Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

7-САБАҚ

Біздің кездесулеріміз қалай өтеді?

Біздің кездесулеріміз қалай өтеді?

Жаңа Зеландия

Жапония

Уганда

Литва

Ертедегі мәсіхшілер қауым кездесулерінде ән айтып, дұға ететін және Жазбаларды оқып, талқылайтын. Ол жерде қандай да бір діни рәсімдер жасалмайтын (Қорынттықтарға 1-хат 14:26). Бүгінде біздің кездесулеріміз де дәл осылай өтеді.

Киелі кітапқа негізделген пайдалы тәлім беріледі. Сенбі не жексенбі күндері әр қауым 30 минуттық Киелі кітапқа негізделген баяндама тыңдауға жиналады. Баяндамашы Киелі жазбалардағы сөздердің жеке өзімізге және өмір сүріп жатқан заманымызға қандай қатысы бар екенін көрсетеді. Барлығы да өз Киелі кітаптарын ашып, көз жүгіртіп отыруға шақырылады. Баяндамадан кейін бір сағаттық “Күзет мұнарасын” зерттеу кездесуі өтеді. Кездесудің бұл бөлімінде “Күзет мұнарасы” журналының зерттеуге арналған санындағы мақала қарастырылады. Келгендердің барлығы да талқылауға қатыса алады. Мұндай талқылаулар Киелі кітап кеңестерін өмірімізде қалай қолдана алатынымызды көруге көмектеседі. Дүниежүзі бойынша өтетін 119 000-нан астам қауым кездесуінде бірдей мәлімет қарастырылады.

Тәлім беру шеберлігімізді шыңдауға көмектеседі. Аптаның ортасында біз тағы бір кездесу өткіземіз. Үш бөлімнен тұратын бұл кездесу Мәсіхшілік өміріміз бен қызметіміз деп аталады, әрі оның бағдарламасы ай сайын шығып тұратын жұмыс дәптеріне негізделеді. Бұл кездесудің алғашқы бөлімі “Құдай Сөзінде жатқан қазына” деп аталады. Онда қауым мүшелері алдын ала оқып келген Киелі кітаптың белгілі бір үзіндісі қарастырылады. Сосын, “Қызметіміздің сапасын арттырайық” деп аталатын бөлімде Киелі кітап жайлы өзгелермен қалай сөйлесуге болатыны жайлы көрініс көрсетіледі. Сосын бір бауырлас оқу және сөйлеу қабілетімізді жақсартуға көмектесетін кеңестер береді (Тімөтеге 1-хат 4:13). Ал соңғы “Мәсіхшілік өміріміз” деп аталатын бөлімде күнделікті өмірімізге қатысты тиімді кеңестер естиміз. Бұл бөлімде сұрақ-жауап жүзінде өтетін талқылаулар болып тұрады, соның арқасында Киелі кітапты тереңірек түсінеміз.

Кездесулерімізге келер болсаңыз, Киелі кітапқа негізделген білімнің қаншалықты құнды екенін көріп, таңғалатыныңыз шүбәсіз (Ишая 54:13).

  • Ехоба куәгерлерінің кездесулеріне келсеңіз, қандай тәлім беріледі деп күтесіз?

  • Алдағы кездесулердің қайсысына барғыңыз келер еді?