10-БӨЛІМ
Құдайды тыңдағандарды қандай баталар күтіп тұр?
Өлгендердің көбісі жер бетінде тіріледі (Елшілердің істері 24:15).
Ехоба Құдайды тыңдасаңыз, сізді қандай баталар күтіп тұрғанын ойлап көріңізші! Жұмақта денсаулығыңыз мықты болады. Ол жерде ешкім де ауырмайды. Жаман адамдар болмайды, сондықтан кез келген адамға сенім арта аласыз.
Қайғы-қасірет болмайды, ешкім қартайып өлмейді.
Жұмақта отбасыңыз бен достарыңыздың арасында қуанышқа толы өмір кешесіз.
Қорқыныш артта қалады. Адамдар нағыз бақытқа қол жеткізеді.