Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

Неге Киелі кітаппен таныс болған дұрыс?

Неге Киелі кітаппен таныс болған дұрыс?

Сіз Киелі кітапты оқып көргенсіз бе? Таралымы жағынан бұл кітап кез келген кітаптан асып түседі. Дүниежүзінде көп адам Киелі кітапты жұбаныш пен үміттің әрі пайдалы кеңестердің қайнар көзі деп біледі. Алайда Киелі кітапты жақсы біле бермейтіндер де бар. Дінге жақынсыз ба, жоқ па, сіз онда не жазылғанын білгіңіз келетін шығар. Қолыңыздағы кітапша Киелі кітапта жалпы қандай мәлімет жазылғанын білуге көмектеседі.

КИЕЛІ КІТАПТЫ оқуды бастамас бұрын, ол туралы біраз жайтты біліп алғаныңыз жақсы болады. “Таурат, Забур және Інжіл” деген атаумен де белгілі бұл басылымға 66 кітап енген. Ол Жаратылыс кітабымен басталып, Аянмен аяқталады.

Киелі кітаптың авторы кім? Бұл өте қызықты сұрақ. Киелі кітапты шамамен 1600 жыл бойы 40-қа жуық адам жазған. Алайда олар өздерін оның авторымыз деп санамаған. Мысалы, олардың бірі: ‘Киелі жазбалардың бәрі Құдай Рухының жетелеуімен жазылған’,— деп айтқан (Тімотеге 2-хат 3:16). Ал өзге біреуі болса: “Мен арқылы Құдай Рухы сөйледі, аузымнан Оның сөзі шығып келді”,— деген (Патшалықтар 2-жазба 23:2). Осылайша Киелі кітапты жазған адамдар оның авторы Жаратушы Құдай екенін көрсеткен. Сондай-ақ олар Құдай адамдарды өзін жақыннан тануға шақыратынын білдірген.

Киелі кітапты түсіну үшін тағы бір жайтты білген маңызды. Кітаптың басынан аяғына дейін бір тақырып өрбиді. Бұл — Құдайдың адамдар үстінен билік етуге құқылы екенінің көктегі Патшалығы арқылы дәлелденуі. Мұны осы кітапшаны оқу барысында байқайтын боласыз.

Осы жайттарды есте ұстай отырып, Киелі кітапта не жазылғанын қарастырайық.

^ 9-абзац Осы кітапшада “б. з.” деген “біздің заманымыз”, ал “б. з. б.” “біздің заманымыздан бұрын” дегенді білдіреді. Бұл қысқартулар әр беттің төменгі жағындағы уақыт кестесінде қолданылған.