Мазмұнға өту

Мазмұнын көру

8-САБАҚ

Неге біз қауым кездесулеріне ұқыпты киініп барамыз?

Неге біз қауым кездесулеріне ұқыпты киініп барамыз?

Исландия

Мексика

Гвинея-Бисау

Филиппин

Осы кітапшадағы суреттерден Ехоба куәгерлерінің қауымға ұқыпты киініп баратынын байқаған шығарсыз. Неге біз сырт көрінісімізге айрықша мән береміз?

Құдайға құрмет көрсету үшін. Құдайдың адам баласының сырт келбетінен гөрі, ішкі жан дүниесіне көбірек мән беретіні рас (Самуилдің 1-жазбасы 16:7). Десе де ғибадат етуге жиналғанда, біз Құдайдың өзіне және бір сенімдегі бауырластарымызға шын жүректен құрмет көрсеткіміз келеді. Мысалы, президентпен кездесуіміз керек болса, оның дәрежесін құрметтегендіктен дұрыстап киініп бармас па едік? Дәл сол сияқты қауым кездесулеріне ұқыпты киініп баруымызбен “мәңгілік Патша” Ехобаны және оған ғибадат ететін орынды құрметтейтінімізді көрсетеміз (Тімөтеге 1-хат 1:17).

Қандай құндылықтарды ұстанатынымызды көрсетеміз. Киім таңдауға келгенде, Киелі кітап мәсіхшілерді “қарапайым да есті болуға” шақырады (Тімөтеге 1-хат 2:9, 10). Қарапайым болу деген тым ерекше, ашық-шашық не денеге жабысып тұратын, тыртысқан тар киімдерді кимеуді білдіреді. Ал есті болғанымыз киім таңдағанда әдемісін, бірақ олпы-солпы не ерсі көрінбейтінін алуға талпындырады. Осы талаптарға сай келетін киім түрлері жетіп артылады және солардың арасынан өзімізге ұнағанын таңдай аламыз. Біз тек сөзімізбен ғана емес, тартымды да жарасымды сырт көрінісімізбен де “Құдайдың ілімін барлық жағынан көркейтіп”, оған мадақ әкеле аламыз (Титке 2:10; Петірдің 1-хаты 2:12). Иә, қауым кездесулеріне ұқыпты киініп баратын болсақ, өзгелерді де Ехобаға деген ғибадатқа құрметпен қарауға талпындырамыз.

Алайда қауымға баруға лайықты киімім жоқ деп, кездесулерге келуден тартынбаңыз. Біздің киіміміздің қымбат не тым сәнді болуы шарт емес, ең бастысы, ол ұқыпты да таза болу керек.

  • Құдайға ғибадат еткенде киім киісіміздің ұқыпты болғаны қаншалықты маңызды?

  • Киім таңдағанда қандай кеңестерді басшылыққа алғанымыз дұрыс?