Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

4-САБАҚ

Біз “Жаңа дүние аудармасын” не үшін басып шығардық?

Біз “Жаңа дүние аудармасын” не үшін басып шығардық?

Конго (Киншаса)

Руанда

Мына Симмах қолжазбасының үзіндісінде Зәбүр 69:31-де кездесетін Құдайдың есімі көрсетілген (б. з. III не IV ғ.)

Ондаған жылдар бойы Ехоба куәгерлері Киелі кітаптың түрлі аудармаларын қолданып, оларды басып шығарып, таратып жүрді. Бірақ біз адамдарға “шындық жайлы тура білім” алуға көмектесетін жақсырақ аударма қажет екенін түсіндік, өйткені Құдайдың еркі сол еді (Тімөтеге 1-хат 2:3, 4). Содан, біз 1950 жылдан бастап тілі түсінуге жеңіл “Жаңа дүние аудармасының” жекелеген бөліктерін басып шығара бастадық. Кейіннен осы тура да сенімді аударма 160-тан аса тілге тәржімеленді.

Түсінуге жеңіл Киелі кітап қажет болды. Уақыт өте келе тіл өзгеріске ұшырайды, сондықтан көп аудармаларда мағынасы түсініксіз, көнерген сөздер көптеп кездесетін болды. Бұған қоса, анағұрлым тура әрі түпнұсқаға жақын көне қолжазбалар табылды. Осы қолжазбалар Киелі кітап жазылған еврей, арамей және грек тілдерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

Құдай сөзін тура жеткізетін аударма қажет болды. Аудармашылар Құдай рухының жетелеуімен жазылған Киелі жазбаларды еркінсіп аудармау керек, қайта, түпнұсқадағы ойларды тура жеткізулері тиіс. Алайда, өкінішке қарай, көп аудармаларда Құдайдың Ехоба деген есімі алынып тасталып отырды.

Авторын дәріптейтін Киелі кітап қажет болды (Самуилдің 2-жазбасы 23:2). Киелі кітаптың ең көне қолжазбаларында Ехобаның есімі шамамен 7000 рет кездеседі. “Жаңа дүние аудармасында” бұл есім өздерінің тиесілі жерлеріне қойылды (Зәбүр 83:18). Жылдар бойы жасалған мұқият зерттеулердің арқасында бұл аудармада Құдайдың көзқарасы тура жеткізілді. Сондықтан да оны оқу бір ғанибет! Сізде “Жаңа дүние аудармасы” бар болсын не жоқ болсын, біз сізді Ехобаның Сөзі Киелі кітапты күн сайын оқуға шақырамыз (Ешуа 1:8; Зәбүр 1:2, 3).

  • Неліктен біз Киелі кітаптың жаңа аудармасы қажет деп шештік?

  • Құдай еркін білгісі келген адамның күн сайын не істегені дұрыс?