-х. 2:2)

  3. Елшілердің істері 5:17—42 оқы.

    Кейбір Куәгер емес адамдар өткен уақытта уағыздау ісіне қалай парасаттылықпен қараған және қазір қалай парасаттылықпен қарайды? (Ел. іс. 5:34—39)

107-оқиға

Степанның таспен ұрып өлтірілуі

  1. Степан деген кім және Құдайдың көмегімен ол не істеген еді?

  2. Степанның қандай сөздері діни қызметкерлерді қатты ашуландырды?

  3. Қарсыластар Степанды қаланың сыртына сүйреп шығарған соң не істеді?

  4. Суреттегі киімдерді күзетіп тұрған жігіт кім?

  5. Степан өлер алдында Ехобаға не деп дұға айтты?

  6. Степанға еліктей отырып, біреу бізге жамандық істесе, не істемеуіміз керек?

Қосымша сұрақтар:

  1. Елшілердің істері 6:8—15 оқы.

    Ехоба Куәгерлерінің уағыздау ісін тоқтату үшін бүгінде дінбасылар өтірікті қалай қолданады? (Ел. іс. 6:9, 11, 13)

  2. Елшілердің істері 7:1—60 оқы.

    1. Степан ненің арқасында жоғарғы соттың алдында ізгі хабарды сәтті қорғап шықты және оның үлгісінен не үйренеміз? (Ел. іс. 7:51—53; Рим. 15:4; Тім. 2-х. 3:14—17; Пет. 1-х. 3:15)

    2. Ісімізге қарсылық білдіретін адамдарға қатысты қандай көзқарас дамытуымыз керек? (Ел. іс. 7:58—60; Мат. 5:44; Лұқ. 23:33, 34)

108-оқиға

Дамаскіге барар жолда

  1. Степан өлгеннен кейін, Саул не істеді?

  2. Саул Дамаскіге бара жатқанда, қандай ғажайып нәрсе болды?

  3. Иса Саулға не істеуді тапсырды?

  4. Иса Ананиге қандай басшылық берді және қалай Саул қайтадан көретін болды?

  5. Саул қандай есіммен танымал болды және Ехоба оны қалай қолданды?

Қосымша сұрақтар:

  1. Елшілердің істері 8:1—4 оқы.

    Жаңа пайда болған мәсіхшілер қауымын қатты қудалау мәсіхшілер сенімінің таралуына қалай септігін тигізді және бүгінде осыған ұқсас қандай жағдай болуда? (Ел. іс. 8:4; Иш. 54:17)

  2. Елшілердің істері 9:1—20 оқы.

    Иса Саулға болашақта қандай үш түрлі міндет жүктейтінін білдірді? (Ел. іс. 9:15; 13:5; 26:1; 27:24; Рим. 11:13)

  3. Елшілердің істері 22:6—16 оқы.

    Ананияға қалай ұқсауымызға болады және неге бұл маңызды? (Ел. іс. 22:12; Тім. 1-х. 3:7; Пет. 1-х. 1:14—16; 2:12)

  4. Елшілердің істері 26:8—20 оқы.

    Пауылдың мәсіхшілікті қабыл алғаны бүгінде жұбайлары шындықты қабылдамаған бауырластарды қалай жігерлендіреді? (Ел. іс. 26:11; Тім. 1-х. 1:14—16; Тім. 2-х. 4:2; Пет. 1-х. 3:1—3)

109-оқиға

Петірдің Корнелге келуі

  1. Суреттегі тізерлеп отырған адам кім?

  2. Періште Корнелге не деді?

  3. Петір Иоппедегі Шимонның үйінің төбесінде отырғанда, Құдай оған не көрсетті?

  4. Неге Петір Корнелдің өзіне тізе бүгіп, табынбауы керек екенін айтты?

  5. Петірмен бірге келген яһуди шәкірттер неге таңғалды?

  6. Петірдің Корнелге келгенінен қандай маңызды сабақ аламыз?

Қосымша сұрақтар:

  1. Елшілердің істері 10:1—48 оқы.

    Елшілердің істері 10:42-де жазылған Петірдің сөздерінен Патшалық туралы ізгі хабарды уағыздауға қатысты не білеміз? (Мат. 28:19; Мар. 13:10; Ел. іс. 1:8)

  2. Елшілердің істері 11:1—18 оқы.

    Ехоба яһуди емес ұлттарға қатысты көзқарасы анық болғанда, Петір қандай көзқарас танытты және біз оған қалай еліктей аламыз? (Ел. іс. 11:17, 18; Қор. 2-х. 10:5; Ефес. 5:17)

110-оқиға

Тімоте — Пауылдың жаңа көмекшісі

  1. Суреттегі жас жігіт кім, ол қайда тұрады және оның анасы мен әжесінің есімдері кім?

  2. Пауыл Тімотеге Сыйлас екеуімен бірге шалғайдағы елдерде тұратын адамдарға уағыздауға баруды ұсынғанда, ол не деп жауап берді?

  3. Исаның ізбасарлары алғаш рет мәсіхшілер деп қай қалада атала бастады?

  4. Пауыл, Сыйлас және Тімоте үшеуі Антақиядан кеткен соң, қандай қалаларды аралады?

  5. Тімоте Пауылға қалай көмектесті және бүгінгі жастар өздеріне қандай сұрақ қойғандары дұрыс?

Қосымша сұрақтар:

  1. Елшілердің істері 9:19—30 оқы.

    Елші Пауыл қарсыластарға кезіккенде, қалай парасаттылық танытты? (Ел. іс. 9:22—25, 29, 30; Мат. 10:16)

  2. Елшілердің істері 11:19—26 оқы.

    Елшілердің істері 11:19—21, 26 тармақтар Ехобаның рухы уағыздау ісінің таралуына басшылық етіп отырғанын қалай көрсетеді?

  3. Елшілердің істері 13:13—16, 42—52 оқы.

    Елшілердің істері 13:51, 52-де шәкірттер қарсыластардың ұнжырғаларын түсіруіне жол бермегені қалай көрінеді? (Мат. 10:14; Ел. іс. 18:6; Пет. 1-х. 4:14)

  4. Елшілердің істері 14:1—6, 19—28 оқы.

    “Иеміздің қамқорлығына тапсырды” деген сөздер жаңа шәкірттерді ойлап, шектен тыс уайымдамауымызға қалай көмектеседі? (Ел. іс. 14:21—23; 20:32; Жох. 6:44)

  5. Елшілердің істері 16:1—5 оқы.

    Тімотенің сүндетке отыруға дайын болғаны “бәрін Ізгі хабардың таралуы үшін” істеудің маңыздылығына қалай ерекше назар аударады? (Ел. іс. 16:3; Қор. 1-х. 9:23; Сал. 1-х. 2:8)

  6. Елшілердің істері 18:1—11, 18—22 оқы.

    Елшілердің ісетрі 18:9, 10-нан уағыздау ісін басқаруға Исаның өзі атсалысатыны қалай көрінеді және бұл бізге қандай сенімділік береді? (Мат. 28:20)

111-оқиға

Бір жас жігіттің ұйықтап кетуі

  1. Суреттегі жерде жатқан жігіт кім, оған не болған?

  2. Жігіттің өліп қалғанын көргенде, Пауыл не істеді?

  3. Пауыл, Тімоте және олардың басқа да серіктері қайда бет алмақ және олар Мілитке тоқтағанда не болды?

  4. Агаб пайғамбар Пауылға не деп ескертті және пайғамбардың айтқаны қалай келді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Елшілердің істері 20:7—38 оқы.

    1. Пауылдың Елшілердің істері 20:26, 27-де жазылған сөздеріне сәйкес, қай кезде ‘ешкімнің қанын мойнымызға жүктемейміз’? (Езек. 33:8; Ел. іс. 18:6, 7)

    2. Неге ақсақалдар тәлім бергенде, ‘шынайы хабарды берік ұстанулары’ керек? (Ел. іс. 20:17, 29, 30; Тит. 1:7—9; Тім. 2-х. 1:13)

  2. Елшілердің істері 26:24—32 оқы.

    Пауыл Иса тапсырған уағыздау ісін атқару үшін Римдік азамат ретінде өз құқығын қалай пайдаланған? (Ел. іс. 9:15; 16:37, 38; 25:11, 12; 26:32; Лұқ. 21:12, 13)

112-оқиға

Кеменің апатқа ұшырап, адамдардың аралға шығуы

  1. Пауыл мінген кеме Крит аралына жақындағанда қандай жағдай болды?

  2. Пауыл кемедегілерге не деді?

  3. Кеменің қалай тас-талқаны шықты?

  4. Осы сапарға жауапты болған жүзбасы не деп бұйрық берді және жағаға қанша адам аман-есен шықты?

  5. Олар шыққан арал не деп аталады және ауа райы жақсарған кезде, Пауылға не істеді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Елшілердің істері 27:1—44 оқы.

    Пауылдың Римге сапар шеккені жайында оқығанда, Киелі кітаптың тура жазылғанына сеніміміз қалай арта түседі? (Ел. іс. 27:16—19, 27—32; Лұқ. 1:3; Тім. 2-х. 3:16, 17)

  2. Елшілердің істері 28:1—14 оқы.

    Егер Мальта аралындағы Ехобаға ғибадат етпейтін халықтың өзі Пауылға және онымен бірге апатқа тап болған адамдарға ‘әдеттен тыс адамгершілік танытқан’ болса, мәсіхшілер не танытулары керек және қалай? (Ел. іс. 28:1, 2; Ев. 13:1, 2; Пет. 1-х. 4:9)

113-оқиға

Пауыл Римде

  1. Пауыл Римдегі түрмеде отырғанда кімдерге уағыздады?

  2. Суреттегі үстелдің басында отырған адам кім және ол Пауыл үшін не істеп отыр?

  3. Епафродит деген кім және Філіпіге қайтқанда, ол өзімен бірге нені ала кетті?

  4. Пауыл өзінің жақын досы Філимонға не үшін хат жазды?

  5. Пауыл бостандыққа шыққан соң не істеді, бірақ кейінірек онымен не болды?

  6. Ехоба Киелі кітаптың соңғы кітаптарын кімге жаздырды және Аян кітабында не айтылады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Елшілердің істері 28:16—31 және Філіпіліктерге 1:13 оқы.

    Пауыл Римдегі түрмеде отырғанда, уақытын қалай пайдаланған және оның берік сенімі мәсіхшілер қауымына қалай әсер еткен? (Ел. іс. 28:23, 30; Філіп. 1:14)

  2. Філіпіліктерге 2:19—30 оқы.

    Пауыл Тімоте мен Епафродитке ризашылығын не деп білдірді және біз оның үлгісіне қалай еліктей аламыз? (Філіп. 2:20, 22, 25, 29, 30; Қор. 1-х. 16:18; Сал. 1-х. 5:12, 13)

  3. Філимонға 1—25 оқы.

    1. Пауыл Філимонның дұрыс іс жасауына не талпындырғанын қалады және бүгінгі ақсақалдар үшін бұл қалай басшылық болады? (Флм. 9; Қор. 2-х. 8:8; Ғал. 5:13)

    2. Філимонға 13, 14-те жазылған Пауылдың сөздерінен оның қауымдағы адамдардың ар-ұжданын сыйлайтыны қалай көрінеді? (Қор. 1-х. 8:7, 13; 10:31—33)

  4. Тімотеге 2-х. 4:7—9 оқы.

    Елші Пауыл сияқты ақырына дейін адал болып қалсақ, Ехобаның сыйына ие болатынымызға қалай сенімді болуымызға болады? (Мат. 24:13; Ев. 6:10)

114-оқиға

Зұлымдық атаулының жойылуы

  1. Неге Киелі кітапта аспандағы аттар жайында айтылады?

  2. Құдайдың жер бетіндегі жаман адамдарға қарсы соғысы не деп аталады және бұл соғыстың мақсаты не?

  3. Суреттен көрініп тұрғандай, соғыста кім қолбасшы болады, ол неге басына тәж киген және оның семсері нені білдіреді?

  4. 10, 15 және 33-оқиғаларды қарайтын болсақ, Құдайдың жаман адамдарды жоятынына неге таңғалмауымыз керек?

  5. 36 және 76-оқиғалардан Құдайдың жаман адамдарды, тіпті олар Құдайға ғибадат етіп жүрміз дейтін болса да, жоятыны қалай көрінеді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Аян 19:11—16 оқы.

    1. Жазбалар ақ боз атқа мінген тұлғаның Иса Мәсіх екенін қалай анық көрсетеді? (Аян 1:5; 3:14; 19:11; Иш. 11:4)

    2. Исаның жамылғысының қанға батқаны оның шешуші және толық жеңіске жететініне қалай көз жеткізеді? (Аян 14:18—20; 19:13; Иш. 63:1—6)

    3. Ақ боз атқа мінген Исаның соңынан ерген әскердің арасында кімдер болғанға ұқсайды? (Аян 12:7; 19:14; Мат. 25:31, 32)

115-оқиға

Жер бетіндегі жаңа жұмақ

  1. Киелі кітап жер бетіндегі біз өмір сүретін жұмақты қалай суреттейді?

  2. Киелі кітап жұмақта өмір сүретін адамдарға не уәде етеді?

  3. Иса осы таңғажайып өзгерістерді қашан іске асырады?

  4. Иса жерге келгенде, Құдай Патшалығының Патшасы болғанда не істейтінін көрсету үшін не істеді?

  5. Иса мен оның жанындағы патшалар көктен жер бетін басқарғанда не істейді?

Қосымша сұрақтар:

  1. Аян 5:9, 10 оқы.

    Мыңжылдық биліктің кезінде, жер бетіне билік жүргізетін патшалар мен діни қызметкерлердің жанашыр әрі мейірімді болатындарына неге сенімді болуымызға болады? (Ефес. 4:20—24; Пет. 1-х. 1:7; 3:8; 5:6—10)

  2. Аян 14:1—3 оқы.

    144 000-ның маңдайларына Әке мен Тоқтының аттарының жазылуы нені білдіреді? (Қор. 1-х. 3:23; Тім. 2-х. 2:19; Аян 3:12)

116-оқиға

Мәңгі өмір сүру үшін не істеуіміз керек

  1. Мәңгі өмір сүргіміз келсе, не істеуіміз керек?

  2. Суреттегі кішкентай қыз бен оның достары сияқты біз де Ехоба Құдай мен Иса туралы қалай білуімізге болады?

  3. Суреттен тағы қандай кітапты көріп тұрсың және неге біз оны жиі оқуымыз керек?

  4. Мәңгілік өмірге жету үшін Ехоба мен Иса туралы білгеннен басқа тағы не істеу керек?

  5. 69-оқиғадан қандай сабақ аламыз?

  6. 55-оқиғадан білгеніміздей, Самуил қандай жақсы үлгі қалдырған?

  7. Иса Мәсіхтің үлгісіне қалай еліктей аламыз және солай етсек, болашағымыз қандай болады?

Қосымша сұрақтар:

  1. Жохан 17:3 оқы.

    Ехоба Құдай мен Иса Мәсіх туралы білім алуға жай ғана мәліметтерді есте сақтау жатпайтынын Жазбалардан қалай көреміз? (Мат. 7:21; Жақ. 2:18—20; Жох. 1-х. 2:17)

  2. Забур 144:1—21 оқы.

    1. Ехобаны мадақтаудың кейбір себептері қандай? (Заб. 144:8—11; Аян 4:11)

    2. Ехоба қалай “бәріне шапағатын түсіреді” және қалай бұл бізді оған жақындата түседі? (Заб. 144:9; Мат. 5:43—45)

    3. Ехоба біз үшін қымбат болса, бұл бізді не істеуге талпындырады? (Заб. 118:171, 172, 175; 144:11, 12, 21)