Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Басқарушы кеңестің хаты

Басқарушы кеңестің хаты

Қадірменді жариялаушы!

Елестетіп көріңізші, сіз Зәйтүн тауында тұрған елшілердің бірісіз. Кенет алдыңызда Иса пайда болды. Көкке көтерілер алдында ол: “Өздеріңе киелі рух қонғанда күш-қуатқа ие болып, Иерусалимде, бүкіл Яһудея мен Самарияда және жердің қиыр шетіне дейін мен жайлы куәлік етесіңдер”,— деді (Ел. іс. 1:8). Мұны естігенде не сезінер едіңіз?

Бәлкім, бұл тапсырма сізге алынбас қамалдай көрінер. Сіз: “Саусақпен санарлықтай аз ғана шәкірт қалайша жердің қиыр шетіне дейін куәлік бермекші?”— деп ойларсыз. Одан қалса, Исаның өлер түні айтқан мына ескертуі де ойыңызға оралатын шығар: “Құл қожайынынан үлкен емес. Олар мені қудаласа, сендерді де қудалайды. Ал егер менің сөздерімді ұстанса, сендердікін де ұстанады. Олар осының бәрін сендерге менің атыма бола істейді, себебі мені жібергенді білмейді” (Жох. 15:20, 21). Осыны ойлағанда, “қарсылықтар мен қуғын-сүргінге қарамай, қалай түбегейлі куәлік беремін?” деп уайымдарсыз.

Мұндай сұрақтар біздің де санамызда туындайды. Бізге де, Ехоба куәгерлеріне, “жердің қиыр шетіне дейін” “барлық халықтарға” түбегейлі куәлік беру ісі тапсырылған (Мат. 28:19, 20). Бұл істі қалай атқара аламыз, әсіресе қуғын-сүргін кезінде?

Елшілердің істері кітабы бірінші ғасырдағы елшілер мен өзге де мәсіхшілер Ехобаның көмегімен тапсырмаларын қалай атқарғаны жайлы көңіл баурайтын оқиғаларға толы. Қолыңыздағы осы кітап көз ілеспес жылдамдықпен өрбіген сол қызықты оқиғаларға терең бойлауға арналған. Оны оқу барысында Құдайдың бірінші ғасырдағы қызметшілері мен бүгінгі халқының арасында көп ұқсастық бар екенін көріп таңғаласыз. Сіз уағыз ісіміз ғана емес, оның қалай ұйымдастырылғаны да ұқсас екенін байқайсыз. Бұл ұқсастықтар жайлы ой жүгіртсеңіз, Ехоба әліге дейін өзінің жердегі ұйымын жетелеп келе жатқанына көзіңіз жете түседі.

Елшілердің істері кітабын зерттей келе Ехобаның сізге де көмектесетініне, киелі рухымен қолдап-демейтініне сеніміңіз арта түседі деп үміттенеміз және сол үшін дұға етеміз. Бұл кітаптағы ойлар сізге әрі қарай да Құдай Патшалығы жайлы “түбегейлі куәлік беруге” және өзгелерді құтқарылу жолына бағыттауға серпін бергей! (Ел. іс. 28:23; Тім. 1-х. 4:16).

Бауырластарыңыз,

Ехоба куәгерлерінің Басқарушы кеңесі