Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

6-САБАҚ

Бауырластарымызбен араласудың қандай пайдасы бар?

Бауырластарымызбен араласудың қандай пайдасы бар?

Мадагаскар

Норвегия

Ливан

Италия

Тіпті ауа-райы қолайсыз болып тұрса да, я болмаса ну орманның ішімен жүруге тура келсе де, біз қауым кездесулерінен қалмауға тырысамыз. Ехоба куәгерлері кезігіп жүрген қиындықтарына не жұмыстан кейін шаршап тұрғандарына қарамастан, бір сенімдегі бауырластарымен араласу үшін неге сонша көп күш салады?

Қиындықтармен күресуге көмектеседі. Елші Пауыл “бір-бірімізге көңіл бөлейік” деп жазғанда, қауымда араласып жүрген бауырластарға меңзеген еді (Еврейлерге 10:24). Оның бұл сөздері бауырластармен жақынырақ танысуға әрі олардың қамын ойлауға талпындырады. Қауымдағыларды біле түскеніміздің арқасында олардың біздікіне ұқсас қиындықтарды шеше алғандарын әрі бізге де қол ұшын беруге дайын екендерін көреміз.

Нағыз достар таба аламыз. Қауым кездесулерінде көретін бауырластарымыз жай таныстарымыз емес, олар біздің нағыз достарымыз. Біз олармен басқа кездері де, мысалы демалғанда не көңіл көтергенде, бас қосып тұрамыз. Мұндай жылы қарым-қатынастың қандай пайдасы бар? Біз бір-бірімізді одан сайын бағалай түсеміз, ал бұл, өз кезегінде, арамыздағы сүйіспеншілікті арттырады. Бауырластарымызбен достығымыз берік болғандықтан, олар қиындыққа кезіккенде көмектесуге дайын боламыз (Нақыл сөздер 17:17). Қауымның барлық мүшесімен араласу арқылы біз бір-бірімізге қамқорлық көрсетеміз (Қорынттықтарға 1-хат 12:25, 26).

Біз сізді Құдайдың еркін орындайтын адамдармен достасуға шақырамыз. Мұндай адамдарды Ехоба куәгерлерінің арасынан таба аласыз. Бізбен араласуға ештеңенің кедергі етуіне жол бермеңіз.

  • Қауым кездесулерінде бауырластармен араласудың қандай пайдасы бар?

  • Жергілікті қауымға барып, бауырластармен қашан танысқыңыз келер еді?